Байланысты: 1-д?ріс. Жазуды? пайда болуы мен дамуы. Жазуды? ма?ызы мен ?ызме
б, ғ, г, д болмайды... бұларды
дыбыс жүйесіне келтіріп естілуінше жазамыз... Бұл дыбыстардың асылы
п емес,
б болуға
тиіс деп,
қаб, таб, доб деп жазамыз. Мұнымыз дыбыстың асылын зерттегеніміз, бірақ
бұлай жазу дыбыс жүйесінше де, жеңілдік жағынан да қолайсыз...
тап-табы п -ның асылы
б деп,
б -мен жазған соң,
ток-тогі к -ні
тог деп жазуымыз керек еді.
К, қ, п -ның ережесі
бірін-біріне үйлеспейді.
К -нің ережесі дыбыс жүйесінше де,
п -ның ережесі асылын
зерттеумен болған,
к -нің ережесі жеңіл де,
п -ның ережесі қиын,
желп, серп -терді
п -мен,
қап, топ -тарды
б -мен жазамыз, сөйтіп,
п мен
б -ның асылын айырамыз, бірақ
қорқамын, үркеді дегенде де өзгермейді. Сондықтан
п -ны да дыбыс жүйесінше жазуымыз керек” [17,
30б.]. Ал қазіргі зерттеулерде
қап сөзіндегі [п] дыбысы да негізгі реңк,
қабы сөзіндегі [б]
дыбысы да негізгі реңк, яғни
қалыбы, қалпы, сабы ,
сапы деген
сөздеріндегідей мағына
ажырататын дыбыс алмасу бір деңгейде қарастырылады.
Жалпы, қазақ тіліндегі мұндай
сипатты сөздердегі дыбыс алмасуларды жаппай қамтитын құбылыс болмағандықтан,
морфонологиялық алмасу, яғни тарихи алмасуға жатқызады. Ал морфонологиялық алмасу
жазуда жүйелі түрде көрініс табады. Сондықтан ғалымдар қазіргі ДЖ морфонологиялық
сипатта дейді. Мысалы:
қалып - қалыбы (кірпіш құятын, нан салатын қалып), қалпы (сипаты, күйі), сап-сабы (күректің сабы), сапы (еңбек сапы). Бірақ тәуелдік жалғауы
қосылған сөздерде ғана
(қалыбы-қалпы) мағыналық айырмашылық көрінеді, ал
қалып сөзі
мен
қалыбы сөзі бір мағынаны білдіреді. Егер жазуда фонема таңбаланатын болса,
мұндағы мағына ажыратушылық белгі қандай сипатта болады? Сондай-ақ бұл қатарға
<