транскрипция, тілдердегі дыбыстық ерекшеліктерді басшылыққа алады, мысалы:
оң қол
[оңғол], ащы [ашы]; ә) фонематикалық транскрипция, мұнда әрбір жеке тілдің
фонемаларына мән беріліп, сөз дыбысталуына, айтылуына жуықтап беріледі, мысалы:
ми
[мый], бу [бұу].
Транслитерация — бұл әліпбидің бір графикалық жүйесін басқасына сәйкестендіріп
ауыстыру деген сөз, яғни бір жазу жүйесіндегі таңбалардың басқа жазу жүйесіндегі
таңбалар арқылы символдарды дәл беруі (немесе символдар тізбегі), онда бір жазба
жүйесінің әр таңбасы (немесе символдар тізбегі) басқа жазба жүйесінің сол таңбасымен
(немесе символдар тізбегімен) беріледі. Мысалы:
қазақ — qazaq — казах. Мұндағы қазақ
тіліндегі
қ латын графикасындағы
q, орыс жазуындағы
х сәйкес беріліп тұр.
Жазу — адамзат мәдениетінің басты көрсеткіші. Әр заманда түрліше сипатта
болған жазу бүгінгі уақытта дамып жетілді. Қанша жерден технология дамыса да, жазуды
жоя да, алмастыра да алмайды, керісінше, жазу технологияға бейімделді. Сондықтан ол
адамзат тілдік қарым-қатынасының басты құралы болып қала бермек. Жазу адам ойының
туындысы болғаннан кейін тілдің одан әрі дамуына, оның құрылымдық жүйесінің
дамуына, күрделі, құрмалас сөйлемдердің, тұтас мәтіннің пайда болуына әсер етті, тілдік
норманың жүйеленуі мен тұрақталуына, әдеби тілдің дамуы мен стильдік тармақтарының
саралануына мүмкіндік туғызды.
Достарыңызбен бөлісу: