Тақырыбы: Орталық жүйке жүйесінің физологиясы.
Жоспары:
4.1. Жүйке жүйесі эволюциясының негізгі кезендеры.
4.2. Жүйке клеткаранының құрылысы
4.3. Нейронаралық синапстар, құрылыстар қызметтері
4.4. Рефлекс доғасымен өту ерекшелігі
4.5. Рефлекторлық концепция
4.6. Рефлекторлық доғанын кұрамы
4.7. Орталық жүйке жүйесінің қызметі
4.8. Вегетативтік жүйке жүйесіні (симпатикалық, парасимпатикалық.)
4.9. Пре және пастганглийлік нейрондар.
4.10.Жұлын.Оның құрылыс схемасы, эфферентті және аралық нейрондардың орналасуы.
Лекцияның максаты: Студентерге жүйне жүйесінің эволюциясы, нейтрондардың құрұлысы, нейтрондардын синапстар,рефлекс дөжесы, оның кұрамын толық мазмұның беру.
Лекция мазмұны:
4.1. Жүйке жүбесы жанөжануарлар мен адамда ұзақ эволюциясының даму нәтижесіңде пайда болған және сыртқы ортаның түрлі құбылыстарының жерінең өзгеріп, күрделініп отырады. Алғашқы нерв жүйесі ішек қуыстыларда медуза,актиниялар п.б. бірақ оның құрылымы өте қарапайым келеді.Бұл жағдайда нерв элементтері эпетелий астында орналасады да, құрылымы жағынан толық жетілмей , организмде нерв торын құрайды.
Ганглийлер (түйіндер)осы торда шашыраңқы орналасады. Бұл баяндалған құрылым нерв жүйесінің келесі күрделірек түрі түйіндік (ганглийлік)нерв жүйесі болып табылады. Ол былқылдақ денелерде , құрттарда, буын аяқтыларда кездеседі. Бұл жағдайда нерв торшалары организмнің ұзына бойында дененің жеке сигменттерінде түйін құра орналасады. Аталған түйіндер бір-бірімен және дененің жеке бөліктерімен нерв торшаларының өсінділері – нерв талшықтары арқылы байланысады. Нерв жүйесінің ең күрделі және жетілген түрі- түтікті нерв жүйесі. Ол омыртқалы жануарлар мен адамға тән. Нерв жүйесінің бұл түрі нерв торшаларының арнаулы түтікшелердің ішінде шоғырлануы нәтижесінде пайда болады да, ол орталық және шеткі бөлімдерге айқын бөлінеді.
Нерв жүйесінің орталық бөлімін жұлын мен ми құрайды да, шеткі бөлімі нерв торшаларының өсінділерінен пайда болады. Осы аталған нерв жүйесінің негізі – нейрондар болып табылады.
4.2. Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділерінің жиынтығын атайды.
Нейрон жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық негізі болып ттабылады. Оның құрамында төрт құрылым болады: торша тұлғасы – денесі (сома), қысқа өсінділер- дендриттер, ұзын өсінді- нейтрит немесе аксок, және аксон ұшы, немесе терминалдар.
Нейронның аталған бөліктерінің әәрқайсысы өзіне ғана тән қызмет атқарады.
4.3. Орталық немесе нейрон аралық , синанс деп аксон ұшының басқа жүйке торшасының денесімен не дендритімен жалғасқан жерін атайды. Орталық синапстар орын тепкен , аксоаксолық болып бөлінеді. Аксон басқа жүйке торшасының денесімен жалғасса оны аксосоммалық дендритімен жалғасса- аксодендриттің , ал аксонымен жалғасса- аксоаксолық деп атайды.
Қызметіне қарай орталық синапстар : қоздырғыш және тежеуші болып бөлінеді.
Қоздырғыш синапстар қозу толқынын ацетипхолин медиаторын бөлу арқылы таратады. Мұндай синапстар : жұлында, торлы құрылымда , мишықта, қыртыс асты түйіндерде, үлкен ми жарты шарларында көп кездеседі.
Тежеуші синапстар өз қызметін галимааминді май қышқылын , және глицеринді бөлу арқылы атқарады. ТАМҚ әрі пресынапстық , әрі постсинапстық тежеуді тудыратын медиатор. Ол жұлын нейрондарында да, ми нейрондарынан да табылған.
4.4. құрылымдар бірлестігін. Рефлекстердің атқарылуын қамтамасыз ететін анатомиялық
4.5. Рефлекс доғасы (жолы)дейді. Рефлекс доғасы жүйке жүйесінің функционалдық негізі болып табылады. Дененің белгілі бір рефлекс тудыратын аймағын рефлексогенді аймақ дейді. Рефлекс доғасы қарапайым , екі нейронды , жалғыз синапсты және күрделі, көп нейронды, бірнеше синапсты болып келеді. Ең қарапайым доға бес буыннан тұрады. Олар : рецепторлар, орталыққа тепкіш жүйке тамыр, жүйке орталығы, орталықтан тепкіш жүйке, тамыр және атқарушы құрылым , немесе эффектор. Демек, орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі- рецепторлар мен эффекторлар арасын шапшаң әрі тиімді байланыстыру , сыртқы орта мен организмнің жауап реакциясының арасындағы үйлесімді қалыптастыру. Рефлекс атқарылу үшін рефлекс доғасының тұтастығы қажет. Рефлекс доғасының тұтастығы бұзылса, рефлекс тудырмайды.
4.6. ОЖЖ-сі өз қызметін реффлекс түрінде атқарады.
Рефлекс деп – организмнің әртүрлі ішкі немесе сыртқы әсерлерге орталық жүйке жүйесінен қатысуымен қайтаратын жауабын айтады. Ал рефлекстің атқарылуын қамтамасыз ететін анатомиялық жолды рефлекс жолы, немесе рефлекс дейді.
Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады. Дененің нақты рефлекс тудыратын аймағын , рефлексогендік аймақ немесе рефлекс өрісі деп атайды. Рефлекс алуан түрлі болады, сондықтан оны бірнеше топқа бөлуге болады.
1. Биологиялық маңызына қарай рефлекстер: қоректік, сақтану, жыныстық, ұрпақ қорғау, бағдарлау т.б болып бөлінеді.
2.Рецепторлар табиғатынақарай рефлекстер:Экстерорецептивтік,интеррорецептивтік, болып жіктеледі.
3.Нейрондардың орналасуына қарай рефлекстер:жұлындық,бұлбарлық,межэнцеральдық,диэнцефальдың,және қыртыстың болып жіктеледі.
4.Эфференттік бөлімнің сипатына қарай рефлекстер тұлғалық (тән рефлекстері) және вегетативтік болып бөлінеді.
5. Жауап-реакцияның сипатына қарай рефлекстер қимыл әрекет , сөл бөлу т.б .
6. Эффекторға әсеріне байланысты рефлекстор қоздырғыш және тежеуші болып жіктеледі.
7. Қалыптасу табиғатына қарай рефлекстер шартты және шартсыз болып жіктеледі.
Шартсыз рефлекстер туа бітеді, ұрпақ тумайды , шартты рефлекстер тіршілік үстінде жүре п.б. ұрпақ қуаламайды.
4.7.ОЖЖ-сі дегеніміз адам мен омырттқалы жануарлар жүйкесінің жұлын мен мидан құралған бөлімі.Ол жеке торшалардың, ұлпалардың,мүшелердің қызметін реттеп,оларды өзара үйлестіріп, организмнің біртұтастығын қамтамасыз етеді.ОЖЖ-сәі ішкі және сыртқы әсерлерді қабылдап, оған жауап беру арқылы организмді қоршаған ортаның құбылмалы жағдайларына бейімдейді, жеке мүшелер мен бүлік организмнің күрделі әрекетін басқарып,түрлі физиологияның процестердің үйлесімді жүруін қамтамасыз етеді.
4.8.Вегетативтік жүйке жүйесі:Қазіргі кезде организмнің вегетативтік қызметінің тұлғалық-анимальдық функциялар сияқты ортаның жүйе жүйесімен басқарылатыны дәлелденді.Осының нәтижесінде вегетит-к жүйе жүесінің, бір тұтас жүйе аппаратыныңбір ғана бөлімі екендігі туралы көзқарас қалыптасты,шеткі жүйе жүйесін екіге бөлді.Тұлғаның вегетит-к жүйе жүйелері. Тұлғаның жүйке организмнің сыртқы ортамен афферентік және эфференттік байланыстарын,ал вегет-к жүйке ішкі ортаның тұрақтылығы, зат алмасу процесінің қарқынын, организмнің бейімделу реакцияларын қамтамасыз етеді. Вегетативтік жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдері болады.Сим-қ және пара-қ бөлімдері олардың өздеріне тән ерекшеліктері.
Симпат-ң және пара-ң жүйелер орталығы жүйке жүйесінің әр түрлі деңгейде орналасады. Симпат-ң жүйке орталықтары жұлын сұр заттың көкірек және бел омыртқаның бөлімдерінің бүйір мүйіздерінде орналасса, пара-ң орталық ортаңғы және аралық ми мен жұлынның құйымшақ бөлімінде орын тебеді.
4.9.Симпат-қ бөлім әмбебап келеді,барлық мүшелерді жүйелендіреді. Парасим-қ бөлім әмбебап емес: тамырлар,тер бездері,бүйрек үсті бездері, зәр ағарлар,көк бауырлар,қаңқа еттері парасимпатикалық жүйелермен жүйкеленбейді.
Симпатикалық жүйкелерге мультипликация құбылысы тән: парасимпатикалық жүйелер көп таралмайды.Симпатиканың жүйкелену эфференттік талшықтары парасимпатиканың жүйке талшықтары парасимпатикалық жүйке талшықтары ұзын келеді. Симпатика-ң жүйке ұштары эрготоксинмен, ал парасимпатикалық жүйке ұштары атролинмен жансызданады.Симпатикалық жүйелер қозу талшығын симпатин, ал парасимпатикалық жүйкелер ацетил медиаторы арқылы таратады.
Вегетативтік жүйке бөлімінің шеткей бөлігі екі нейроннан құралса, тұлғалық жүйке бөлімі жалғыз нейронды құрылым. Вегетатив-к жүйке тамырлары өздері жүйкелендіретін мүшелерге жеткен арнаулы түйіндерде үзіледі. Сондықтан олар: түйін алды пренгагеийлік және түйіннен соңғы пастганглеийлік талшықтарға бөлінеді. Ал тұлғалық жүйке тамырлары өздері жүйкелендіретін мүшелерге еш жерде үзілмей жетеді. Жұлын филогенездік тұрғыдан ОЖЖ-нің ең ерте пайда болған көне бөлімі. Ол рефлекстік және өткізгіштік қызмет атқарады. Оның рефлексті қамтамасыз ететін қызмет жұлында көптеген тұлғаның сомалық және вегет-к рефлекстер доғасының тұйықталуымен байланысты.Демек, жұлын көптеген рефлекстерді атқаруға қатысады. Оның құрылысы: мойын, кеуде, бел омыртқалық бөлімдерінде бас,мойын,дене тұлғасы,аяқ еттерінің қызметін реттейтін орталықтар орналасады. Демек, жұлын дене қимылын реттеуге қатысады.Сонымен қатар, жұлынның 3-5 мойын омыртқалық, деңгейінде көк еттің әрекетін реттейтін орталық, ал құйымшақ бөлімінде нәжіс шығару , және жыныстық рефлекстер, орталықтары орналасқан. Жұлында барлық жүйке тамырлары басталады. Осының нәтижесінде жұлын ішкі ағзаларда жүретін процестерді, тамырлар тонусын , ұлпаның зат алмасуы , тер болу процесін реттеуге қатысады. Жұлын организмнің шеткі мүшелерін мидың әртүрлі бөлімдерімен байланыстырады. Бұл қабілетті нерв талшықтарынан құралған ақ заттың өткізгіш жолдары қамтамасыз етеді. Өткізгіш жол деп құрылысы мен қызметі жағынан біртекті нерв талшықтарының топтарын атайды. Олар жұлынды мимен және жұлынның өзінің әртүрлі бөлімдерін бір-бірімен жалғастырады. Қызмет ерекшеліктеріне қараай жұлындағы жүйке талшықтары жалғастырғыш көлденең ұластырғыш және афференттің немесе эфференттің болып бөлінеді.
Проекциялық талшықтар жұлынды , ОЖЖ-ның жоғарғы бөліктерімен байланыстырады . Проекцияның талшықтар жұлынның негізгі өткізгіш жолдарын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |