№1 Дәріс. Кіріспе. Жалпы жертанудың мақсаттары мен міндеттері. Негізгі сұрақтары



Pdf көрінісі
бет7/8
Дата31.12.2016
өлшемі0,99 Mb.
#872
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін – өзі тексеру сұрақтары: 

1.

 

Биосфера түсінігі 



2.

 

Биосфера тіршілік ортасының сипаты 



3.

 

Биосфераның басқа жер сфераларымен байланысы 



4.

 

Биосфера жайындағы В.И.Вернадскийдің ілімі жайында  



 

 

 



 

 


Дәріс №11. Ағзалардың тіршілік қауымдастығы: биомасса,биотика, 

биоценоз, биогеоценоз, экожүйе, т.б.қорықтар мен қорықшалар 

 

Негізгі сұрақтары: 

1.

 



Биомасса,  биотика,  биоценоз,  экожүйе  жайлы  түсінік  беру  және 

сипаттама 

2.

 

Қорықтар ерекшеліктері, түрлері, таралуы 



3.

 

Қорықшалар ерекшеліктері, түрлері, таралуы 



 

      Биомасса (гр. bios -  өмір  және  масса)  —  бір  түрдің,  түрлер  тобының 

немесе 

бүтіндей 



бірлестіктердің 

(өсімдік, микроорганизм және 

жануарлардың) тіршілік ететін  мекенінің  бірлік  бетіне  не  көлеміне  келетін 

жалпы массасы;  аудан  немесе  көлем  (г/м

2

 немесе  г/м



3

)  бірлігіне  салмағы 

бойынша өрнектелген тірі ағзалар мөлшері. 

     Өлшем бірліктері: кг/га, 

г/м

2



г/м

3



кг/м

3

, т.б. 



Өсімдіктердің 

биомассасы фитомасса,  жануарлардың  биомассасы зоомасса деп  аталады. 

Экожүйеде энергияның таралуы  мен  орташа  биомассаның  арасындағы 

байланысты 

анықтау 

үшін 


Дж/м

2

 өлшемі 



пайдаланылады. Құрлықтағыгетеротрофты организмдердің ішінде топырақта 

тіршілік  ететін микроорганизмдердің биомассасы  өте  жоғары  болады.  Атап 

айтқанда, жауын  құртының тіршілік  ету  ортасына  байланысты  биомассасы 

200  —  1500  кг/га  аралығында  болады. Сүтқоректілер мен құстардың орташа 

жылдық биомассасы  1  — 15  кг/га  (бірақ  бұл  көрсеткіш  құстардың  қыстауы 

мен қоныс аударуы кезінде жоғары болады). 

      Биосферадағы  тірі  организмдердің  жалпы  биомассасы,  әр  түрлі 

есептеулерге қарағанда 1,8х10

12

 — 2,4х10



12

 т болуы мүмкін. 

Биогеоценоз (био..., 

гео... 


және гр. koіnos — 

жалпы) 


— тіршілік ету 

жағдайлары  ұқсас,  белгілі  аумақта  өсетін  өзара  байланысты  түрлердің 

(популяциялардың) тыныс-тіршілік ортасы. 

     Биогеоценоз  терминін 1940 ж.  орыс  ғалымы  В.Н.  Сукачев  ұсынған. 

Ғылыми  әдебиетте  биогеоценозды экологиялық  жүйе деп  те  атайды.Дара 

бастың заталмасу және энергия қабылдаупроцестері биогеоценозпопуляциял

ары  арасындағы  байланыстардың  негізін  құрайды.  Қоректену  әдісіне  қарай 

барлық 


тірі 

организмдер автотрофты 

организмдер және гетеротрофты 

организмдер болып бөлінеді.   

      Биогеоценоздағы  зат  айналымы  тіршіліктің  пайда  болу  процесінде 

қалыптасып,  тірі  табиғат  эволюциясының  дамуы  нәтижесінде  күрделене 

түседі.  Сондай-ақ,  биогеоценозда  зат  айналымы  болу  үшін  экожүйеде 

анорганикалық  заттардан  органикалық  заттар  түзетін  және  Күн  сәулесінің 

энергиясын  басқа  түрге  өзгертіп,  сол  органикалық  заттарды  пайдаланып, 


оларды  қайтадан  анорганикалық  қосылыстарға  айналдыратын  организмдер 

болады.  

  Биогеоценоздың негізін продуценттер, консументтер, редуценттер құрайды. 

Биогеоценозды  және  онда  өтіп  жатқан  процестерді  сипаттайтын 

көрсеткіштер: 

 



түрдің  алуан  түрлілігі  (осы  биогеоценозды  құрайтын  өсімдіктер  мен 

жануарлардың түрлерінің саны); 

 

популяция  тығыздығы  (бір  түрдің  аудан  немесе көлем бірлігіне  келетін 



дара бастар саны); 

 



биомасса.  

Биогеоценоз 2-ге бөлінеді. 

1.

 

Табиғи  биогеоценоз (тоған,  орман,  т.б.)  —  табиғи  сұрыпталу 



нәтижесінде  қалыптасатын  өздігінен  реттелетін  күрделі  де  тұрақты 

биологиялық жүйе. 

2.

 

Жасанды  биогеоценоз —  түрлі  агрономиялық  әдістерді  қолдану 



нәтижесінде  алынған  агроценоздар.  Бұған  қолдан  жасалатын 

шалғындықтар,  егістіктер  мен  жайылымдар,  қолдан  отырғызылатын 

ормандар жатады. 

      Экологиялық 

жүйе, экожүйе – 

тірі 


ағзалар 

жиынтығының 

қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін 

бірлесепайдалануының тарихи қалыптасқанжүйесі. Экожүйе құрамына орган

измдер де, табиғи орта  да  кіретін  тірі  табиғаттың  негізгі  функционалдық 

бірлігі 


болып 

табылады. 

Экожүйенің 

құрылымын энергиянытрансформациялаудың үш  деңгейі  (консументтер, 

продуценттер,  редуценттер)  мен  қатты  және  газ  тәрізді  заттар  айналымы 

құрайды. 

Экожүйенің 

қасиеттері 

оның 

құрамына 



кіретінөсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне  байланысты.  Әр  түрлі 

экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар 

мен 

судың 


қорын 

пайдалануы 

әр 

түрлі 


мөлшерде 

жүреді.Биомасса мен энергияның ауысып,  өзгеріп  отыратын  кездерінде 

тіршілік 

қорлары 


барынша 

толық 


пайдаланылатын 

экожүйелерді қаныққан деп,  ал  осы  қорды  толық  пайдаланбайтын 

экожүйелерді  қанықпаған  деп  атайды.Экологияның  ең  негізгі  объектісі 

экологиялық  жүйе,  немесе  экожүйе  .  Функциялық  тұрақтылығы  аз  уақытқа 

созылса-да  қарым  -қатынаста  болатын  құраыштары  бар  кез  келген  бірлікті 

экожүйе деп атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет 

ұсынған  ағылшын  экологі  А.  Тенсили  .  А  Тенсили  экожүйенің  құрамына 

организмдерде абиотикалық орта да керетін жер бетіндегі тірі табиғатынтың 

негізгі  функциясының  бірлігі  деп  есептеуі  және  оның  әр  бөлігінің  екіншіне 

әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе – зат айналымы 



мен  энергия  тасмалдануы  жүретін  табиғи  бірлік  .  Экожүйеде  зат 

айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі 

қоры  және  орагнизмнің  үш  функцияоналды  әр  түрлі  экологиялық  топтары: 

продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек. 

      Биосферадағы экожүйелердің бастапқы  қалпын  сақтап  калу  және  корғау 

тірі  организмдердің  сан  алуан  түрлілігін  сақтау  мәселелерімен  тығыз 

байланысты. 

      Қазіргі  кезде  Жер  шарында  адамның  аяғы  тимеген  және  іс-әрекетінің 

әсеріне  ұшырамаған  алқаптар  жоқтың  қасы.  Дегенмен  де  табиғаттың 

бастапқы  табиғи  қалпы  сақталған  немесе  антропогендік  факторлардың 

ықпалы 

онша 


байқала 

коймаған 

экожүйелердің 

біраз 


бөлігін 

табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Өйткені мұндай аумақтар 

антропогендік факторлар көбірек ықпал еткен аймақтармен салыстыру үшін 

қажет.  Халықаралық  қабылданған  ережелерге  сәйкес  әрбір  мемлекеттің 

жалпы  жер  аумағының  10%-ы  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар 

мәртебесін алуы қажет. 

     Ерекше 

корғалатын  табиғи  аумақтарға  биосфералық  қорықтар, 

мемлекеттік  табиғи  қорықтар, мемлекеттік  ұлттық  табиғи  саябақтар, 

қорықтық аймақтар,  корықшалар және  т.б.  табиғи нысандар  жатады.  Соңғы 

деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан 

астам  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  ұйымдастырылған.  Мұндай 

аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі 

құрлықтың 1,6%-на тең. 

     Қазақстанда ерекше 

қорғалатын 

табиғи 

аумақтар 



туралы 

заң 1997 және 2006 жылдары  қабылданды.  Мұндай  Республикалық  маңызы 

бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылу мақсаттарына және 

табиғат корғау ережелеріне сәйкес бірнеше топқа бөлінеді. 

1. Мемлекеттік ұлттық қорықтар. 

2. Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар. 

3. Мемлекеттік табиғи резерваттар. 

4. Мемлекеттік корықтың аймақтар. 

5. Мемлекеттік табиғи қорықшалар. 

6. Мемлекеттік табиғат ескерткіштері. 

7. Мемлекеттік зоологиялық бақтар. 

8. Мемлекеттік ботаникалық бақтар. 

9. Мемлекеттік дендрологиялық бақтар және т.б. 

     Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтардың  соңғы  кезде  ұйымдастырылып 

жүрген  түріне  —  биосфералық  қорықтар  жатады.Биосфералық  қорықтар 

дүние жүзіндегі кейбір ауқымды аймақтардың табиғатын қорғау және сақтап 

қалу  мақсатында  ұйымдастырылады.  Онда  табиғат  қорғау  шаралары 


халықаралық  деңгейде  жүргізіледі.  Мұндай  қорықтар  табиғаты  онша 

өзгеріске  ұшырамаған  экожүйелерде  ұйымдастырылып,  табиғатта  үздіксіз 

болып  жататын  өзгерістерге  бақылау  жасалынып  талданады.  Биосфералық 

қорықтардың  аумағы  бірнеше  белдемдерге  (ішкі,  шекаралық  және 

шаруашылық) бөлініп, ғылыми зерттеу  жұмыстары жүргізіледі. Қазір дүние 

жүзінде 


350-ге 

жуық 


биосфералық 

қорық 


ұйымдастырылған 

Қазақстандағы Қорғалжын және Наурызым қорықтарына биосфералық қорық 

мәртебесі берілген. 

      Ақсу-Жабағылы, Алматы, Марқакөл және Батыс  Алтай қорықтары  таулы 

алқаптың табиғат байлығын қорғайды. Мысалы, Ақсу-Жабағылы қорығында 

сарыбауыр  аяқсыз  кесіртке,  үнді  жайрасы,  Алматы  қорығында  орақтұмсық, 

ілбіс,  т.б.  қорғалады.  Ал  Алакөл  қорығында  қара  мойнақ  шағала,  т.б. 

қорғауға алынған. 

      Біздің  елімізде  ерекше  корғалатын  табиғи  аумақтардың  негізгі  түрі  — 

мемлекеттік  табиғи қорықтар.  Қорықтар  ғылыми  мекемелер  қатарына 

жатады. 

Қорық 


аумағында 

ешқандай 

шаруашылық 

жұмыстары 

жүргізілмейді,  онда  тек  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  ғана  жүргізіледі. 

Сондықтан  қорық  аумағында  жоғары  білімі  бар  арнайы  мамандар  ғылыми 

зерттеу  жұмыстарымен  айналысады.  Қазір  Қазақстанда  10  мемлекеттік 

табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей 

катаң  түрде  қорғалады.  Сонымен  бірге  қорықтар  белгілі  бір  экожүйелерді 

қорғау  мақсатында  арнайы  ландшафтыльщ  аумақтарда  ұйымдастырылады. 

Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т.б. экожүйелердің қорықтары деп 

бөлінеді. 

       Далалы 

аймақта 


ұйымдастырылған Наурызым, Үстірт және Барсакелмес қорықтары 

шөлді 


аймақтың  табиғи  бірлестіктерін  қорғау  мақсатында  ұйымдастырылған.  Бұл 

қорықта 1953 жылы 

Түрікменстаннан 

әкелініп 

құлан 

жерсіндірілді. 



Алтынемел  ұлттық  табиғи  саябағында  да  жерсіндірілген.  Ал Қорғалжын 

қорығы сулы-батпақты  алкаптың  табиғат  байлығын  қорғайды.  Келешекте 

Торғай, Сарықопа жәнө Тарбағатай қорықтарын ұйымдастыру көзделуде. 

Ұлттық  табиғи  саябақтарда  табиғат  қорғау  жұмыстарымен  бірге  табиғат 

қорғауды  насихаттау,  экологиялық  білім  мен  тәрбие  беру,  туризмді  үгіттеу 

жұмыстары  қоса  жүргізіледі.  Елімізде  10  ұлттық  табиғи  саябақ 

ұйымдастырылған.  Ұлттық  табиғи  саябақтар  көбіне  табиғаттың  көрікті 

жерлерінде  ұйымдастырылып,  шаруашылық  жұмыстарды  табиғат  қорғау 

жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі. 

       Елімізде  соңғы  жылдары Шарын (2004  ж.), Сайрам-Өгем (2006  ж.) 

және Көлсай  көлдері (2007 ж.) ұлттық  табиғи саябақтары ұйымдастырылды. 


Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы, 

Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда. 

Табиғи  қорықшалар —  белгілі  бір  ерекше  табиғи  аумақтардағы  барлық 

табиғат байлықтарын кешенді корғауға немесе өсімдіктер мен жануарлардың 

жеке  түрлерін  корғау  мақсатында  үйымдастырылады.  Сондықтан 

қорықшалар кешенді, зоологиялық, ботаникалық, геологиялық және т. б. деп 

бөлінеді. Кейде қорықшалар уақытша (он не жиырма жыл мерзіміне) немесе 

тұрақты түрде ұйымдастырылады. Қорықшаларда табиғат корғау жұмыстары 

онша  қатаң  түрде  жүргізілмейді  және  шаруашылық  жұмыстардың 

жекеленген түрлеріне ғана тыйым салынады. 

      Табиғат  ескерткіштері —  көбіне  тарихи-табиғи  және  ғылыми  мәні  зор 

жеке  табиғат  нысандарын  ғана  (өсімдіктердің,  жануарлардың  жеке 

түрлері, үңгірлер, сарқырамалар және  т.б.)  қорғауды  көздейді.  Олардың 

ғылыми-танымдық  мәніне  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Елімізде  республикалық 

мәні бар "Қаз қонақ" (Ертіс өзенінің жағалауында), "Шарын шаған тоғайы", 

"Шынтүрген  шыршалары"  (Алматы  облысында)  "Баум  тоғайы"  (Алматы 

қаласында) жәнө т.б. табиғат ескерткіштері бар. 

     Ерекше 

қорғалатын  табиғи  аумақтардың  жаңа  түрі  — табиғи 

резерваттар. Елімізде  Ертіс  өзенінің  алқабындағы  реликті  қарағайлы 

ормандарды  қорғау  мақсатында 2003 жылы  "Ертіс  орманы"  және  "Семей 

орманы"  деген  табиғи  резерваттар  ұйымдастырылды.  Табиғи  резерваттарда 

қорықтық белдем де, шаруашылық жүргізілетін алқаптар да бірге қорғалады. 

Табиғи  резерваттарда,  негізінен,  биологиялық  сан  алуан  түрлілікті  сақтауға 

және оны қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлінеді 

 

Өзін – өзі тексеру сұрақтары: 

1.

 

Биомасса, биотика, экожүйе, биоценоз түсінігі 



2.

 

Қорықтар  мен  қорықшалар  ерекшеліктері,  олардың  құрылудағы 



мақсаты 

3.

 



Қорықтар мен қорықшалар флорасы мен фауналық ерекшеліктер 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Дәріс № 12. Географиялық орта және қоғам 

 

Негізгі сұрақтары: 

1.

 



Адам – қоғам – табиғат байланысы 

2.

 



Адам мен табиғат арақатынасынан туындайтын проблемалар 

3.

 



Антропогендік ландшафттар және олардың түрлері 

 

     Географиялық  орта —  адамды  қоршаған табиғат,  қоғамдық  өмірдің 



қажетті  әрі  тұрақты  шарты;  географиялық  қабықтың бір  бөлігі. 

Географиялық  орта  түсінігі  табиғаттың  қоғам  өміріне  әсер  ететін 

құбылыстары  мен  процестерін  де  қамтиды.  Қоғам  дамыған  сайын  оның 

материалдық  қажеттерін  қамтамасыз  ететін  табиғат  ортасы  да  кеңейе 

береді. Географиялық қабықтың Географиялық  Ортаға  енбейтін бөліктері  де 

ондағы 


табиғат 

жағдайларының 

қалыптасуына 

әсер 


етеді. 

Мысалы, Гималайдың биік шыңдары  Географиялық  Ортаға  енбегенімен 

көршілес аймақтардың климатын қалыптастыруға қатысуы арқылы олардың 

Географиялық Ортасына да күшті ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда, геогр. 

қабық  тұтасымен  Географиялық  Орта  болып  табылады.  Географиялық 

Ортаның  қоғам  дамуындағы  рөлі  жөніндегі  мәселе  ойшылдар  назарын 

ежелден-ақ аударып келеді. Қазіргі кезде табиғат пен қоғам арасындағы өзара 

қарым-қатынастар  біртұтас  жүйе  аумағындағы  қарым-қатынас  ретінде 

қарастырылады.  Географиялық  Орта  —  қоғам  дамуының  материалдық 

қайнар  көзі.  Адамзат  қоғамы  табиғатты  өзгертетін сыртқы факторбола  тұра, 

осы  өзгерістер  жүретін  Географиялық  Ортаның  айрықша  құрамдас  бөлігі 

болып есептеледі. Сондықтан Географиялық Ортаның қоғамдық элементтері 

мен  табиғи  элементтерінің  қарама-қайшылықтары  қоғамдық  өндірісті 

дамытушы  фактор  ретінде  айқындалады. Адамзаттіршілігін  табиғат  пен 

қоғамның  ұдайы  өзара  әрекеттесуі  ретінде  бағалауға  болады. Адамзат өз 

әрекеті нәтижесінде табиғи ортаға тән емес жаңа элементтерді (қалалар мен 

жолдар,  егістіктер  мен  бау-бақшалар,  бөгендер  мен  каналдар,  т.б.) 

Географиялық  Ортаның  құрамына  енгізеді.  Қоғамның  табиғи  ортаға  әсері 

қарқындаған  сайын  Географиялық  Ортаның  біртұтастығы  да  арта  түседі. 

“Адамданған табиғат” ретіндегі Географиялық Ортаның күрделі сипаты оны 

танып-білу  процесін  де  күрделендіре  түседі.  Бұл  таным  процесі 

Географиялық 

Ортаның 

үш 


құрамдас 

бөлігі 


(өлі 

табиғат, 

тірі табиғат және адамзат қоғамы)  арасындағы  аса  маңызды  сапалық 

айырмашылықтар  мен  ортақ  заңдылықтарды  және  олардың  жеке 

ерекшеліктерін ескергенде ғана мүмкін болады. 

     Географиялық  орта  -  адам  қоғамын  қоршаған  жер  бөлігі;  географиялық 

қабықтың адам белгілі бір дорежеде игеріп, қоғамдық өндірісте пайдаланып 

жүрген бөлігі; адам қоғамының өмір сүруінің материалдық негізін құрайтын 



табиғи  және  антропогендік  құрамбөліктердің  құрылымдық  және  кеңістіктік 

жағынан  күрделі  үйлесімі.  Географиялық  ортаның  адам  іс-әрекетінің 

осерінен  ұдайы  өзгеріп  отыруы,  оның  антропогендік  элементтермен 

қорлануы  адамзаттың  бүкіл  өмірі  бойыида  болады.  Әр  түрлі  елдер  мен 

аудандардың  табиғат  жағдайларының  (ресурстармен  қамтамасыздығы, 

климаты, бедері, тағы да басқалары) әр қилы болуына саятын географиялық 

ортаның  ерекшеліктері кейде қоғам  өміріне  едәуір  әсер  етеді, оның  дамуын 

тездетеді немесе баяулатады. 

    Бізді  қоршаған  орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен 

алыстағы  жұлдыздар  —  осылардың  барлығы  да  табиғат  деген  ауқымды 

ұғымды білдіреді. 

    Адам -  табиғаттың  ажырамас  бөлігі.  Сондықтан  халқымызда  «Жер-Ана» 

деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу 

Ата  қостаған  салтымыз.  «Жер  шоқтығы  -  Көкшетау»,  «Жер  жаннаты  - 

Жетісу»  деп,  бабаларымыз  туған  жерге,  табиғатқа  деген  ыстық  махаббатын 

білдірген. 

     Сондықтан  орман-тоғайларды  сақтап,  қоршаған  ортаның,  өзен  мен 

көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. 

 

«Су ішкен құдығыңа түкірме» 



 

«Бұлақ көрсең, көзін аш» 



деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін сіңірген. 

    Табиғатта 

үздіксіз 

өзгерістер 

болып 

жатады. 


Мысалы, жанартаудың атқылауы  ,  найзағайдың  жарқылы,  судың  мұзға 

айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді. 

Аспан  денелерінің  қозғалысы,  гүлдердің  шешек  атуы,  ағаштың  жайкалып 

өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы 

да қоршаған ортадағы өзгерістер. 

    Әлемде  орын  алатын  сан  алуан  өзгерістер  табиғат  құбылыстары  деп 

аталады.Табиғат  қүбылыстары  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Оларды 

физика,  астрономия, география, геология, биология, химия сияқты  ғылымдар 

зерттейді.  Әр  ғылымның  табиғатты  зерттеуде  өз  мақсаты  мен  міндеті  бар. 

Мысалы,  физика  негізінен  механикалық  қозғалысты,  жылу,  электр,  жарық 

құбылыстарын 

зерттейді. 

Физика 

ғылымы 


зерттейтін 

табиғат 


құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады. 

     Физика  басқа  да  жаратылыстану  ғылымдарымен  өзара  тығыз  байланыста 

болады. Мәселен, географияда физика заңдарын өзендердің қалай ағатынын, 

желдің  қалай  пайда  болатынын  түсіндіру  үшін  қолданады.  Сол  сияқты 

биологияда  физика  заңдарын  пайдаланып,  хайуанаттардың  қалай 

қозғалатынын және көру мүшелерінің қалай жұмыс жасайтынын түсіндіреді. 



Сондықтан физика заңдары мен құбылыстарын инженерлер, конструкторлар, 

дәрігерлер,  агрономдар,  көлік  жүргізушілер және  т.б.  көптеген  мамандар 

оқып пайдаланады. 

    Астрономия ғылымы физика заңдарына 

сүйеніп, 

бақылайтын 

аспан 

денелері  мен  құбылыстарының  табиғатын  түсіндіреді.  Олардың  қасиеттері 



мен көрінісін ұғындыруға, құбылыстардың себеп-салдарын ашуға тырысады. 

Мысалы,  физика  мен  астрономияға  ортақ  құбылыстар  -  күн  мен  түннің 

ауысуын  және  Күннің  түтылуын  қарастырайық.  Жарық  күн  мен  қараңғы 

түннің  алма-кезек  ауысуының  себебі  Жердің  өз  осінің  төңірегінде  үздіксіз 

айналуы болып табылады. 

Жер  өз  осін  бір тәулікте (24 сағатта)  толық  бір  айналып  шығады.  Жердің 

айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы 

көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады. 

Ертеде  адамдар  күн  мен  түннің  алмасуын  Жерді  төңіректеп  Күннің 

айналуынан  деп  қате  түсіндірген.  Шындығында,  Жер  бір  жылда  (365 

тәулікте)  Күнді  бір  рет  айналады.  Жыл  мезгілдерінің  ауысуы  Жердің  Күн 

төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды. 

Күннің түтылуы да табиғат құбылыстарының бірі болып табылады. 

    Антропогендік жүйе (кезең), антропоген — қ. Төрттік жүйе, төрттік кезең. 

Антропоген, антропогендік жүйе - геологияда ұзақтығы 700 мың млн жылға 

жуық 


кайнозойдың 

қазіргі 


ең 

соңғы 


(төрттік) 

жүйесі 


(кезеңі). Плейстоцен және голоцен деп  бөлінеді.  Плейстоценде  жоғары 

ендіктерде  климаттың  бірнеше  рет  суынуы  мен  жылынуының  ауысымдары 

материктік мұз  басу мен  мұз-  дықсыз  атыраптарда  ылғалды  климаттың 

тұрақтануымен жалғасты. Бұл кездегі ең маңызды окиға — Жер бетінде адам 

пайда болды. 

    Антропогендік  аккумуляция  адамның  қарекетінің  салдарынан  жер 

бедерінің үйінділерден және шайындылардан тұратын (корғандар, үйінділер, 

бөгеттер, қазындылар және тағы да басқалары) аккумуляциялықпішіндерінің 

түзілуі. 

    Антропогендік  бедер  адамның  шаруашылық  карекетінің  әсерінен  пайда 

болған  немесе  едәуір  өзгерген  бедер  пішіндерінің  жиынтығы.  Бедердің 

антропогендік 

өзгеруі 

жерді мелиорациялау (террасалау, 

беткейлерді 

белестеу, суару және  коріздеу  торларын  жасау)  кезінде,  құрылыстар 

(үйінділер,  дамбалар,  ойық-  тар,  каналдар)  салған  кезде,  бұзылған 

ландшафтыларды қалпына келтіргенде қалыптасады. 

    Антропогендік  жүктеме  табиғи  ортаның  кейбір  құрамдастарына  (жер 

бедеріне,  топыраққа,  өсімдікке,  жануарлар  дүниесіне  және  тағы  да 

басқалары)  немесе  тұтастай  ландшафтыға  тікелей  және  жанама 

антропогеңдік-техникалық әсерлердің дәрежесі. 



    Антропогендік  құрамдастар  адамның  өндірістік  және  өндірістік  емес 

қарекеттерінің  ер  түрлі  "іздері"  мен  нысандары  -  ер  текті  құрылыстар 

мен плантациялар. 

     Антропогендік ландшафт адамның мақсатты қарекеті салдарынан, сондай-

ақ  табиғи  ландшафтыны  әдейілемей  өзгертуі  барысыңда  пайда 

болған географиялық ландшафт. 

     Антропогендік  топырақтар  адамның  қарекетінің  нәтижесінде  түзілген 

топырақтар. 

Мысалы, 

ауыл 


шаруашылығы 

жерлерінің, көшетханалар мен жылыжайлардың өте құнарлы топырақтары. 

    Антропогендік  факторлар  табиғаттың  кейбір  құрамдастары  мен  табиғи 

кешендеріне адамның әр түрлі қарекетінің әсерінен туындайтын факторлар. 

    Антропогендік  экожүйелер.  Aдам  өзгерткен  немесе  адам  қолдан  жасаған 

мәдени экожүйелер. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет