14-дәріс. «Математикалық модельдеу (математикалық тіл)» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы
1-сыныптағы «Математикалық тіл» бөлімінің мазмұны: Сандарды бейнелеу. «+», «-», «≠», «=», «>», «<» белгілері. Сандық сәуле. Қосу және азайту амалдарының компоненттері. Деректерді жинақтау, жүйелеу. Кестелер, пиктограммалар, диаграммалар.
2-сыныптағы білім мазмұны: Екітаңбалы сандардың графикалық моделі. Латын алфавитінің бас әріптері. . және таңбалары. Деректерді жинақтау, кестелер мен диаграммаларды кескіндеу.
3-сыныптағы білім мазмұны: Екітаңбалы сандардың графикалық моделі. Разрядтар және кластар кестесі. Жиын белгілері. Латын алфавитінің әріптері. Амалдар компоненттерінің атаулары. Деректерді жинақтау, кестелер мен диаграммалар, пиктограммалар.
4-сыныптағы білім мазмұны: көптаңбалы сандардың графикалық моделі, разрядтар және кластар кестесі, жиын белгілерінің атаулары, латын алфавитінің әріптері, амалдар компоненттерінің атаулары, деректерді жинақтау, жүйелеу, салыстыру, диаграммалар мен пиктограммалар.
5.2 Математи-калық тіл
|
1.5.2.3 сандардың қосындысы мен айырмасын, сан-дарды салыстыру (артық/кем), көр-шілес сандарды, сандық аралық-тарды, сандар қа-тарын көрсету үшін сан сәулесін қолдану
|
3.5.2.3 бұрыштарды, көп бұрыштарды, шеңбердің цен-трін, радиусті, диаметрді латын алфавитінің әріп-терімен белгілеу, оларды белгіле-нуі бойынша оқу
|
3.5.2.3 бұрыштарды, көпбұрыштар
ды латын алфавитінің бас әріптері-мен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу
|
4.5.2.3 текшені, тікбұрышты параллелепипедтілатын алфавитінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу
|
|
1.5.2.4 қосу мен азайту амалдары-ның компонент-тері атауларын өр-нектерді оқу мен жазуда қолдану
|
2.5.2.4 көбейту және бөлу амал-дарының компо-ненттері атаула-рын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану
|
3.5.2.4 қосу мен азайту, көбейту және бөлу амал-дары компонен-ттерінің атаула-рын жақшалы өр-нектерді оқу мен жазуда қолдану
|
4.5.2.4 пайызды % символымен, мысалы, 25%; бұрыштың гра-дустық өлшемін 0 символымен, мы-салы, 450 белгі-леуді қолдану
|
Үш саяхатшы өзен арқылы өтіп, саяхаттарын жалғастырмақ болды. Өзен терең және одан өтетін көпір болмады. Өзен жағасында екі бала отырған қайық тұрды. Саяхатшылар балалардан өздерін өзеннің арғы бетіне өткізулерін сұрады. Қайыққа бір саяхатшы ғана немесе екі бала сыяды. Ал саяхатшы мен бала екеуі сыймайды.
Саяхатшыларды өзеннен өткізу алгоритмін құр. Саяхатшыларды арғы бетке өткізу үшін неше рет қатынау керек? Бір рет қатынауға қайықтың бір бағыттағы қозғалысын санауға болады.
Шешу алгоритмі құрылады. Негізгі шарт – қайыққа тек бір саяхатшы ғана немесе екі бала сыяды. Ал саяхатшы мен бала екеуі сыймайды.
1. Екі бала қайықпен өзеннің екінші жағына өтеді.
2. Бір бала сол жақта қалып, екінші бала қайықпен саяхатшыларға қайтып келеді.
3. 1-саяхатшы қайықпен өзеннің екінші жағына өтеді.
4. Өзеннің екінші жағында қалған бала қайықпен екі саяхатшы мен бала тұрған жағаға қайтып келеді.
5. Екі бала қайықпен өзеннің екінші жағына өтеді.
6. Бір бала сол жақта қалып, екінші бала екі саяхатшы мен бала тұрған жағаға қайтып келеді.
7. 2-саяхатшы қайықпен өзеннің екінші жағына өтеді.
8. Өзеннің екінші жағында қалған бала қайықпен бір саяхатшы мен бала тұрған жағаға қайтып келеді.
9. Екі бала қайықпен өзеннің екінші жағына өтеді.
10.Бір бала сол жақта қалып, екінші бала бір саяхатшы мен бала тұрған жағаға қайықпен қайтып келеді.
11. 3-саяхатшы қайықпен өзеннің екінші жағына өтеді.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Математикалық терминдер мен ұғымдар, оларға сипаттама беріңіз.
2. Математикалық символика, олардың оқылуы, жазылуына талдау жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |