1 дəріс. Əлеуметтануға кіріспе Жоспар: Əлеуметтануға кіріспе.Əлеуметтанулық қиял



бет11/52
Дата15.12.2023
өлшемі395,61 Kb.
#138465
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52
Байланысты:
Әлеуметтану экс

Сапалық және сандық әдістер

Сапалық деректер сандардан емес, талдауды қажет ететін хабарлы деректерден тұрады. Сапалық деректер белгілі бір проблеманы, белгілі бір іріктелген адамдар тобымен зерттеуге мүмкіндік береді. Сұхбат арқылы алынған сапалық деректер адамдардың туындаған проблема бойынша өз пайымдауларын түсіндіруге, өзінің қатысын анықтауға, олардың басымдықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сапалық деректер икемді болғандықтан, дерек жинау барысында зерттеу құралдары, хаттамаларға анықталған мәселелер бойынша толықтырулар мен өзгертулер енгізуге мүмкіндік болады. Зерттеушілер жалпы құрылымды сақтай отырып, жүйелі талдау жасай алады. Сандық деректерде белгілі бір туындаған проблема жайлы тександық мәлімет алсақ, сапалық деректер арқылы зерттеу саласы бойынша қандай проблема бар екенін анықтауға болады. Бұл деректер проблеманың туындау себебін анықтауға, салдарын терең зерттеуге тиімді. Сапалық деректерді жинау сандық деректерді жинауға қарағанда арзан және қолайлы. Алайда, кейбір құжаттарға қолжетімсіз болған жағдайда жинақталған деректер қорытынды жасауға жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды, зерттеу сұрағына нақты жауап алу үшін сапалық та, сандық та деректерді біріктіріп қолдану керек.Зерттеушінің басты құралы зерттеу әдістері мен дереккөздерін таңдау болып табылады. Дерек жинаудың тиімді деп танылған бір ғана әдісін қолдану зерттеудің сенімділігі меншынайылығына күмән келтіреді. Сондықтан зерттеу нысаны мен мақсатына қарай дерек жинаудың бірнеше әдісі қолданылуы арқылы деректердің валидтілігіне қол жеткізе аламыз. Ол үшін сіздерге үнді ғалымының зерттеуіндегі сапалық және сандық деректерді кезектесіп қолдануын мысал ретінде ұсынамыз . Үнді ғалымы Йодха (Jodha,1989) екі үнді ауылындағы кедейліктің таралуы жайлы зерттеу жүргізген. Сандық зерттеу әдісі арқылы орташа отбасы табысы жайлы сандық көрсеткіштер жинап, соның негізінде әртүрлі жанұяның әлеуметтік жағдайының өзгеруі жайлы графиктер жасайды. Сандық талдау нәтижесі бойынша сұралғандардың 38 пайызы 20 жыл ішінде кедейлене түскен. Йодха сонымен бірге тұрмыстық жағдайы нашарлаған фермерлерден сапалық деректер жинайды. Фермерлер 20 жыл бойы орын алған өзгерістер жайлы сөз қозғағанда, олар өз жанұя табысының төмендегені жайлы емес, төмен жалақы төлейтін қожайындарынан тәуелсіз болғаны жайлы айтқан. Олар өздерінің мобильді бола бастағанын, өз өнімділігінің артқанын айтты. Дегенмен, фермерлердің табысы азайғанымен, өз әлеуметтік жағдайын жақсарды деп ойлайтындығы анықталған. Неліктен кедей бола тұра, олар өздерінің тұрмыстық жағдайының жақсарды деп ойлайтындығын анықтау үшін Йодха сандық талдау жасайды. Анықталғаны: әлеуметтік жағдайы нашар болса да, олардың бақуатты қожайындарынан тәуелсіз болып, өз беттерінше жұмыс жасауында екен.Йодханың зерттеуі сандық және сапалық деректерді жинау әдістерін біріктіре және алмастыра қолдану арқылы ақпараттардың шынайылығы мен сенімділігіне қол жеткізудің керемет мысалы болып табылады. Дегенмен, М. Паттонның пікірінше, сандық деректер субъективтілік сөзіне синоним болған жағдайда сапалық деректер объективтілік сөзіне синоним бола алмайды. Демек, зерттеушінің субъективті көзқарасы талдау барысында деректердің шынайылығына әсерін тигізуі мүмкін. Филлипс Хансон: «Зерттеушінің бұрынғы тәжірибесі, тұжырымы мен қолданған теориясы зерттеуге қатты ықпал етеді» деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет