Пәннің негізгі міндеттері:
- кәсіби іс-әрекетке қажет болатын құзыреттіліктерді қалыптастыруға себепкер болу;
- кіші жастағы оқушыларға математиканы оқыту барысын жоспарлау, оны жүзеге асыру, басқару және рефлексиядағы білім, білік және дағдыларды біріктіретін пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру;
- диагностикалық және зерттеу әрекеттерін жобалау және жүзеге асыру технологиясын игеруге себепкер болу болып табылады.
Пәннің нысаны– бастауыш сыныптар мұғалімінің жоғары педагогикалық кәсіби білім беру құрамдасы ретіндегі әдістемелік-математикалық білім.
Пәні – кіші мектеп жасындағы оқушыларға математиканы оқытудың теориялық негіздері бойынша болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің кәсіби-теориялық және технологиялық, пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру барысы.
Достарыңызбен бөлісу: |