1-дәріс. Жазудың пайда болуы мен дамуы. Жазудың маңызы мен қызметі


-дәріс. Дыбыстық жазудың пайда болуы мен дамуы. Дыбыстық жазу түрлері мен



Pdf көрінісі
бет7/26
Дата19.03.2023
өлшемі1,13 Mb.
#75463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
3-дәріс. Дыбыстық жазудың пайда болуы мен дамуы. Дыбыстық жазу түрлері мен 
олардың топтастырылуы Финикий жазуы 
Әріп жазуы буын жүйелі жазудан кейін пайда болды. Таза күйінде консонантты-
дыбыстық жазу ІІ мың жылдықтың екінші жартысында пайда болса , вокалданған-
дыбыстық жазу біздің дәуіріміздің І мың жылдығының басында пайда болды. 
Әріп жазуының пайда болуының дүние жүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы 
болды.Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы – ең қолайлы жазу. Әр түрлі тілдерде буын 
саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды 
таңбалау үшін , әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп 
жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа 
үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы – сөздерді ғана емес, сонымен бірге, олардың дыбыстық 
жағы мен грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы жазу. 
Орфография дегеннен дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы дегенді түсінеміз. Т ілдің 
дыбыстық жағы оның сөздік құрамы және грамматикалық құрылысымен, өз ара 
байланыста болады. Осыған орай фонетикалық жазу тілдің дыбысталу жағын ғана емес, 
сонымен бірге лексикасы мен грамматикалық ерекшеліктерін де қамти алатындай 
алатындай болуы керек. Орфография дұрыс жазудың нормасы мен қағидаларын 
белгілегенде, тілдің әр түрлі жақтарын және олардың байланысын ескере отырып
нақтылы принциптарге сүйенеді, соларды негіз етіп алады.Орфографияның жұп-жұбымен 
тізбектеле қолданылатын алты түрлі принципі бар. Олар мыналар: 
Фонеметикалық принцип пен фонетикалық принцип. Фонеметикалық принцип 
бойынша, әрбір фонема қай позицияда келуіне қарамастан , өзіне бекітілген тұрақты таңба 
– бір әріппен белгіленеді. Орыс тілінде бір сөздің әр түрлі формалары , мысалы, плода 
және плод формалары әр түрлі дыбысталғанымен (плода формасында айтылған сөздің 
құрамындағы ұяң дауыссыз д плод сөзінде айтылуда қатаң дыбысқа айналады), біркелкі 
жазылады. Орфограграфияның фонематикалық принципі бойынша дуб және дуба 
формалары да айтылуда бірінде қатаң, екіншісінде ұяң дауыссыз келуіне қарамастан 
біркелкі ұяң әріппен жазылады. 
Фонетикалық принцип сөздің құрамындағы дыбыстардың айтылуын сақтап жазуды 
басшылыққа алады. Мысалы, жаздыгүні, қыстыгүні, ашудас деген сөздердің 
айтылуынша, осылай жазылуы – орфографияның фонетикалық принципіне сүйеніп 


жазудың нәтижесі. Бірсыпыра сөздердің жазылуында фонематикалық принцип пен 
фонетикалық принцип бірдей ұштасып, бір-біріне сайма-сай келеді. Мысалы, орыс 
тіліндегі пол, ток, кот, сом, сам, қазақ тіліндегі ағаш, тас, көл, қорған, аттаныс тәрізді 
сөздер фонематикалық жақтан да, фонетикалық жақтан да біркелкі жазылып, бір-бірінен 
ажыраспайды. Солай болғандықтан аталған сөздердің жазылуын фонематикалық 
принципке де, фонетикалық принципке де жатқызуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет