1 дәріс. «Инклюзивті білім» курсының мақсаты және міндеттері «Инклюзивті білім беру»



бет1/19
Дата23.09.2024
өлшемі66,43 Kb.
#145261
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Дәріс Инклюзивті білім беру 23-24


1 дәріс. «Инклюзивті білім» курсының мақсаты және міндеттері

«Инклюзивті білім беру» ұғымы терең үдерісті сипаттайды: балаға әдеттегі мектепке бару құқығы ұсынылады, ол үшін бейімделген білім беру ортасы жасалады. Инклюзивті білім беру – мектептер мен оқу мекемелерін барлық балалардың қажеттіліктері мен талаптарына жауап беретін реформаларды, қайта құруды ұсынады.


Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдени - этникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді. Өткен жүзжылдықтың аяғынан бастап инклюзивті білім беруді дамыту әлемнің көптеген: АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия, Австралия және т.б. елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Осы елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық - педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.
Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.
Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары тұжырымдалады:
1. Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес;
2. Әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті;
3. Әрбір адам қарым-қатынас жасауға құқылы;
4. Барлық адамдар бір-біріне қажет;
5. Түбегейлі білім шынайы өзара қарым-қатынастар негізінде жүзеге асуы мүмкін;
6. Барлық адамдар бір-бірінің қолдауына, қатарластарының достығына мұқтаж;
7. Алуантүрлілік адам өмірінің жан-жақтылығын кеңейтеді;
8. Барлық оқуға қабілетті жандар үшін дамудағы жетістіктері тікелей олардың қабілеттеріне тәуелді.
Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет