9 дәріс. Инклюзитивтік білім берудің тиімділіктері 10 дәріс. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивті білім беру маңыздылығы мен оның әлемдегі өзектілігі бірқатар стратегиялық құжаттар арқылы анықтлады: БҰҰ бала құқығы туралы Конвенция, Балаларды қорғау және дамыту жөніндегі Дүниежүзілік декларациясы, Баршаға арналған білім беру жөніндегі Дүниежүзілік декларация, Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережелері, Саламан декларациясы, Дакар іс-әрекет негіздемесі, Қазақстан Республикасының Конститутциясы, «Қазақстандағы бала құқығы жөніндегі», «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік және медициналық-педагогикалық қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және т.б..
Инклюзивті білім беру жөніндегі негізгі идеяның бастауы болған құжат 1948 жылы БҰҰ қабылданған Адам құқығы жөніндегі декларация. Ол құжатта «Білім тұлғаның жан-жақты дамуына және де адам құқығын құрметтеуге бағытталуы тиіс. Білім халықтар арасында достықтың, түсініспеушіліктің, төзімділіктің болуына ықпал етуі тиіс»-деп көрсетілген.