Реферат әмбебап технологиялық мәдениетті қалыптастырудың инновациялық тұрғылары Курс тыңдаушысы Бексултанова А. А



бет1/5
Дата10.03.2023
өлшемі129,5 Kb.
#72813
түріРеферат
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ðåôåðàò ?ìáåáàï òåõíîëîãèÿëû? ì?äåíèåòò³ ?àëûïòàñòûðóäû? èííîâàö


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы


РЕФЕРАТ
Әмбебап технологиялық мәдениетті қалыптастырудың
инновациялық тұрғылары


Курс тыңдаушысы Бексултанова А.А.,
Технология пәнінің мұғалімі Лебяжі ауданы
Жамбыл ЖОББМ


Павлодар, 2015 ж
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ............................................................................................................................................ 3-4 І. Негізгі бөлім.............................................................................................................................. 5-11


1.1. Әмбебап технологиялық мәдениет, мазмұндық сипаты .................................................... 5-7 1.2. Мұғалімдердің оқушылар бойындағы әмбебап технологиялық мәдениетті қалыптастырудағы инновациялық тұрғысы, теорисы мен практикасы ................................. 8-11 Қорытынды .................................................................................................................................... 12 Қолданылған әдебиеттер ............................................................................................................... 13


КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі адамзат баласының өмір сүріп отырған үшінші мыңжылдық технологиялық жетістіктердің қарқынды даму кезеңі болып табылады. Жаңа технологиялардың пайда болуының түбегейлі қайта құрумен үйлестірілуі тек көптеген өндіріс салаларын ғана емес, мәдениет саласын да өзгеріске ұшыратты. Жаңа технологиялардың кеңінен енуі мен пайдаланылуы адамзат әрекетінің «ауырлық нүктесінің» рухани және материалдық өндірісте орындаушылықтан шығармашылыққа ауысуын талап ететінін атап өту қажет. Мұндағы негізгі мәселе арқауына тек мәдениетте қалыптасатын шығармашылық мүмкіндіктер арқылы ауысуы туралы ғана емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктерді, «жаңа» мәдениетті жобалауда болуы керек. Сондай «жаңа» мәдениет ғалымдардың пайымдауынша әмбебап технологиялық мәдениет болып табылады.
Ел президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан халқына арналған жолдауында» «Біздің болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» деген сөздері бар. Демек, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – технология ғылымы саласындағы басты бағыттардың бірі делінген.
Қазіргі «Технология» білім саласының басты мақсаты – оқушылардың өздігінен еңбек етуіне ықпал ету, оларды әртүрлі материалды өңдеудің қазіргі заманғы технологиялық мәдениетіне және бұйымдарды көркем жобалауды орындауына қатыстыру болып табылады. Бұл:
-жастардың политехникалық дамуын, оларды қазіргі заманғы және болашақ технологиялармен таныстыруды, жалпы еңбек біліктіліктері мен дағдыларын игеруді;
-оқушылардың шығармашылық және эстетикалық дамуын;
-оқушылардың өзін-өзі анықтауына мүмкіндік туғызуды, техника мен технология әлемін зерделеуді, өзіндік анықталу мақсатында кәсіптік іс-әрекет элементтерінен практикалық тәжірибе алуды ескереді және оқушылардың жобалау мен конструкциялау мәселелерін шешу бойынша ізденімпаздығы мен қабілеттілігін дамыту мәселесін қарастырады.
Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты «Технология» білім саласының басты мақсатында: оқушылардың өздігінен еңбек етуіне ықпал ету, оларды әр түрлі материалдарды өңдеудің қазіргі заманғы әмбебап технологиялық мәдениетіне және бұйымдарды көркем жобалауды орындауына қатыстыру керектігі атап көрсетілді. Қазіргі заманауи өндірістің, технологиялық дәуірдің негізгі ерекшелігі – технологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлғаны мектеп қабырғасынан тәрбиелеуді қажет етуі.
Осының бәрі оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруға жеткілікті зейін аударуға мүмкіндік беретін болашақ технология пәні мұғалімдерін кәсіби даярлау үдерісін жетілдіре түсу керек екендігін негіздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет