Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтары: Физикалық есептердің қалай топтастырылады?
Есеп шығару үрдісінің негізгі кезеңдері қандай?
Физикалық мәтіндік есептердің шығару жолдарын түсіндіріңіздер.
4-дәріс. Тесттік (сынау) сипаты бар тапсырмалар. Дәріс жоспары: Тесттік (сынау) сипаты бар тапсырмалар
Тесттік сипаты бар тапсырмаларға қойылатын жалпы талаптар.
Тест (test) ағылшын сөзі оның қазақша аудармасы тексеру, сынау, байқау деген мағынаны білдіреді.
Тест ұғымының әр түрлі анықтамасы бар оның ішінде көп қолданылып жүргені “Тест дегеніміз –жауабы берілген тапсырма” деп тұжырымдалып жүрген анықтама. Тест мәселесінің ой-қырына терең бойламай айтылған бұл анықтама, оның мәнді белгілерін білдіре алмайды. Сол себепті тест ұғымына анықтама беруді, алдымен оның пайда болу себептері мен даму тарихынан, мәнді белгілерін (мазмұны, формасы, құрылымы т.б) талдаудан бастайық.
Жалпы, тест терминін 1890 жылы алғаш рет ғылымға енгізген американ психологы Дж.Кеттелл. Алайда, тест бойынша тексеруді 1864 жылы алғаш рет қолданған ағылшын Дж.Фишер. Және де, тестілеу мәселесінің толық негізін 1983 жылы жасаған ағылшын психологы, Чарльз Дарвиннің немерелес бауыры Фрэнсис Гальтон.
Өз бастауын Англия мен АҚШ ғалымдарынан алған тест мәселесі 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында француз психологы В.Штерннің еңбектері арқылы дами түсті .
Бұл кезеңде тест негізінен психологиялық тұрғыда яғни жеке адамның психологиялық-танымдық мүмкіндіктерін (адамның ақыл-ой деңгейін, интелектуалдық коэффициентін анықтау т.б ) бағалау бағытында қолданды.
Американ ғалымдары К.Спирмен мен Э.Торндайктың еңбектері негізінде педагогика саласына да дендеп енгізіле бастаған тест ХХ ғасырдың 20 жылдарында бұрынғы кеңес мектебінде де қолданыла бастаған. Осы кезде мектепке арналған тестілер жинағы жарық көрді.
Бұрынғы КСРО көлемінде педагогикаға тест тек қана араға 40 жыл салып барып, 1980 жылдан бастап бірте-бірте қолданыла бастады.
Қазіргі кезде әлемнің Нидерландия, Франция, Жапония, Англия, Израиль, Жаңа Зеландия, Дания, АҚШ, Австралия, Канада сияқты елдерінде тест оқушының білім, білік және дағдысын тексеруден бастап, Президентке үміткердің интелектуалдық коэффициентін анықтауға дейінгі қоғамның барлық салаларында қоданылады. Бұл елдерде тест құрастырумен бірнеше алып орталықтар айналысады, олар өз идеяларын таралымы 100 мыңдап саналатын журналдардың көмегімен таратады.
Тіпті қазіргі кезде педагогика өлшеу теориясы, математикалық модельдеу, математикалық статистика, автоматизация сияқты ғылым салаларының қиылысуынан педагогикалық тестология деген ғылым саласы, педагог-тестолог деген мамандық пайда болды. Бұл мамандық иесінің мақсаты ғылым саласының маманымен бірге, тестология теориясының негізінде яғни тест құрылымы, мазмұны, формасы т.б мәселелерді ескере отырып, ғылымның әр саласы бойынша тестілеу дайындау.
Біздің елімізде де тест мәселесі соңғы жылдары қоғамның барлық салаларына әсіресе білім беру салаларына батыл енгізілуде.
Тестілеу - оқушылардың жетістіктерінің деңгейін максимал әділдікпен бағалауға және осы мүмкіншіліктерді сандық түрде өрнектеуге мүмкіндік беретін, арнайы құрастырылған ғылыми-үйлестірілген процедура.
Тест тапсырмаларын келесі түрлерге бөлуге болады:
Жабық түрдегі тапсырма.
а) бір дұрыс жауапты (екі, үш, төрт және т.б. ішінен) таңдау мүмкіндігімен;
б) бірнеше дұрыс жауаптарды таңдау мүмкіндігімен.
Ашық түрдегі тапсырма. Жауап қажетті орынға жазылады.