Түсінік хат. Сөйлем мүшелері синтаксис саласының зерттеу объектісі



бет1/8
Дата06.06.2023
өлшемі494,75 Kb.
#99015
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
DOC-20230418-WA0007

1
Түсінік хат.


1.Сөйлем мүшелері – синтаксис саласының зерттеу объектісі. 3
1.1Тұрлаулы мүшелер – ойды жеткізудің негізі 5
1.2Бастауыш пен баяндауыштың жасалуы 5
2.Тұрлаулы мүшелердің өзіндік белгілерін таныту 11
2.1 Тұрлаулы мүшелердің өзіндік белгілерін таныту 14
2.2Сөйлем мүшелерін көрнекілік арқылы меңгерту 14
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер тізім 22
Қосымша 23


Түсінік хат.
Өзектілігі. Бастауыш пен баяндауыш – сөйлемдегі предикаттық қатынастың негізі. Сондықтан сөйлемдегі тұрлаулы мүшелер мәселесі үнемі грамматиканы зерттеуші ғалымдардың назарында болған. Түркі тілдеріне арналған грамматикаларда сөйлемнің бас мүшелері – бастауыш пен баяндауыш туралы мағлұматтар берілді. Қазақ тілінің грамматикасын зерттеген алғашқы лингвист – ғалымдарымыз А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Жиенбаев, Н.Сауранбаев, Ғ.Бегалиевтердің еңбектерінде сөйлемнің бас мүшелері әртүрлі дәрежеде сөз болады. Олар, негізінен, сөйлем мүшелеріне анықтама беріп, оның тілдегі қолданысына мысал келтірумен шектелген болса, 50 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін зерттеушілеріміз аталған мәселеге әр қырынан келеді.Осы тұрғыдан келгенде, қазақ тілінің синтаксис саласын зерттеуші М.Балақаевтың, Т.Қордабаевтың, О.Төлегеновтің, Р.Әміровтің, Қ.Есеновтың, Ә.Аблақовтың, Т.Сайрамбаевтың, М.Серғалиевтің, Е.Ағмановтың т.б еңбектері ұлттық лингвистикамыздағы әр алуан аспектілерді талдаумен бірге көптеген жалпы түркілік проблемаларды шешуге де мұрындық болары сөзсіз.
Зерттеу нысаны – сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің грамматикалық белгілері мен жасалу жолдары.
Зерттеу мақсаты – қазақ тіліндегі тұрлаулы мүшелерге тән грамматикалық белгілер мен олардың арнайы грамматикалық тұлғасын нақтылау. Осыған байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

  • сөйлем мүшелерінің грамматикалық тұлғаларын топтастыруда қолданылатын ұстанымдарды нақтылау;

  • семантика-грамматикалық ұстаным бойынша тұрлаулы мүшелерді жіктеу;

  • аталған жайттарды нақты тілдік фактілермен дәлеледеу

  • тұрлаулы мүшелердің грамматикалық тұлғаларын айқындау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет