1-дәріс. Жазудың пайда болуы мен дамуы. Жазудың маңызы мен қызметі


-дәріс. Көне түркі жазуының дыбыстық дыбыстық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет13/30
Дата22.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#109772
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
1-д?ріс. Жазуды? пайда болуы мен дамуы. Жазуды? ма?ызы мен ?ызме

 
6-дәріс. Көне түркі жазуының дыбыстық дыбыстық ерекшеліктері. 
Талас, Енисей, Орхон жазуларының табылуы, оқылуы, этногенезі, түркі 
халықтарының тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне қатысы, графикасы мен грамматикасы, 
лексикасы, қазіргі түркі тілдерімен сабақтастығы туралы еңбектер аз емес. Көне 


замандағы ауызша сөйлеу жүйесі беймәлім жазу таңбаларын қазіргі тіл дамуының 
тұтынушысы бола отырып, аршу, дүдәмал дыбыстық тілге кодтау, код таңбаларының 
мәнін көрсету, кодтың (әліпбидің) кілтін түзу қаншалықты қиын екенін ескерсек, көне 
түркі жазуына “барған” ғалымдардың еңбегі өлшеусіз екенін көреміз. Сондықтан көне 
түркі жазуы туралы қазақ тіл білімін-де бірыңғай пікір қалыптастырған Ғ.Айдаров, 
А.Аманжолов, Ә.Қайдар, Ғ.Мұсабаев, Ә.Құрышжанов сынды ғалымдардың зерттеулерін 
жоғары бағалай келе, зерттеушілердің көне түркі жазуының әліпбиін құрастырып, ондағы 
әріп таңбаларының мәнін, берілу тәсілдерін, дыбыстық заңдылықтары туралы жазған 
еңбектерін пайдалана отырып, көне түркі жазуындағы дауысты дыбыстардың таңбалану 
жүйесі мен ішінара дауыссыз дыбыстардың емлесі туралы сөз қозғағымыз келеді. Көне 
түркі жазулы ескерткіштердің табылу аймағы үлкен: Хакасия, Алтай, Тува, Саян-Алтай, 
Енисей, Талас, Дмитриевск, Алта-Бай сайы, Орхон, Қарақорым, Тараз, Павлодар, Есік, 
Шемонайха, Ертіс, Қырғызстан Қошқар өңірі. Бұл әр аймақтың графикасы өзіндік 
дыбыстық ерекшелігімен көрінеді дегенді білдіреді. Дегенмен жоғарыдағы ғалымдар 
еңбектеріне сүйене отырып, көне түркі жазуына ортақ графика-орфографиялық ере-
кшеліктерді тануға мүмкіндік бар деп ойлаймыз. Жалпы Орхон-Енисей жазбаларында 
қолданылған 35 графеманың 4-і ғана дауысты фонеманы, ал 31-і дауыссыз фонеманы 
және үнді қатаң тіркесін бергені бүгінде айқындалған жайт. Сонда көне түркі жазуы 
дауысты фонеманың 4 инвариантымен тілдегі 9 вариантын (а-е-ә, ы-і, о-ұ, ө-ү), 
дауыссыздардың 20-дан аса жуан-жіңішке вариантымен 10 инвариант фонема-ны (б, д, ғ, 
й, қ, л, н, р, с, т ) берген түркі тілдеріндегі үндесім құбылысын дауыссыздар санын 
көбейтумен шешкен графика болып табылады. Осыған байланысты графикасында а-е 
(э~ә) фонемасын белгілейтін таңба неге сөз ішінде және сөз басында берілмеді, керісінше, 
фонемасы неліктен сөз басында және ортасын-да таңбаланды деген сауал төңірегінде 
ойланып көрелік. а графемасы басқа , , инварианттарының таңбаларына қарағанда жиі 
түсіріліп отырған. Мысалы, дғ (адағ), дғр (адғыр), йғучы (айғучы), нығ (анығ). Ал сөз 
соңында жүйелі таңбаланады: бунча, йзқа (йазықа), кче (кече). Сонда таңбаланған дыбыс 
ашық езулік (а, е, ә) әрпіне қалай кодталған және рунист ғалымдар қалай топшылаған? Ол, 
біріншіден, біздің ойымызша, өзге үш дауысты фонеманың ескерткіштерде белгілену 
маркерлігімен өлшенеді. Өйткені < a e > дауыстысынан басқа < o y >, < Y o >, < ы і > 
гиперфонемалары инициал позицияда да, І-буында да жүйелі таңбаланып отырса, ( ыдқ 
(ыдуқ), өлглі (өлгелі), үчн (үчүн)), , фонемалары барлық позицияда беріледі. Сонда o y , Y 
o , ы і графема лары таңбаланғанда, бұлардың фонемасы және дыбыс реңктері a оқылады, 
ал бұл әріптер болмаған жағдайда < e ( э ) > фонемасы дауыссыз дыбыс таңбасының жуан-
жіңішкелігіне қарай не [а], не [е], [ә], [э] болып оқылады. Проф. А.Аманжолов көне түркі 
тілінде а графемасымен , фонемасы ғана белгіленді десе, Ғ.Айдаров, С.Хасановалар 
фонемасы да таңбаланды дейді. Проф. Б.Сағындықұлы көне түркі тілдеріндегі алғашқы 
дауысты фонема ретінде а-ны атайды). Сонда жиі дыбыстала-тын фонеманың таңбасын 
үнемдеу арқылы жазу экономиясы жасалған дейміз. Дауыссыз дыбыстан басталатын 
сөздің алдынан түсірілген дауыстыны қателесіп қалпына келтіреміз дейтін қауіптің 
болмайтын себебі түркі тілінің дыбыстық ерекшелігін, лексикасын білуге байланысты. 
Айталық, брзун (барзун) – барсын, мңа (маңа) – маған, мн (мен) – мен сөздері “түсірілген” 
а, е әріптерінен басталмайтынын тілді тұтынушы да, жазуды дыбыстық тілге кодтаушы да 
білуі тиіс. Енді < ы і > гиперфонемасының инициал және меди-ал позицияда таңбаланып, 
сөз ішінде ескерілмеуі жайлы. a Гиперфонеманың сөз басында көрсетілуін жоғарыда < ( ) 
> e э фонемасының тұрмағанын білдіру үшін берілді дедік. В.Томсен < ы і > таңбасы 
салынса, болып оқылады, болмаса - ден өзге [л] [i] ортасындағы [л] болып оқылады деген. 
Бұған қоса В.В.Радлов та бір буындыларында э (д) – дауыстысы ғана болғанын айтқан. 
Сонда бір буынды сөздердің ішіндегі дауыстының өзгеруін таңба салып ескертіп отырған. 
Жалпы, біраз ғалымдар (Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, С.Хасанова) < и ы − і > 
гиперфонемасының таңбасы болды деп топшыласа, С.Е.Малов, А.М.Щербак, М.Томанов, 
В.В.Радлов, М.Рясянен, А.Шеберг, И.Н.Кобещавидзе көне түркі жазуы мен тілдерінде , 


оппозициясы күмәнді, мұндай жіктелісті дәлелдейтін факті жоқ екенін, әсіресе тәуелдік 
жалғауының сөз үндесіміне қарамай, жіңішке дауыссыз таңбасымен (н’) берілгенін 
айтады: кғні, қғ’н, қз’н. Тіл үндестігінің бұзылуын ї-ның і-ге өтуімен байланыстырады. < и 
ы − і > дүдәмалдығының бір себебін түркі тілдері дамуының белгілі бір кезеңінде 1-
буыннан басқа буындағы дауыстылардың дербес фонологиялық жүйе құрай алмағанынан, 
сингармониялық паралелельдердің болуынан (алтан-алтун-алтын, балта-балто-балту-
балты), себебі көп буынды сөздердің екінші буынынан былай қарай дауыстылардың 
ерекше жүйесі (подсистема) болатынынан, ол жүйеде ашық-қысаңдығымен айрылатын 
бар-жоғы екі ғана фонема болып, олар аллофондарының көптігі арқылы қолданыс 
табатынынан іздеу керек. Негізінен әліпбидегі дауыссыздардың жуан-жіңішке таңбаларын 
шартты деп және осыған сай тіл үндесіміне күмәнмен қарау < і − ы и > фонемасына 
қатысты шыққан. Бұл жазудың емле ерекшеліктері туралы арнайы мақала жазған Г.Левин 
Орхон жазуында [s], [j] дыбыстармен [ϊ] іргелестігінде [s2 ], [j2 ] q жіңішке таңбалары 
жазылғанын айтады: … [j 2 ϊlgϊ], … [s2 ϊрϊt] Енисей, Шығыс Түркістан ескерткіштерінде 
керісінше [j] мен [ϊ] дыбыс тіркесімі таңбаланған. Сонда әсіресе сөз соңына қарай < і − ы и 
>- жіңішкеруін қалай түсіндіруге болады? Көне түркі жазуындағы дауыстылардың 
графемасына (инвариантына) телінген фонемалар өзара (негізінен) ашық-қысаңдығымен 
айрылады (о-у, ө-ү, а-ә, е, э). Ал қазіргі фонологиядағы а-е(ә), о-ө, ұ-ү, ы-і жұптары жуан-
жіңішке оппозициясын құрайды. Сонда бірыңғай жіңішке, қысаң, еріндікке (ө-ү) бір 
графема, жуан еріндік, қысаңға (о-у) бір графема берілген жүйеде немесе керісінше мына 
жүйеде – жуан-жіңішке езулік, ашық (а-ә, е, э) және жуан-жіңішке езулік қысаң (ы-і) – 
ауытқу бар. Проф. А.Аманжолов дауыстылар жүйесінің сақтала берме-гені жергілікті 
фонетиканы білдіре ме, әлде емле тұрақсыздығын бере ме деп, дl/il, jati//jiti 
параллельдерін көрсеткен. Сонда, біздің ойымызша, ы-и (і) сына дауыстысының ашық 
езуліктен (а-ә, е, э) толық ажырай қоймағанын, кейде онымен жұп құрайтынын көреміз. 
Оған қазіргі түркі тілдері тұрғысынан алсақ, түбірдегі жуан, жіңішке, ашық езулікке 
қосымша жалғағанда қысаң езуліктер сәйкесетіні дәлел. М.Томанов ұйғыр тіліндегі ә 
дыбысы бар сөзге аффикс жалғанғанда ә-е, көпбуынды сөздердің соңғы буы-нында и-ге 
айналатынын (бәл-белким, кәлимиң), е дауыстысы көне түркілік а дауыстысының көрінісі 
екенін, а фонемасы ә, е, и-ға сәйкескенін айтады. Енді көне түркі жазуындағы еріндік 
графемалардың (о-у, өү) таңбалануын және ерін үндестігінің берілуі туралы. 
Ескерткіштерде < o y > гиперфонемасы бір таңбамен, < Y o > бір таңбамен бірелген. 
Еріндік дауыстылардың графемасы жуанжіңішкелікпен айрылған. Сонда өд (уақыт), үч 
(үш), күн сөздерін [ү], [ө] дыбысы арқылы да оқуға болады. Зерттеулерде бұл графема 
қандай белгіге сүйеніп не болып оқылатыны айтылмайды. Дегенмен, мынадай ерекшелікті 
байқауға болады. Ескерткіштерде ө-ү, о-у графемасы , фонемасының орнына жұмсалған 
да сөз басында және І буында ғана жазылған, ал , фонемаларын бергенде сөздің барлық 
позициясында кездескен. Мысалы, чөлг (шөлдік, күнтүз (күндіз), ілгерү (ілгерү), йағру. 
Сонда І буындағы , фонемаларының кейінгі буын-ды еріндікке айналдыра алмауының, ал , 
фонемалары-нан кейінгі буында да , сәйкесетінін қалай түсіндіруге болады? Жалпы, 
зерттеушілердің барлығы жазбаларда тіл үндестігі жаппай сақталатынын, тіпті жуан 
езулік пен жуан еріндік қатар келе беретінін (алтун, азуқы), ал ерін үндестігінің ауытқуы 
көп екенін мақұлдайды (көңүл-көңл, отұз-отз т.б.). Еріндік күші де қазіргі еріндік 
фонемаларының сапасына тең. Мысалы, Ғ.Айдаров көне түркі жазуында кейінгі буын-да -
ға сәйкессе, – – ге, -ге сәйкесетінін көрсеткен, яғни еріндік сапасының күштілігі 
ө→ү→о→ұ қатынасында. В.Томсен: “это буквенная письменность, в которой те или иные 
знаки для одного звука чередуются в зависимости от того, какой знак за ним следует или 
стоит впереди” деген. И.Н.Кобешавидзе: “Рунический алфавит замечателен тем, что он в 
большой мере отражает систему дифференциальных признаков фонем, нежели самых 
фонетических единиц” дей оты-рып, морфонологиялық негізге құрылған деп анықтайды. 
Сонда -дан басқа еріндіктердің өзінен кейінгі дауыстыларды да өзіне ұқсатып алатынын 
жүйелі түрде таңбаламағанына қарап, көне түркі жазуы диалектілік ерекшеліктерді де, 


фонетикалық алмасуды да таңбалап отырған фонетикалық жазу болды ма деген ойға 
қаламыз. 90-жылдардың ортасында В.Г.Гузев В.Томсеннің екіойлы болғанына қарап, көне 
түркі жазуын буын жазуы деген шешімге келген. Себебі графика түркілердің төл 
жаңалығы болса, олар дауыстылар үндестігін беру керек еді, ал басқа елдің графикасынан 
алынды десек, -дің жуан-жіңішке варианты (комбинаторлық түрі) таңбаланып тұр дей 
отырып, дауыссыз таңбасы дауыс-тыдауыссыз тіркесін береді. Оған себеп к фонемасының 
[ак], [әк/ек], [ок/ук], [өк/үк], [ук] деген буындарды таңбалайтыны дейді. Және қосар 
әріптердің ант, алт, арт сөздерін беретінін айтты. Ғалымдар көне түркі жазуы әріп, не 
буын арқылы оқуға келмейтінін, сөзді тұтас “көре отырып”, мазмұны арқылы түркі 
үндесіміне салып оқу керектігін айтады. Және көп жағдайда дауыстыларды белгілеу 
хабарды таңбалаушы мен оны дыбыстық тілге кодтаушы екі жақтың аялық білімі бір 
деңгейде, ситуация туралы екі жақ та хабардар болуына байланысты болған. Әрі адресат 
түркі диалектісінің көптігінен дауыстылардың жергілікті ерекшелікке байланысты 
түрленімін осы тәсілмен шешкен дейміз. Осы орайда академик Ә.Қайдардың мына сөзі 
еске түседі: “Сол кездегі мемлекет құрамында болған тайпалардың (түркі, қарлұқ, түргеш, 
қырғыз, оғұз, тардұш, татабы, шұп, кенгерес, соғды, тоғұз-оғұз, оноқ) тілі өзгермей, бір 
орында тұрмауы, әр кезде ру-тайпа аймағында жазылған бұл ескерткіштер тілін жалпы, 
алып қарасақ, ол әлі бір тұтас болып, қалыптаса қоймаған түркі ұлыстары мен тайпа 
бірлестіктерінің өзара айырмашылығы бар тіл еді, жергілікті ерекшеліктер сақталған тіл 
еді, аударған ғалымның өз тұсынан қосып алғандары да аз емес еді”. Сөйтіп, көне түркі 
жазуы көне түркі тілдерінің фонетикалық және фонологиялық белгілерін анықтап алуға 
мүмкіндік береді. Орхон Енисей, Талас ескерткіштері дауысты таңбаларының 
графемасында ғана әріп варианты көп болған, ал ы, о, ө графемалары бір таңбалы болып 
келеді. Бұдан негізгі инвариант дауыстының (а) вариант, вариациялары (э, е, ә, әе, і) басқа 
дауыстыларға қарағанда артық болғанын графика арқылы да көруге болады деп ойлаймыз. 
Көне түркі жазуы әсіресе қ, к фонемаларының жуан-жіңішке, еріндік-езулік реңктерін 
таңбалаған: [қ], [қ○ ], [к], [к○]. Бұндай графика әсіресе Енисей, Талас ескерткіштеріне тән 
болып келеді. Сонымен, көне түркі жазуы тіл үндестігіне табан тіреген тарихи 
қалыптасуы жағынан кеш пайда болған ерін үндестігін таңбалауды мақсат тұтпаған 
графика болып табылады. Үндесім заңы дауыссыздардың тембрлік әуеніне негізделген 
(Крамски, М.Маллова, В.Томсен, А.М.Щербак), ал дауыстылар үндесімі – осы арқылы 
шыққан екіншілік заң дейміз. Алғашқы әліпби түзушілер санасында дауыссыз дыбыс 
қазіргі түсініктен өзгеше, ерін, езу, тіл мүшелеріне сай тембрлік әуен қоса ассоциацияла-
нып отырған дыбыс типі болғанын айтқымыз келеді. Тілдің даму барысында жуан-
жіңішке, езулік-еріндік әуен қысқа айтылатын сына дыбыс тыңдаушы санасына 
қабылдана бастайды. Сына да-уысты таңбсы әсіресе дауыссыз бен үнділер арасына 
салынған. Қыстырынды дауыстылардың бүкіл руникалық жазбаларға тән екенін айтады 
Э.А.Макаев. Алғашында дауыссыздың тембріне ғана үйлескен, фонемалық жүктемесі жоқ 
дыбыс кейін дифференциацияланған. Оған Енисей, Талас жазуларында сирек таңбаланған 
дауыстылардың Орхон жазуында тұрақты бейнеле-нуі дәлел. Дауыстылардың графикалық 
бейнесі арқылы түркі тілдеріндегі инвариант дауыстыны да, сына дауысты және одан 
өрбіген дауыстылардың вариант, вариацияларын жобалауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет