1-дәріс. Жазудың пайда болуы мен дамуы. Жазудың маңызы мен қызметі


Қазіргі қазақ орфографиясы негізгі принципі



Pdf көрінісі
бет23/30
Дата22.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#109772
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30
Қазіргі қазақ орфографиясы негізгі принципі
. Н.Гвоздев, В.Щерба, Я.К.Грот, 
М.В.Ломоносов, В.К.Тредиаковский, Д.Н.Ушаков, С.Г.Обнорский, Л.Б.Селезнева
 
зерттеулеріндегі емле принциптерінің сипаты талдана келіп,
 
қазақ жазуында 
морфологиялық принципке негізделген ережелерге бірге, бөлек жазылатын құрама сөздер 
(
ат қора, қара балшық
), орыс тілінен енген атау сөздер, күрделі зат есім, сын есім, сан 
есім, күрделі етістік, идиома, тұрақты тіркестер, еліктеуіш сөздер, тұлғасы өзгермейтін 
кіріккен сөздер, терминдер, жер-су атаулары, шылау сөздер жататыны байқалды. Орыс 
тілінде сөздің грамматикалық мағынасы түбірдегі бір фонеманың өзгеруі арқылы беріледі, 
яғни Л.В.Ломоносов айтқандай, 
бегу/бежать
сөздерінің мағынасы 
г-ж 
алмасуында 
жатыр. Аталған алмасудың жазуда таңбалануы фонеманың негізгі реңкін бейнелейтін 
фонематикалық принципке сәйкес келеді. Сондықтан орыс жазуының негізгі принципі 
фонематикалық болып анықталуының уәжі бар дейміз. Ал жалғамалы тіл – қазақ тілі үшін 
түбірді барлық позицияда бірдей жазудың мүмкіндігі жоғары. Сондықтан түбірдің 
морфологиялық принциппен жазылуын кезінде қазақ жазуы жеңіл қабылдады. Олай 
болса, Е.Омаров айтқандай, “сөз жүйесінше дұрыс болған жазу дыбыс жүйесінше де 
дұрыс болуы шарт, себебі, қазақша сөздің түбірі өзгермейтін болған соң, біздің дыбыс 
жүйесіндегіше жазғанымыз сөз жүйесінше де дұрыс болады” [17, 49б.]. Сондықтан сөздің 
түбірін сақтап жазу дегенді орфографиялық морфеманы сақтап жазу деп түсіну керек деп 
ойлаймыз. Қазіргі қазақ орфографиясындағы морфологиялық принциптен ауытқыған 
қатарға түбір соңы мен қосымша жігіндегі 
қ-ғ, п-б, к-г
алмасулары жатады делінеді. Бұл 
орфограмма фонетикалық алмасуды таңбалай ма, әлде фонематикалық сипатты білдіре ме 
дегенге 1924ж. құрылтайда сөйлеген Е.Омаровтың мына сөздері жауап береді деп 
ойлаймыз: “... тұйық буынның соңғы дыбысы еш уақытта да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет