1-дәріс. Жазудың пайда болуы мен дамуы. Жазудың маңызы мен қызметі


Қазіргі кезде өмірімізде пиктографиялық жазу қолданылмайды, бірақ белгілерін



Pdf көрінісі
бет4/26
Дата19.03.2023
өлшемі1,13 Mb.
#75463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
1-д?ріс. Жазуды? пайда болуы мен дамуы. Жазуды? ма?ызы мен ?ызме

Қазіргі кезде өмірімізде пиктографиялық жазу қолданылмайды, бірақ белгілерін 
күнделікті өмірде кездестіреміз. Олар: жолда жүру ережелері, əртүрлі шартты 
белгілер т.б. 
Пиктографиялық жазу сол уақыттағы адамдардың қажеттілігін өтей алмай, дамудың 
келесі сатысына өтті. Ол идеографиялық жазу болды. 
2. Идеографиялық жазу. Грек тілінде «idea — ой, бейне, grapho — жазу» деген мағынаны 
білдіреді. Негізгі таңбалары — идеограммалар. Кейде мұны логографиялық жазу (лат. 
logos — сөз, gramma — жазу таңбасы, сурет, әріп) деп те атайды, таңбалары — 
логограммалар. Бұл жазу пиктографиялық жазудың жетілген түрі болды. Пайда болу 
уақыты — мемлекеттің пайда болу, яғни құл иелену дәуірі, б.з.д. үш мың жылдықтың 
басы. 
Алдыңғы жазудан басты ерекшелігі пиктограмма тұтас бір ойды, сөйлемді білдірсе, 
идеограммалар жекелеген сөзді немесе белгілі бір морфемаларды білдірді, бірақ дыбысқа 
негізделмеді. Мысалы, пиктографиялық жазуда «садақ» таңбасы «аң аулау немесе соғысу» 
деген ойды берсе, идеографиялық жазуда бұл сөз «садақ» деген мағынаны ғана білдірді, 
яғни әрбір идеограмма бір сөзді немесе морфеманы таңбалады. Бұл жазуды ең әуелі 
ежелгі египеттіктер мен шумерлер қолданған, кейін қытайлықтар дамытты. Бұл жазудағы 
әрбір идеограмма айналадағы заттар мен құбылыстардың белгілеріне ұқсата отырып 
таңбалаумен ерекшеленді. Идеографиялық жазудың негізінде иероглифтер пайда болды. 
Алғашқыда заттың не құбылыстың кескінін білдірген белгілер кейін соның шартты 
таңбасына айналды. Олар алғашында бірдей таңбаланғанымен, әртүрлі тілдер мен 


диалектілерде басқаша дыбысталды. Мәселен, 123 сандары немесе + таңбалары 
бірдей қабылданғанымен, әр тілде түрліше дыбысталатыны сияқты. Қазіргі қытай жазуы 
алғашқы сипатынан көп ерекшеленеді, мұнда осы жазудың жетілген түрі морфема-
логографиялық жазу қолданылады. Мұны кейде морфемограммалар деп атайды. Яғни 
таңбалар тұтас сөзді емес, сөздің құрамындағы жеке морфемаларды белгілейді [2; 555]. 
Мысалы, бір буынды сөздер көп буынды сөздердің морфемаларына айналған. Қытай 
жазуы иероглифтер мен қосымша мағынаны және дыбыстық белгілерді білдіретін 
таңбалардан тұрады. Яғни бұлар идеографиялық иероглифтер және фонетикалық 
иероглифтер болып бөлінеді. Біріншісі синонимдерді белгілеу үшін қолданылса, екіншісі 
омонимдерді белгілеу үшін жұмсалады. Бұл екі түрі де сөздердің мағынасын дәлме-дәл 
беру үшін тіркесіп келе береді. 
Идеографиялық жазудың артықшылықтары: бір сөзбен бір ұғымды берді, нақты бір 
мағынаны беруді көздеді; сонымен қатар морфемаларды да таңбалауға тырысты. 
Кемшілігі, сөздерді дыбыстарға бөліп ажыратып бере алмады; оқуда, түсінуде 
қиындықтар тудырды. 
Бұл жазу көбіне ақпаратты дыбысқа негіздей отырып дәлме-дәл беруде қиындықтар 
тудырды да, кейін буын және дыбыстық жазудың пайда болуына әкелді. 
3. Буын жазуы. Аты айтып тұрғандай, буын жазуында таңба әрбір буынды белгілейді. Бұл 
жазуды кейде силлабикалық (грек тілінен аударғанда «буын» дегенді білдіреді) жазу деп 
те атайды. Буын жазуында дауысты және дауыссыз дыбыстар тіркесіп келеді. Пайда болу 
мерзімі — б.з.д. үш мың жылдықтың бас кезеңі. Бұған ертедегі шумер, ассирия-вавилон, 
жапон, корей, үнді, араб жазулары жатады. 
Буын таңбалары әуелде бір буынды сөздерді белгілеген идеограммалардан жасалған. 
Буын жазуын таңбаларының фонетикалық мағынасы жағынан үш түрге бөліп қарауға 
болады: 
1. ассиро-вавилон, элам, урарт, сына, майя, дыбыстық корей жазуы. Жазудың бұл 
жүйелерінде таңбалар кез келген буынды, буынның мына түрлерін белгілейтін 
болған А (дауысты) + С (дауыссыз), С+А, С+А+С; майя жазуында сөз соңындағы 
дауыссыздарды да белгілеген; 
2. крит-микен, кипр, Эфиопия және жапон буын жазулары. Мұнда таңбалар тек дара 
дауыстыларды және дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстының 
қосындысын белгілейді; 
3. үнді жазуының әртүрлі жүйелері (кхарошти, брахми, т.б.). Бұларда таңбалар жеке-
дара дауыстыларды («а»), дауыссыз бен дауыстының қосындысын («ка») 
белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі жағынан да үш топқа бөлінеді: а) 
логографиялық жазудың даму барысында жасалған крит, майя, кипр буын 
жазулары; ә) Эфиопия, үнді (брахми, кхарошти, т.б.) буын жазулары; б) жапон 
буын жазуы мен лигатуралы-дыбыстық жазу жүйесі (корейлік кунмун). Буын 
жазуы оқытуға, үйренуге, қолдануға ыңғайлы болды. Себебі таңбалардың саны аз, 
ықшам еді (35–40-тан бастап 200-ге дейін жетеді). Буын жазуы сөзді, тілді, әсíресе, 
оның фонетикалық дыбысталуын (фонетикалық транскрипцияға жақын) дәл 
көрсетуге әрí сөздің грамматикалық формаларын беруге қолайлы [2; 561]. 
Қазіргі уақытта бұл жазу түрі бенгал, кхмер, гуджарати, деванагари, телугу, Эфиопия 
жазуларында қолданылады. Сонымен қатар, ритуалдық және діни мақсаттарда 
қолданылатындары да бар: ранджана, сиддхам, тагаль, грантха, батак т.б. жазулары. 
1. Әріп жазуы. Адамзат баласының тарихындағы ең қолайлы жазу әрíп жазуы болды. 
Себебі әрбíр сөз дыбыстық жағын дәл бере алатын әрíптерден құралды және 
грамматикалық формаларды дәл беруде өте икемді болды. Мысалы, «қазақ» (qazaq) 
дейтін болсақ, қ+а+з+а+қ. Бұл әрíптер бір немесе бірнеше фонеманы білдірді. Тілде 
олардың көбінің саны небәрí 20–45-тен аспайды. Бұл адамзат мәдениетíндегí 
жазудың ең жетілген түрі болып есептеледі. Шамамен таза дауыссыз дыбыстық 
жазудың пайда болу мерзімі — б.з.д. екі мың жылдықтың орта кезеңі, ал дауысты 


дыбыстық жазудың пайда болу уақыты — б.з.д. бір мың жылдықтың бас кезеңі. Ең 
алғашқы әрíп жазуы — финикий жазуы. Мұнда 22 таңба болған. Әрқайсысы жеке 
дыбысты таңбалаған. 
Бұл жазу оңнан солға жазылды. Пайда болған уақытын ғалымдар б.з.д. Xғ. дейді. 
Алайда осы жазумен жазылған кейбір ежелгі ескерткіштердің уақыты б.з.д. XVIII ғ. 
меңзейді. Ерекшелігі бұл жазу әуел баста таза дауыссыз дыбыстардан тұрды. Бұған семит 
тобына жататын тілдердің жазуы жатады: қазір қолданылмайтын финикий, ең көне еврей 
жазуы, арамей, оңтүстік араб жазуы т.б. Әріп жазуында дауысты дыбыстардың пайда 
болуы б.з.д. ІХ ғ. грек алфавитінен басталады. Грек әліпбиі финикийдің негізінде пайда 
болды. Бұл кезеңде жазу солдан оңға көшті. Шығыс елдерінің әліпбиі арамейден, ал батыс 
елдерінікі грек жазуынан бастау алады. Арамей жазуынан семит тілдері, Үндістан, 
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің, еврей әліпбиі, еирия, моңғол, араб, орхон-енисей, армян, 
грузин жазулары, грек жазуынан латын, кириллица жазулары, келіп шыққан. Бүгінгі 
уақытта әлемнің 90 пайыздан астамы осы әрîп жазуын қолданады. 
Енді жазуға қатысты кейбір ұғымдарға қысқаша түсініктеме бере кетейік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет