1 дәріс. «Инклюзивті білім» курсының мақсаты және міндеттері «Инклюзивті білім беру»


дәріс. Инклюзивті білім беруді қалыптастырудың негіздері



бет8/19
Дата23.09.2024
өлшемі66,43 Kb.
#145261
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
Дәріс Инклюзивті білім беру 23-24

5 дәріс. Инклюзивті білім беруді қалыптастырудың негіздері
Инклюзивті оқыту – барлық кемтар балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді, оқушылардың тең құқығын анықтайды, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді, барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, балалардың білімділік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
1997 жылы Жаңа Зеландия, профессоры Д. Митчелл «Қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету – педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе инклюзивті білім беру қажет» деген болатын.
Н.Н. Малофеев: «Білім беруге қатысы бойынша философия екі жағдайда: педагогикалық құбылыстың эволюциясы негіздейтін адам және оның әлеуметтік тұрмысы туралы жалпы түсініктер жүйесін қамтитын дүниетанымдық іргетас және инклюзивтік білім беру үдерісін зерттеуде әмбебап қағидалар мен тәсілдерді қолдануды білдіретін әдіснамалы негіз ретінде әрекеттенеді» дейді.
Психикалық дамуы баяу түсінігі (ПДБ) – бұл балада танымдық әрекеттің жеткілікті дәрежеде дамымауы және эмоционалдық ерік сапаларының анық сипат алмауымен сипатталады. Арнайы түрде психикалық дамуы баяуды кешенді түрде зерттеу және балалар ауытқушылығының дамуын білу арнайы психологияда 60-70-жылдарда қарастырылды. Бұл мектеп практикасының қажеттілігінен көрініс алып туындады. Психикалық дамуы баяу болып балалардың сипатталуы, яғни баланың жалпы дамуында психикалық дамудың қалыс қалуы болып саналанады. Г.Е. Сухарев, Т.А. Власов, М.С. Певзнер,
В.И. Лубовский, К.С. Лебединский төменгі класс үлгірмеушіліктерінің негізгі категориясы бұл оқытуда қиыншылыққа ұшырауы, психикалық дамудың баяу қарқындылығымен қамтылған.Көпшілік жағдайда балаларда психикалық дамудың баяу болуының себебі ең аз мөлшердегі органикалық бұзылыстар немесе орталық жүйке жүйесінің функционалдық қызметінің әлсіздігі, дуниеге келу сәтіндегі және бала өмірінің алғашқы жылындағы түрлі қолайсыз әсерлер нәтижесі, ұзақ созылмалы аурулар, әлеуметтік-мәдени жабығулар (отбасындағы, балалар үйіндегі қолайсыз жағдайлар), стрестік, психотравмалық факторлар әсері. Психикалық дамуы баяу – тұрақты тузетуді педагогикалық- психологиялық тұрғыдан үйлесімді жағдай жасауды және медициналық емдеу шараларын да қажет етеді.
М.А. Мастропиери, Т.Е. Скраггс, Р.С. Подемски және т.б. инклюзивтік сыныптағы қолдауды инклюзивтік білім берудің әр түрлі субъектілерінің күшінің кешенді түрде бірігуі деп анықтайды, бұндай жағдайда мүмкінділіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселел ерін өнімді шешуде сыныбында осындай бала бар бір мұғаліммен ғана тұйықталмайды. Аталған ғалымдардың пікірінше инклюзивтік білім беру жүйесін құру кезіндегі командалық стратегияны жүзеге асыру педагогтардың тұлғааралық қатынасында ақпараттық және практикалық материалдармен үнемі алмасуы арқылы жүреді, бұл әрине мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқудағы үлгерімі мен әлеуметтік құзыретін арттыруға тікелей әсер етеді. Оқытушылар мен бұндай қатынастың мақсатты ұстанымының арасындағы диалогтың мазмұнды жағынан қарағанда инклюзивтік сыныптағы білім алуда еркше қажеттіліктері бар балаларды қолдаудың әр түрлі командалық түрлері ерекшеленеді.
В.С. Выготский адам ағзасындағы кемтарлықты зерттей келе: «Адам бойындағы кемістігін сезініп, өзінің қоғамда алатын орнын белгілеуге ұмтылады. Бұл оның психикалық дамуындағы қозғаушы күшін жандандырып, бойындағы кемістігін жеңуге итермелейді. Оның бойында жасырын жатқан қабілеттері жанданып, бойындағы кемістіктерін мүмкіндігінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп, кемістік есесін толықтырып, мүгедектік деңгейін төмендетуге бағытталады», – дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет