1 Дәріс Физиологияның зерттеу әдістері. Нейрогуморальды реттеу. Кіріспе. Жоспары



бет48/48
Дата04.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#23886
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
1 Дәріс.docx физ

Бақылау сұрақтары:

1.Жүйке жүйесінің құрылымы мен қызметі қандай?

2.Нейрон дегеніміз не,оның құрылысы қандай?

3.Нейрон аралық синапстар дегеніміз не?

20 Дәріс

Тақырыбы: Сенсорлық жүйе

Жоспары:

1. Рецепторлар және талдағыштар жөнінде түсінік. Рецепторлар мен талдағыштардың классификациясы

2.    Тері рецепторлары. Проприорецепция.

3. Интерорецепция.

4.   Дәм рецепторлары. Иіс рецепторлары.

    Лекция мақсаты: Студенттерге: Сенсорлық жүйе тарауы бойынша: рецепторлар мен талдағыштар, классификациясы. Тері, дәм және иіс рецепторлары жайлы толық мағлұмат беру.

1  Ішкі және сыртқы орталың алуан түрлі тітіркендіргіштерінің әсерін қабылдауды қамтамасыз ететін жоғары маманданған құрылымдарды сезім мүшелері дейді. Организмде ол тек сыртқы орта әсерін ғана қабылдап қоймай, сонымен қатар О.Ж.Ж –не ішкі ағзаның, бұлшық ет пен буынның физиологиялық күйі, дененің кеңістіктегі жағдайы жайлы да ақпарат жібереді. Осыған байланысты И.П.Павлов сезім мүшесі деген сөзді талдағыш деп атаған.

    И.П.Павловтың пікірінше сезім мүшесі тек қабылдаушы аппарат. Ал сезімдік талдау мидың арнаулы құрылымдарының қатысуымен атқарылады. Сонымен талдағыш деп сыртқы және ішкі орта тітіркендіргіштерін қабылдап, талдау жүргізетін жүйкелік құрылымдардың күрделі жүйесін атайды. Олар қабылдаушы құрылымнан – рецептордан, өткізгіш бөліктен (жүйкелік жолдан) және мидың үлкен жарты шарларының қыртысында орналасқан орталық бөлімнен тұрады.

   1.1. Талдағыштар сезім мүшелерінің орналасқан орнына қарай сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Сыртқы талдағыштардың қабылдаушы аппараттары түйіспелі және алшақтық экстерорецепторлардан құралады. Контактылық рецепторлар тітіркендіргішпен тікелей түйіскенде ғана қозады. Оларға: тері рецепторлары (ауырсыну, жанасу) және дәм сезу рецепторлары жатады.

    Ішкі талдағыштың қабылдаушы ақпараттарын интеро (ішкі) және пропрорецепторлар (бұлшық ет, буын байламы, сіңір рецепторлары) құрайды. Ішкі талдағыштар организмнің ішкі ортасы мен ішкі ағзаларынан түскенді қабылдап, талдауға арналған.

    1.2. Эволюциялық даму барысында әрьір талдағыштың өзіне тән ерекшеліктері болады. Дегенмен, барлық талдағыштарға тән ортақ қасиеттер де бар. Олардың қатарына мыналар жатады.

а) Жоғары сезімталдық қасиет. Талдағыш рецепторлардың табалдырығы төмен болады да, олар үйреншікті тітіркендіргіш әсеріне өте сезімтал келеді.

б) Арнаулылық, талғамдық қасиет.

Әрбір талдағыш рецепторы тек белгілі бір тітіркендіргіш түрін қабылдауға бейімделіп танытады, белгілі энергия түріне ғана жауап береді. Мысалы: көру талдағышының рецепторы үшін үйреншікті тітіркендіргіш сәуле, есту талдағышы үшін – дыбыс толқыны. т.с.с болып табылады. Кейбір жағдайларда қозу өте күшті тосын тітіркендіргіштер әсерінен де туындайды. Бұл кезде пайда болатын түйсік салғыш көмескі болады.

в) Әсерлілік (реактивтік) қасиеті.

Талдағыштар қозу процесі туындап үлгірмей тұрып –ақ тітіркендіргіш әсерінен өзіндік функционалдық күйін өзгерте бастайды.

г) Созылыңқы, жалған әсерге жауап беретін қабілет. Талдағыштар рецепторы тітіркендіргіш әсері қанша уақыт созылса, сонша уақыт оны қабылдап, ол тиылғанға дейін орталыққа сигнал бағыттап отырады.

д) Сенсибилизация қасыиеті. Тітіркендіргіш әсері қайталанған сайын анализатордың сезімталдығы арта түседі, олардың қайталанған әсерді қабылдау қабілеті күшейеді.

е) Бейімделгіштік (адаптация) қасиеті. Тітіркендіргіш күші мен сипатына талдағыш рецепторы қажымай –ақ өзінің функциясымен күйін өзгертіп, сезімталдығын төмендетіп жауап береді.

ж) Түйсік ізін сақтау қасиеті. Белгілі бір түйсік тітіркендіргіш әсері (заттың бейнесі, әуен т.б) тиылғаннан кейін де біраз уақыт жалғасады. Мысалы, жарқ еткен сәуле оның әсері тоқтағаннан кейін де біраз уақыт сезіліп тұрады.

14.2. Тері дененің сыртқы жабындысы болып табылады, сондықтан ол арқылы организм қоршаған ортаның әр түрлі әсерін қабылдайды. Теріде температураны, жанасуды, қысымды, ауырсынуды сезілетін рецепторлар болады. Жылуды терідегі руффини денешіктері, суықтықты Краузе суытшалары, жанасуды – Маркель торшалары мен Мейснер денешіктері, қысымды Фаттер – Паччини денешіктері, ал ауырсыну әсерін эпидермистің сыртқы қабатында орналасқан жалаңаш кейбір жағдайларда қозу өте күшті нерв ұштары қабылдайды. Теріде рецепторлар біркелкі таралмаған. Оның 1см ауданында 12-13 суық сезгіш, 1-2 жылу сезгіш нүкте болады.

 Прориорецепторлар бұлшықеттің ұршық тәрізді бүйірлі торшаларынан, сіңірдегі Гольджи органдарынан, буын қаптары мен байламдарының рецепторларынын тұрады. Осы проприорецепторлар қызметінің нәтижесінде дененің жеке бөлімдерінің екпінді және баяу қимылдары сезіліп, қимыл-әрекет үйлестіріледі. Бұлшық еттің ұршық тәрізді торшаларына күрделі құрылым. Әрбір ұршық тәрізді торша бірнеше интрафузальдық (бүйірлі) талшықтан тұрады. Олар жақсы мамандалған, сырт жағынан қабықшамен қапталған жіңішке ет талшықтары болып табылады. Бұл талшықтар қимыл-әрекетті қамтамасыз ететін негізі – экстрафузальдық, -ет талшықтарына қатарласа орналасып, олардың перимизиумына – дәнекер ұлпамен біріккен ұшына, - бекиді. Ұршықтың ортаңғы, жиырылмайтын сезімтал бөлігінде нерв ұштары ядро қабына оралып, аннулоспиральдық құрылым (шумақ) түзеді (58- сурет). Оны негізгі (бастапқы) афференттік нерв ұштары дейді. Осы негізгі афференттік  екі шетінде талшық ұшына қараай жүйке талшықтары шоғырлана аяқталады. Бұл шоғырды «қосалқы» немесе «екінші афферент» деп атайды. Аталған екінші құрылымның қозу табалдырығы жоғары, сондықтан төмен болады. Проприорецепторлар «ет сезімін» қамтамасыз етеді. Бұл рецепторларға: бейімделу құбылысы жатады, осымен байланысты қимыл талдағышы дененің кеңістіктегі жағдайы, бұлшық еттің жиырылу деңгейі, сіңірдің созылу, керілу дәрежесі жайлы ақпараттарды толассыз алып отырады. Осының нәтижесіндле дене кейіпіндегі болмашыл өзгерістердің өзі сезіліп, реакция тудырады.

14.3. Интерорецепторлар (ішкі рецепторлар) О.Ж.Ж- не организмнің ішкі ортасының жағдайы жайлы хабарлап отырады. Олардың әрекетінің нәтижесінде ішкі мүшгелер мен қан тамырларының қызметі реттелінеді.

    Интерорецепторлар - өте сезімтал құрылым, олар гомеостазды сақтауда, бегетативтік әрекеттің өздігінен реттелуінде маңызды роль атқарады. Қабылдайтын тітіркендіргіштердің сипатына қараай олар: баро (қысымды қабылдайтын),механо – (механизмнің әсерлерін қабылдайтын), хемо – (химиялық заттар әсерін  қабылдайтын) және осмо – (осмостық қысым ауытқуларын қабылдайтын) рецепторлар болып табылады. Жалаңаш нерв ұштары, Краузе сауытшасы, Фаттер – Паччини денешігі – интерорецепциялдық торшалар болып табылады. Ішкі рецепторларлдан таралған импульстер: қан айналымын, ас қорытуды, тыныс алуды, зат алмасуды, т.б. рефлекестерді тудырады.

    Ғылыми зерттеулер интерорецепторлар аймағы ми қыртысының артқы сатысында орналасқан.

14.4. Дәм сезу талдағышын қызметі арқылы ауыз қуысына түскен қоректің сапасы, сипаты анықталады. Бұл талдағыштың қабылдаушы бөлігі тіл бүртіктерінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншаққтың артқы бетінде, бадамшада және көмекей қақпашығында орналасады. Тіл бұртіктері: шатырша, жапырақша және орлы болып бөлінеді. Осы бүртіктер ішінде эпитемиальды құрылым – дәм жуашығы орналасады. Дәм жуашығы сопақша пішінді, жуа тәрізді болып келеді. Ол бүйірлі, ұршық пішіндес дәм торшаларынан және қимылды пішінді сүйеніш толршалардан тұрады да, терінің көп қабаты, эпителиий бойында орналасады. Дәм торшаларының ұшында майда түктер (кірпікшелер) болады. Дәм жуашығы кілегей қабық беткейінде дәм саңылауы деп аталатын кіңшкентай тесіктен ашылады. Қазіргі кездегі жіктеуге сәйкес ащы  тұзды қышқыл, тәтті және су дәмі болады. Қышқыл дәмді су тегінің еркін иондары, тұзды дәмді – кейбір тұздар, ащы және тәтті дәмді - әр түрлі құрылымды заттар тудырады. Бір дәм жуашығы тек ащы дәмді, екінші тұзды дәмді, үшінші қышқылды тағы сол сияқты қабылдауға бейімделген. Дәм сезу талдағышы шөп қөректі жануарларда жақсы, жыртқыштарда – нашар дамыған.

Адам мен жануарларда иіс талдағышының қызметі дистонциялық хеморецепциямен байланысты. Иіс талдағыштың ең ерте дамыған талдағыштың бірі, ол қоршаған ортадағы биологияның маңызды химиялық сигналды қабылдауды қымтамасыз етеді. Иіс талдағышының жетілу деңгейіне қарай жануарлар макросматиктер және микросматиктер болып табылады. Макросматиктер – иіс талдағышы жақсы дамығандарға – сүт қоректілер жатады. Адамда, китте, маймылда иіс талдағышы нашар дамыған. Олар микросматиктер.

    Иіс талдағышының шеткі бөлімі мұрын қуысында, кіңірдектің жоғарғы жолында орналасқан иістік төсемік болып табылады.

 Ол рецепциялық сүйеніш және негіздік торшалардан құралады. Сүйеніш торшалардың амикальдық ұшы тармақталып, айырланып жатады. Негіздік торшалар тереңірек орналасады. Олардан сүйеніш торшалар өсіп отырады. Иісті қабылдауды шашақты рецепциялық торшалар қамтамасыз етеді. Бастапқы хеморецепция – химиялық заттың әсерін қабылдау, - осы торшалар шашақтарының мембранасында жүреді деген болжам бар. Иіс жуашығы іші қуыс, немесе қарыншалы құрылым. Онда топтасқан торшалар алты қабатта орналасады. Бірінші фиброзды қабат иіс нейрондарының өсіндісінен құралады. Осы талшықтар ұштары түрлі торшалар өсінділерімен синапс түзеді. Олардың ішінде негізгісі – митральды торшалар болып табылады. Бірінші реттік иіс нейрондарының терминальдары мен иіс жуашығы торшаларының дендриттері шумақ, немесе гломерула деп аталатын екінші қабат құрайды. Осы шумақта қозу процесі жинақталады.

    Митральды торшалар төртінші қабат түзеді. Оның бір жағында сыртқы – үшінші, екінші жағында сыртқы – бесінші торлы қабаттар орналасады. Бұл қабаттар нерв торшалары өсіндісінің ұйысқан жері болып табылады. Алтыншы қабат дәнді торшалар шоғырлануынан түзіледі. Иіс жуашығынан басталған талшықтар алдыңғы мидың бірнеше құрылымдарына бағытталады. (Иіс төмпешігіне, алдыңғы иіс ядросына, препириформды және преамигдолярлық қыртысқа, бадамша медиальдық және қыртыстық ядроларға) Мидың аталған құрылымдары мен гиппокамп иістік түйсіктің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

    Қазіргі кезге дейін иістің түрлері толық жіктелмеген, сол себепті иісті көбінесе иісті шығаратын заттың атымен атйды. Мысалы, жуа, раушан, сірне иістері. Х.Хеннинг иісті иіс шығаратын заттың химиялық құрамына қарай жіктеген. Д.Эймур жіктеуіне сәйкес 7 түрлі иіс болады. Олар камфара, жұпар, гүл, жалбыз, эфир, өткір және шірін иістер.

 

Бақылау сұрақтары:



1. Сезім мүшелері дегеніміз не?

2. И.П.Павловтың сезім мүшесін талдағыш атауымен алмастыру себебі неде?

3. Талдағыштар деп нені айтамыз?

4. Талдағыштардың классификациялануы?

5. Талдағыштарға тән қасиеттерді атаңыз?

6. Тері рецепторларының жіктелуі?

7. Проприрецепция деген не?

8. Интерорецепция дегеніміз не?

9. Дәм сезу процесі қалай жүреді?

10. Дәм сезу процесі процесі қалай жүреді?

11.Иіс талдағышы қалай құрылған?

12. Иіс қалай қабылданады?

 

Пайдаланылған әдебиеттер



    1. Т.Несіпбаев «Адам және жануарлар физиологиясы»

    2. К.М.Лаханова, Т.Ө.Өмірзахов «Адам және жануарлар физиологиясы»

    3. С.И. Гальперин «Физиология человека и животных»

 









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет