1 Дәріс Физиологияның зерттеу әдістері. Нейрогуморальды реттеу. Кіріспе. Жоспары


Тақырып: Организмде заттар мен энергияның алмасуы. Дәрумендер. Тамақтану



бет18/48
Дата04.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#23886
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Байланысты:
1 Дәріс.docx физ

Тақырып: Организмде заттар мен энергияның алмасуы. Дәрумендер. Тамақтану.

Жоспары:

1. Энергия алмасудың негіздері.

2. Белоктар, олардың табиғаты және физиологиялық  маңызы.

3. Лимидтер, олардың классификациясы және физиологиялық ролі.

4. Көмірсулар, олардың классификациясы және зат алмасудағы энергетикалық маңызы.

5. Витаминдер. Авитаминоз.

Лекция мақсаты: Білімгерлерге энергия алмасудың негіздері, белоктар, менидтер, көмірсулардың табиғаты және физиологиялық ролі, витаминдер жайлы түсінік беру.

1. Тірі организмдегі химиялық және дициналық өзгерістер жиынтығын зат алмасу деп аталады. Энергия алмасу деп организмде  энергия түрлерінің бір-біріне ауысуын, түрленуін және қуатты заттардың жинақталып, пайдалануын айтады.

Зат алмасу процесі үш кезеңде өтеді. Оның алғашқы кезеңі сыртқы ортадан қабылданған қоректік заттардың организмде механикалық, химиялық, биологиялық өңдеуден өтіп, қорытылуымен басталады. Сол себепті ас қорыту процесін зат алмасудың бастапқы сатысы деп аталады. Ас қорыту жолынан қоректік заттардың ыдырауы өнімдерінің қол мен лимфаға сіңуімен екінші кезең басталады.

Бұл кезеңде әр түрлі заттар түзіліп, қоректік заттар қуат көзі, құрылымдық материал ретінде пайдаланылып, ескірген құрылымдардың ыдырауы барысында көптеген аралық және ақырғы зат алмасу өнімдері пайда болады. Зат алмасудың соңғы, үшінші кезеңі, организмде пайда болған зат алмасу өнімдері т.б. организмде қалыпты жағдайда өтетін зат алмасу процесін жалпы зат алмасу деп аталады. Ол жоғарыда баяндалған  процестер мен кезеңдерді қамтиды да, көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты өзгеріп отырады. Толық тыныштық пен ашқарын жағдайында организмнің тіршіліктік маңызы зор физиологиялық процестерін қамтамасызететін зат алмасу деңгейін негізгі зат алмасу дейді. Негізгі зат алмасу процесін зерттеу үшін, үш түрлі шартты сақтау керек. Толық тыныштық, ашқарын жағдайы, сыртқы ортаның бейтарап температурасы малға тәжірибе жүзінде бұл шарттарды сақтау өте қиын, с/тан негізгі зат алмасу деңгейі тең адамда ғана анықталады.

Жануарларда жалпы зат алмасу деңгейін зерттейді. Негізгі зат алмасу деңгейі, дене массасының немесе беткейінің әрбір өлшеміне 12 сағат не 1 тәулік ішінде жұмсалатын кДж не Ккал энергиямен сипатталады. Ер адамда негізгі зат алмасу деңгейі, дененің 1 кг массасына 1 сағатта 4,19 кДж немесе  1 Ккал болады.

Қоректік заттың ас қорыту ағзаларынан  сіңірілгеннен кейін күрделі химиялық өзгерістерінің жиынтығын аралық зат алмасу деп атайды. Оның арқасында организм өзінің тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін және әртүрлі өнімдерді, өндіруге қажетті заттар мен энергияны игереді. Қоректік заттардың организмге қажетті құрамаларға айналуын қамтамасыз ететін химиялық өзгерістер тіркесін алмасу (метаболизм) жолы, ал оның нәтижесінде түзілген аралық не соңғы өнімдерді алмасу өнімдері, немесе метаболиттер деп аталады. Аралық зат алмасу белоктардың, көмірсулардың, майлардың, су мен минералды заттардың алмасуы болып  бөлінеді.

2. Белоктар – С1 Н1 О және N1 кейде S элементтерінен құралған күрделі органикалық қосылыстар биополимерлер. Олар әрбір торша мен оның цитоплазмасының негізін құрайды. Сол себепті өмір **** болып саналады, әр белоктың өзіне ғана тән құрылымдық  ерекшеліктері болады, сондықтан да олар нуклин қышқылдарымен бірлесе отырып, тірі табиғаттың  түрлік әртектілік материалдық негізін құрайды. Белок молекуласы табиғатына байланысты,  бір-бірімен берік ковалентті азоткөміртегі байланысты *** байланыс (- СО – NH - )  арқылы біріккен 50-1500 амин қышқылдарынан түзілген ұзын тізбектен тұрады. Сонымен, белок молекуласы молекулалық массасы 5-150 мың дальтом  не одан да көп  полипиптит болып табылады.

Құрылысына қарай белоктар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым белоктар бек амин қышқылдарын құрайды, ал күрделі белоктар құрамында: амин қышқылдарымен қатар, нуклейн қышқылдары, лимидтер көмірсулар, реңді, реңді химиялыққосылыстар болады.

Белок молекулаларының маңызды  қызметінің бірі олардыңқұрылымдық материал ролін атқаруында. Белоктар торша мемьраналары мен органеллалаларының құрамына енеді. Олар организмде аралық зат алмасу процесінің барысында, көмірсулар мен майларға айналады. Иөзінің соңғы өнімдеріне дейінгі ыдырағанда 1 г белок тан 17,6 кДж қуат бөлінеді, оны организм өз мұқтаждығы үшін пайдаланылады.

3. Лимидтер - барлық торшалар құрамында кездесетін органикалық қосылыстардың үлкен тобы. Олар суда ерімейді, бірақ органикалық еріткіштерді (эфир, хлораформ, бензол, бензин т.б) жақсы ериді.

Химиялық тұрғыдан лимидитер спирт пен май қышқылдарынан күрделі эфирі белок  табылады. Май қышқылдары С мен Н – нің ұзын тізбегінен (көбінесе 16-18) және карбоксил тобынан құралады. Кейбір жағдайда май қышқылдарында көміртегінің бір немесе бірнеше қос байланыстары болады. Мұндай  май қышқылдары мен олар құрамына енген лимидтер қанықпаған май қышқылдары не қанықпаған лимидитер деп аталады.

Молдекуласында қос байланыс  болмайтын май қышқылдары қаныққан деп аталады. Менидитер, стероидтар (от қышқылдары, холестерои, жыныс гармондар, Д дәрмен дәрісі т.б.) терпендер (өсімдіктердің өсу факторлары- гиббереллиндер, каротинаттар, К дәрмен дәрісі) , балауыз, фосфа және гликомемидитер, **** болып жіктеледі. Лимидтер маңызды қуат көзіболып табылады. Олар тотыққанда көмірсулар және белоктармен салыстырғанда, қуатты 2 есе артық бөледі.

4.Көмірсулар  немесе қанттар, - организмдегі органикалық қосылыстардың негізгі тобының бірі олар барлық тірі организмдер торшаларының  құрамына енеді. Адам мен жануарлар торшаларында олардың мөлшері 1-2 %, ал өсімдіктер торшасы құрғақ затының 85 - 90 % - ы көмірсулардан құралады. Көмірсулар молекулас: С1 Н1  О – нен құралады. Олардың көпшілігінде сутегі мен оттегінің арақатынасы су құрамындағы деңгейде сақталады. Мысалы, глюкоза – С6 Н12 О6, сахароза – С12 Н22О11. осыдан оларды көмірсулар деп атайды. Барлық көмірсулар қарапайым (моносахоридтер) және күрделі (полисахоридтер) болып  бөлінеді. Моносохоридтер құрамындағы С атымының сонымен  байланысты триозолар (3 С) тетрозалар (4С), пентозалар (5 С), гексозалар (6 С) және гептозалар (7С) болып жіктеледі. Рибоза мен дезоксирибоза нуклейн қышқылдары мен АТФ – ты құруда маңызды роль атқарады. Глюкоза торшаның негізгі қуат көзі  болып табылады. Моносохоридтер тек қана қуат көзі ғана емес  көптеген органикалық заттарды синтездеуге, организмге сырттан енген, немесе оның өзінде түзілген улы заттарды  залалсыздандыруда маңызды роль атқарады. Көмірсулар бұлшық еттердегі процестер мен энергия алмасуында маңызды роль атқарады. Сол себепті де қан құрамында глюкоза мөлшері  дене осы төмендегі, организм әлсірейді, орталық нерв жүйесі мен бұлшық  ет қызметі бұзылып, жүрек жұмысы нашарлайды, дене дірілдеп, тер бөлінеді. Қандағы қант мөлшері  күрт төмендесе, талықсу туындап, тіршілік тоқтап та қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет