№1 Дәріс. Кіріспе. Жалпы жертанудың мақсаттары мен міндеттері. Негізгі сұрақтары



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата31.12.2016
өлшемі0,99 Mb.
#872
1   2   3   4   5   6   7   8

Өзін – өзі тексеру сұрақтары: 

1.

 



Күн жүйесінің орналасу заңдылықтары 

2.

 



Күн жүйесін құрайтын планеталар ерекшеліктері 

3.

 



Жер планетасының пайда болуы 

4.

 



Жер планетасының құрылысы мен өлшемдері 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Дәріс №3. Жер аспан әлемінде 

 

Негізгі сұрақтары: 

1.

 



Ғарыштық денелер және олардың өзара әрекеттері 

2.

 



Галактика және Күн жүйесі 

3.

 



Жер планетасы – тіршілік иесі 

 

 



      Ғарыштық  денелер:  астероидтар,  метеориттер,  құйрықты  жүлдыздар, 

кометалар  т.б.  Астероид (ежелгі  грек  тілінде ἀστεροειδής  —  «жұлдыз 

іспетті»)  деп  салыстырмалы  түрде  ғарыштық  обьектіні  айтады.  Ара-тұра 

оларды  кіші  планеталардың  қатарына  жатқызып  жататындар  бар.  Бірақ 

олардың  планетамен  салыстыруға  келмейтін  кіші  көлемдерін  есепке  ала 

отырып, соңғы уақыттарда «ғарыштық қалдықтар» деген ат жиі қолданылып 

жүр. 

      Бүгінгі  таңда  Күн  айналасында  миллиондаған  астероидтар  бар.  Олардың 



шамамен  алғанда  750  мыңдайы  Марс  пен  Юпитер  орбиталары  аралығында 

«астероид  белдеуін»  құрайды.  Аталған  обьектілердің  көлемі  диаметрлік 

тұрғыдан алғанда бірнеше, тіпті, одан да көп километрлерге созылып жатыр. 

Мәселен, Церера астероидының диаметрі 940 километрге пара-пар екен. 

Метеор (ежелгі  грек  тілінде  μετέωρος  —  «аспан»  деген  ұғым) –  Жер 

атмосферасына  түсіп,  күйіп  кететін  кез  келген  ғарыштық  дене немесе 

астероид.  Біз  оларды  «аққан  жұлдыз»  деп  жатамыз.  Егер  метеордың  жерге 

түсіп келе жатып бір бөлігі сау қалса, онда метеоритке айналады. 

     Метеориттерді  көбіне  темір  мен  тас  деп  екі  түрге  бөледі.Аттары  айтып 

тұрғандай,  темір  метеориттердің  құрамы  тоқсан  пайызға  дейін  темірден 

тұрады. Ал тас метеориттердің құрамында кремний, магний, темір мен тағы 

да көптеген элемент түрлері кездесіп отырады. 

      «Метеороид». Күнді айналып жүретін астероид пен құйрықты жұлдыздар 

(комета)  осы  бір  терминге  түсініктеме  бола  алады.  Өз  кезегінде  ескерте 

кететіні,  астероид  пен  метеорид  арасында  анау  айтқандай  айырмашылық 

жоқ.  Бар  айырма  —  біріншісінің  екіншіге  қарағанда  үлкендігі.  Соған 

қарамастан,  атмосфера  қабатына  өтіп,  толық  жанып  кеткен  жағдайда 

«метеор»  деген  жалғыз  атау  ғана  беріледі.  Ал  метеордың  жарылуы 

барысында орын алған отты алауды «болид» деп айтады. 

       Құйрықты жұлдыз, комета – Күн жүйесінің кіші денесі;аспанда оқтатекте 

тұманданған  нысан  түрінде  байқалып,жұлдыздарға  қатысты  орын 

ауыстыратын,  центрінде  ядросы  аспан  денесі.  Құйрықты  жұлдыздың  басы 

ядро  бөліп  шығаратын  газ  бен  тозаңнан  түзіледі.(Мұз,метан және будан) 

Күнге  жақындаған  кезде  буланып  кетеді.  Қазіргі  таңда  400-ге  жуық 

қысқакезеңді  кометалар  анықталған.  Олардың  200-ге  жуығы  бір  үлкен 


өлшемде  байқалған.Олар  үлкен  тұқымдас  қауымды  құрайды.Мысалы: 

көбінесі  қысқакезеңді  комета  (олардың  Күнді  айналуы  3-10  жылға 

созылады)Юпитер тұқымдасынан құралады. 

      Бұған Сатурн,Уран және Нептун (соңғысына  әйгілі  Галлея  кометасы 

жатады)  да  әсерін  тигізеді.Құйрықты  жұлдыздардың  эволюциясына  Күн 

жүйесіндегі  үлкен  планеталар,  негізінен,  Юпитер  көп  әсерін  тигізеді. 

Құйрықты  жұлдыздың  пішініне  және  ондағы  өтетін  процестердің 

қалыптасуына Күннің корпускулалық сәуле шығаруы – Күн желінің ықпалы 

да  өте  үлкен.  Күн  жүйесіндегі  құйрықты  жұлдыздардың  саны  орасан  көп: 

кейбір 


мәліметтер 

бойынша 


олар 

жүздеген 

миллиардқа 

жетеді. Ядросының массасы 1011 – 1015 кг  шамалас,  ал  оның  басының 

өлшемі 103 – 106 км аралығында; құйрығының ұзындығы жүздеген млн. км-

ге  жетуі  мүмкін  Күннен алыс  жерде  құйрықты  жұлдыз  – қатты  дене. Күнге 

жақын  келгенде Жерден телескоп  арқылы,  кейде  көзбен  көруге  болады. 

Күннен  қашықтаған  сайын  құйрықты  жұлдыздың  жалтырауы  кеми  береді. 

Көзбен көруге болатын кометаларды «үлкен кометалар» деп атайды. 

       Галактика  дамуының  қазіргі  деңгейінде  ондағы  заттар  көбінесе 

жұлдыздар  түрінде  қалыптасқан.  Біздің  галактиканы  құрайтын  заттардың 

97%-ы  жұлдыздарда,  олар  әр  түрлі  көлемдегі,  әр  түрлі  температурадағы,  әр 

түрлі  қозғалыстағы  плазма  күйіндегі  өте  зор  құрылымдар.  Жүлдыздарда  10 

млн град. шамасындағы температурада және аса жоғары қысым жағдайында 

атомдар иондалған түрде кездеседі, электрондар толығымен өз атомдарынан 

ажыратылған.  Жүлдыздар  жеке  болмайды,  олар  үлкен  жүйелер  қурайды. 

Қарапайым жұлдыз жүйелері ортақ ауырлық нүктесін айнала қозғалатын 2, 3, 

4,  5  және  одан  да  кеп  жұлдыздардан  тұрады  Мұндай  жүйелер  ортақ 

диффузиялық  қабықпен  қоршалған.  Ал  мұндай  диффузиялық  қабық 

жұлдыздар  өздері  бөліп  шығаратын  газдардан  тұрады.  Аталған  жұлдыздар 

жүйелері  —  Галактиканың  бөлшектері  болып  табылады.  Сыртқы  белгісі 

бойынша  галактикалар  —  эллипстік,  спираль  тәрізді  және  дұрыс  емес 

формалы  болып  бөлінеді.  Қазіргі  кезде  астрономдар  10  млрд-қа  жуық 

галактикалар  бар  екенін  есептеді.  Көптеген  галактикалар  спираль  немесе 

эллипс  тәрізді  болып  келеді.  Ішінде  Күн  жүйесі  орналасқан  галактика 

спираль  тәрізді,  құрамында  120  млрд  таяу  жүлдыздар  бар.  Ең  үлкенінің 

диаметрі  100  мың  жарық  жылға  тең.  Біздің  галактика  жулдыздар  мен 

диффузиялық материядан тұрады. Радиоастрономиялық бақылаулар арқылы 

біздің  Галактиканың  4  спираль  бұтақшасы  бар  екендігі  анықталды.  Бізге 

жақын  галактика  —  Андромеда  тұмандығы,  бізден  2.700.000  жарық  жыл 

қашықтықта.  Біздің  Галактика  мен  Андромеда  тұмандығы  бізге  белгілі 

галактикалардың ішіндегі ең ірілері. Галактикалар орналасуы — олардың өзі 

бір  реттелген  жүйе  —  Метагалактикаға  кіретінін  білдіреді.  Метагалактика  -


немесе  галактикалар  жүйесі  бізге  белгілі  барлық  космостық  объектілерді 

қамтиды.  Жұлдыздар  газды-шаңды  бұлттардың  ұзақ  уақыт  бойында 

гравитациялық  күштің  әсерімен  түйдектеліп  оралуынан  пайда  болады. 

Оларда  бөлінетін  орасан  знергия  —  ядролық  бомба  жарылғандағы 

энергиямен  бірдей.  Бұл  жулдыздардың  жарық  пен  жылу  шашуымен 

анықталады.  Бұл  сутегінің  одан  әрі  ауыр  элементке  —  гелийге  айналуы 

арқылы жүзеге асырады. Бірақ жұлдыздар мөңгі емес, миллиондаған жылдар 

өткен  соң  біртіндеп  инертті  денеге  айналып,  галактика  айналымы 

нәтижесінде  сейіліп  кетеді.  Күн  жердегі  тіршіліктің  көзі.  Ол  жарық,  жылу 

береді және барлық өсімдік пен хайуанаттар әлемінің өмір сүруіне мүмкіндік 

жасайды.  Күн  табиғатта  бар  сансыз  көп  жұлдыздардың  бірі  ғана.  Күнге 

өзіміздің  жақындығымыздың  арқасында  біз  онда  өтіп  жатқан  процестерді 

зерттей  аламыз  және  сол  бойынша  аса  қашықтығынан  тікелей  көрінбейтін 

жулдыздардағы  сондай  процестерді  біле  аламыз.  Шар  тәрізді  Күн  бізге 

жарқыраған  дөңгелек  болып  көрінеді.  Радиусы  Күн  радиусы  болып 

саналатын  Күннің  көрінетін  бетін  фотосфера  дейді.  Жерден  Күнге  дейінгі 

орташа ара қашықтық а=1, 496 108 км, фотосфераның бүрыштық радиусы Р, 

= А зіп 0° 161 = 1, 496-10*-108- 0,004652 = 696000 км немесе ГСе = 109 жер 

радиусындай.  Демек,  Күннің  көлемі  жердің  көлемінен  1300000  есе  асып 

түседі. Күннің фототүсірімдерінде оның фотосферасында пайда болатын қара 

дақтар  жиі  көрінеді.  Оларды  телескоп  арқылы  да  көруге  болады,  бірақ 

Күннің  өткір  жарлығынан  көзді  бүлдіріп  алмау  үшін,  объектив  алдына 

міндетті түрде тығыз қоңырқай жарық сүзгісін орнату керек. Күн көкжиекке 

жақындап, айналасы қызара мунарланып тұрған кезде жай көзбен қорғаныш 

құралсыз-ақ  қарауға  болады  және  кейде  жердің  сызықтық  өлшемдерінен 

біршама асып түсетін ірі күн дақтарын көруге болады. Сондықтан да б.з. д. 

28  жылдың  өзінде-ақ  Ертедегі  Қытайда  күн  дақтарын  бақылау  жөніндегі 

жазбалардың  болуына  таң  қалуға  болмайды.  Итальян  философы  Дж.  Бруно 

(1548-1600)  Күн  мен  жұлдыздардың  физикалық  табиғатын  теңестіре  келіп, 

олардың  барлығының  шексіз  кеңістікте  қозғалатынын  тұжырымдаған 

болатын.  Жұлдыздардың  меншікті  қозғалыстарын  зерттеу  Күн  жүйесінің 

кеңістіктегі қозғалысын білуге көмек берді. Алғаш рет бұл есепті 1783 жылы 

бар  болғаны  7  жұлдыздың,  ал  одан  кейініректе  13  жұлдыздың  меншікті 

қозғалыстарын  пайдалана  отырып  шығарды.  Ол  Күн  өзінің  төңірегінде 

айналатын  барльщ  көптеген  денелермен  бірге  Геркулестегі  жулдыз 

бағытында  қозғалып  бара  жатқанын  ашты.  Осы  қозғалыстың  бағытындағы 

аспан  нұктесін  Гершель  Күн  апексі  (лат.  арех  —  шық)  деп  атады.  Одан  әрі 

қарай  астрономдар  Күн  апексінің  орнын  меншікті  қозғалыстары  көптеген 

белгілі  жулдыздар  саны  бойынша  бірнеше  рет  анықтады:  егер  Күн  жүйесі 

кеңістікте  қозғалыссыз  тұрған  болса,  онда  аспанның  барлық  аймағындағы 



жулдыздардың  меншікті  қозғалысы  болар  еді.  Шынында  да,  Лира  мен 

Геркулес шоқ жүлдыздар аймағындағы жүлдыздардың көпшілігінің меншікті 

қозғалыстары  бағыттарынан  олар  жан-жаққа  бытырап  бара  жатқандай 

көрінеді.  Аспан  аймағының  диаметральды  (шоқжұлдыздарындағы)  қарама 

қарсы жағындағы Үлкен Арлан, Қоян және Көгершін шоқжұлдыздарындағы 

жұлдыздардың  басым  көпшілігінің  меншікті  қозғалыстары  шамамен  бір-

біріне  бағытталған,  яғни  жұлдыздар  өзара  жақындасып  бара  жатқан 

сияқтанады.  Бұл  құбылыстарды  тек  Күн  жүйесінің  кеңістікте  Лира  және 

Геркулес  шоқжулдыздарына  қарайғы  бағытта  қозғалуымен  түсіндіруге 

болады.  Біздің  ғасырдағы  20-шы  жылдарында  жұлдыздардың  Күнмен 

салыстырғандағы сәулелік жылдамдығын жаппай есептеу басталды. Бұл Күн 

апексін  анықтап  қоймай,  Күн  жүйесінің  кеңістіктегі  қозғалу  жылдамдығын 

білуге  мүмкіндік  берді.  Осы  бағыттағы  ірі  зерттеулер  1923-1936  жылдары 

бірнеше елдің астрономиялық обсерваторияла-рында, солардың ішінде 1923-

1925  жылдары  В.Г.Фесенковтың  басқаруымен  Мәскеу  астрономдары 

жүргізді.  Бақылау  нәтижелері  Күн  апексі  маңына  орналасқан  көптеген 

сәулелік  жылдамдығы  —  20  км/с-қа  жуық,  яғни,  бұл  жұлдыздардың  Күнге 

жақындап  келе  жатқанын,  ал  аспанның  қарама-қарсы  аймағындағы 

жұлдыздардың  Күннен  +20  км/с  жуық  жылдамдықпен  алыстап  бара 

жатқанын  көрсетті.  Мұндай  жылдамдықтың  Күн  жүйесіне  тән  екені  анық. 

Қазіргі уақытта Күн жүйесінің айналасындағы жұлдыздармен салыстырғанда 

Геркулестегі  көмескі  жұлдызы  Y  маңында,  осы  шоқжұлдыз  бен  Лира 

шоқжұлдызының шекарасына жақын орналасқан Күн апексіне қарай 20 км/с 

жылдамдықпен  қозғалатыны  түбегейлі  анықталды.  Ғаламщар  немесе 

космосты қазіргі ғылым өзара байланысқан, даму үстіндегі аспан денелерінің 

жүйесі  ретінде  қарастырады.  Ғаламшар  жұлдыздар  маңында  орналасқан 

планеталар  жүйесін,  жұлдыздар  мен  жұлдыздар  жүйесі  —  галактиканы, 

галактикалық  жүйесі  –  метагалактикан  құрайды.  Ғаламшардағы  материя 

топтасқан космостық денелер қозғалысьін береді, Аралас материя жеқелеген 

атомдар  мен  молекулалардан  және  орасан  зор  шаңдық  бұлттар  мен  газды-

шаңдық  тұмандардан  тұрады.  Жалпы,  Қүн  жүйесінің  пайда  болуы  Күннің 

газ-тозаңды ортадан түзілуімен байланысты. 5 млрд. жылға жуық бұрын Күн 

пайда болған газ-тозаңды бұлт баяу айналды деп саналады. Сығылуына қарай 

бұлттық  айналуы  артты  және  ол  табақ  тәрізді  пішінге  келді.  Табақтың 

орталық  бөлігінен Күн,  ал  сыртқы  аймақтарынан  ғаламшарлар  түзіледі.  Бұл 

сызбанұсқамен  жер  тобындағы  және  алып  ғаламшарлардың  химиялық 

құрылымдары  мен  массиларьі  анық  түсндіріледі.  Шынында  да,  Күннің 

қызуына  қарай  жеңіл  элементтер  (гелий,  сутек)  сәуле  қысымының  әсерінен 

бұлттық  орталық  аймағын  тастап,  оның  шет  жағына  кетіп  отырды. 

Сондықтан, жер тобындағы ғаламшарлар жеңіл элементтердің аз қосындысы 



бар  ауыр  элементтерден  түзілді  және  өлшемдері  шағын  болды.  Бұл 

ғаламтанулық болжам Күн жүйесінің басқа да бірқатар заңдылықтарын, атап 

айтқанда,  оның  массасының  Күн  және  барлық  ғаламшарлар  арасында 

тарауын  ғаламшарлардың  Күннен  қазіргі  қашықтықтарын,  олардың 

айналысын т.б. түсіндіреді. Оған 1944-1949 жылдары академик О.Ю. Шмидт 

(1891-1956)  талдау  жасады,  кейін  оның  ізбасарлары  ірі  қарай  дамытты.  Бұл 

болжам бойынша, ғаламшарлардың түзілуін былай түсіндіреді. Табақ тәрізді 

газ-тозаңды  бұлттағы  бөлшектердің  өзара  соқтығысы  нәтижесінде  көптеген 

жиынтықтар пайда болады. Көптеген майда жиынтықтар өзара соқтығыстан 

күйреді, ал басқалары ірі жиын-тықтарға түсіп жатты, нәтижесінде ол көлемі 

жағынан  улғайды  және  бірте-бірте  ғаламшарлардың  бастамасын  тудыра 

отырып,  тығыздала  берді.  Жиынтықтардың  соқтығысы  кезіндегі  жұмсақ 

соққылар  ғаламшар  бастамалары  орбиталарының  дөңгелек  дерлік  болып 

қалыптасуына  әкеліп  соқты.  Келе-келе  бір-бірінен  қашық  неғұрлым  ірі 

бастамалар сақталып қалды және айтарлықтай өзаралық тар-тылыс болмады, 

сондықтан  олардың  Күн  төңірегіндегі  орбиталары  тұрақтанды.  Осы 

бастамалардан жүздеген млн жыл бойында ірі ғаламшарлар түзілді. Күн және 

оның  ғаламшарлары  5  млрд  жыл  бүрын  түзіле  бастаған.  Күн  жүйесіндегі 

Айдың,  Шолпанның,  Марстың  физика-лық  табиғаты  мен  процесі  жөніндегі 

біздің түсінігімізді жерден бақылаулар анықтап берді. Әзірге өмірдің, әсіресе 

саналы  өмірдің  қайда  және  қандай  болып  кездесетінін  айту  қиын,  өйткені 

анық  жалғыз  белгілі  мысалы  —  Жердегі  өмір.  Оның  айрықшылығы  мен 

Ғаламдағы  басты  орны,  Жердің  Күн  жүйесіндегі  орны,  Күннің 

Галактикадағы,  Галактиканың  —  басқа  галактикалардағы  орнынан 

Ғаламдағы  жер  өркениетінің  қатардағы  орнына  дейін  мегзейді.  Күн 

жүйесінің пайда болуы туралы теорияларды усынушылар — неміс философы 

И.Кант  және  француз  математигі  П.С.Лаплас.  Олар-дың  біріккен 

теорияларын  Кант.  Лаплас  гипотезасы  деп  атады.  И.Канттың  болжамы 

бойынша,  Күн  жүйесі  мәңгілік  емір  сүріп  келе  жатқан  жүйе  емес.  Уақыт 

бойында  тумандықтардың  тартылыс  күшінің  әсерінен  жеке  аспан  денелері 

пайда  болады  және  олар  бір  жазықтың  бойымен  қозғала  бастайды  және 

олардың серіктері пайда болды. Одан 50 жылдай уақыттан кейін П.С.Лаплас 

ез  гипотезасын  ұсынды.  Лапластың  космогониялық  гипотезасы  бойынша, 

Күн жүйесі айнала қозғалып тұрған газды түмандықтардан пайда болды. Күн 

жүйесінің пайда болуы туралы келесі көзқарастар тобы ағылшын астрофизигі 

Дж.Х.Джинстің  гипотезасынан  басталды.  Оның  болжамы  бойынша  Күн 

басқа  бір  жулдызбен  соқтығысқаннан  кейін  бөлінген  газ  ағындарынан 

ғаламшарлар  пайда  болды.  Бірақ,  жулдыздар  арасындағы  орасан  үлкен 

қашықтықты  есепке  алсақ  мундай  соқтығысу  мүлдем  мүмкін  емес  сияқты. 

Джинс  теориясы  бойынша  Күн  жүйесі  өз  қурылым  заңдылықтарына 



бағынатыны  белгілі  бір  реттелген  жүйе  деп  қарастырылмайды.  Күн  жүйесі 

пайда  болуы  туралы  қазіргі  кездің  концепциялары  тек  цана  механикалық 

емес,  электромагниттік  күштерді  де  есепке  алуды  қажет  етеді.  Мұндай 

идеяны ұсынушылар швед астрофизигі Х.Альфвен мен ағылшын астрофизигі 

Ф.Хойл.  Күн  жүйесі  пайда  болуында  электромагниттік  күштер  ерекше  рөл 

атқарғандығы  шындыққа  жанасымды.  Күн  мен  ғаламшарлар  пайда  болған 

газды  булттар  электромаг-ниттік  күштерге  бағынатын  иондалған  газдардан 

қуралды. Орасан үлкен газды булттың жинақталуынан Күн пайда болғаннан 

кейін,  одан  қалған  газдың  қалдықтарынан  гравитациялық  күштің  әсерінен 

ғаламшарлар  пайда  болды.  Оларды  магниттік  күштің  әсерімен  Күн  әрқилы 

қашықтықта устап турады. Ең үлкен ғаламшарлар пайда болғаннан кейін осы 

процесс  кішілеу  масштабта  қайталанады,  яғни  олар  пайда  болған  газ 

қалдықтарынан олардың серіктері пайда болды. Күн жүйесінің пайда болуы 

туралы  теориялар  гипотезалар  деңгейінде  ғана,  олардың  шындыққа 

жақындығын  бір  жақты  қарастыруға  болмайды.  Әлі  де  қайшылықты  және 

түсініксіз жағдайлар көп. Классикалық ғылымда ғаламшардың стационарлық 

күй  теориясы  қарастырылған,  яғни  ғаламшар  бурын  қандай  күйде  болса, 

қазір  де  сол  күйде  деп  есептеледі.  Классикалық  Ньютон  космологиясында 

мынандай постулаттар бар:: Ғаламшар мәңгілік түтас дүние. Космология оны 

дәл  қазіргі  кездегі  күйінде  қарастырады.  Ғаламшардағы  уақыт  пен  кеңістік 

абсолютті,  олар  материалды  объектілер  мен  процестерге  қатысты  емес. 

Уақыт пен кеңістік метрикалық түрде шексіз. Ғаламшар өзгермелі емес. Тек 

жеке 

космостық 



денелер 

өзгеруі 


мүмкін.  Ғаламшардың 

қазіргі 


космологиялық  жобалары  А.Эйнштейннің  салыстырмалылық  теориясына 

негізделеді. Алғашқы жобаны 1917 жылы А.Эйнштейннің өзі жасады. Оның 

жобасы  бойынша  әлем  кеңістігі  шексіз,  материя  онда  біркелкі  орналасқан, 

денелердің  тарты-лысы  космологиялық  тебілу  күшті  арқылы  жүзеге 

асырылады. 

      Адамдар  өзін  қоршаған  әлемнің  құрылысын,  ондағы  болып  жатқан 

құбылыстарды  зерттеуге  ежелден-ақ  құмар  болды.  Көне  замандағы  әлем 

құрылысы  туралы  алғашкы  түсініктер  өте  қарапайым  және  олар  діни 

нанымдармен  астасып  жатты.  Аспан  мен  Жер  бөлек  карастырылып,  Жер 

дүниенің  қозғалмайтын  центрі  ретінде  қабылданды.  Жердің  бүкіл  әлемнің 

центрінде орналасканы жөнінде қалыптасқан бұл көзқарасты Ежелгі Греция 

ғалымдары  дүниенің  геоцентрлік  жүйесінің  негізіне  алды.  Мәселен,  біздің 

заманымыздан бұрынғы IV ғасырда өмір сүрген ежелгі грек ойшылы, ғалым-

энциклопедист  Аристотель  осы  пікірді  ұстанып,  Жерді  қозғалмайды  деп 

есептеді.  Сол  кездің  өзінде-ак  Айдың  тұтылуы  бойынша  жүргізілген 

бақылаулар  арқылы,  Жер  пішінінің  шар  тәрізді  екені  белгілі  болды.  Ол 

Жердің қозғалуын аспандағы жұлдыздардың орнын ауыстыруынан байқауға 


болар  еді  деген  болжам  айтты.  Аристотель  Жер  -  Әлемнің  табиғи  центрі 

болғандықтан,  ол  ешқайда  құлап  кетпейді  және  барлық  ауыр  денелер  осы 

центрге  қарай  ұмтылады  деген  пікірде  болды.  Аристотельдің  мұндай 

түсіндірулері, қазіргі көзқараспен қарағанда, өте қарапайым болғанымен, сол 

кезең үшін әжептәуір жетістік еді. 

      Біздің  заманымыздың  II  ғасырында  өмір  сүрген  ежелгі  грек  ғалымы 

Александриялық  Клавдий  Птолемей  (90-160  жж.)  өзінен  бұрын  өмір  сүріп, 

кейінгілерге жол салып кеткен Аристотель, Гиппарх, т.б. еңбектеріне сүйене 

отырып,  дүниенің  жетілдірілген,  геоцентрлік  (грекше  гео  -  жер)  жүйесін 

жасады.  Ол  дүниенің  центріне  қозғалмайтын  Жерді  қойды  да,  оны  өзге 

шырақтар айналып жүреді деді. Дүниеге геоцентрлік көзқарас астрономияда 

он  төрт  ғасырға  жуық  уақыт  бойы  үстемдік  етті.  Дегенмен  планеталардың 

орналасуы  жөніндегі  бақылау  мәліметтері  молайған  сайын,  К.  Птолемей 

тұжырымдары  түзетулер  енгізуді  кажет  етті.  Оны  XVI  ғасырда  ұлы  поляк 

ғалымы Николай Коперник жүзеге асырды. 

       973  жылы  Хорезмде  дүниеге  келген  ортаазиялық  ғалым-астроном, 

математик,  физик,  географ,  философ,  этнограф,  дәрігер  Әбу  Райхан  Бируни 

өзінің  150  еңбегінің  50-ін  астрономияға  арнаған.  Ол  Птолемей  құрған  әлем 

жүйесінің  дұрыстығына  күмәнданып,  гелиоцентризмді  жақтады.  Алғаш  рет, 

Коперниктен  500  жыл  бұрын,  Жердің  Күнді  айнала  қозғалатыны  туралы 

болжам жасаған Бируни болғаны бізге тарихтан мәлім. Ол Жердің қозғалысы 

мен  пішіні,  Жер  шарының  радиусын  анықтау  тәсілі  туралы  жазды,  Жер 

глобусын жасады, 20 жыл бойы Күннің қозғалысын бақылады. Бируни Күнді 

отты шар деп есептеп, Күн тәжінің түтінге ұқсас табиғаты жайлы пікір айтты. 

Оның еңбектері мұқият орындалған бақылаулар мен зерттеулерге негізделді. 

Бируни  көп  саяхат  жасады.  Сол  кезде  ол  аспан  шырақтарына  қарап 

бағдарлаудың  түрлі  тәсілдерін  ойлап  тапты.  Бируни  жинақтаған 

материалдары 

мен 

бақылауларын 



қорыта 

отырып, 


1031 

жылы 


астрономияның  әр  түрлі  мәселелерін  баяндауды  қамтитын  үлкен  еңбек 

жазды.  Ол  кітап  1887  жылы  Лондонда  алғаш  рет  араб  тілінде  басылып 

шықты.  Бируниге  дейін  мұндай  ғылыми  жүйеленген  еңбек  жазылмаған,  әрі 

ортағасырлық әдебиеттерде бұған теңдес еңбек болған жоқ. 

      XX ғасырдың соңғы жылдарынан бастап планеталарды және Күн жүйесін 

қызу  зерттеу  дәуірінде  өмір  сүріп  жатырмыз.  Біз  басқа  жұлдыздардан 

планеталар  жүйелерін  тапқымыз  келеді.  Күн  жүйесінің  ішкі  құрылымын 

зерттеп,  түсінгіміз,  жерді  басқа  планеталармен  салыстырғымыз  келеді.  Бұл 

біздер  үшін  өте  маңызды  мәселе.  Біздің  бәрімізді  толғандыратын  сұрақтар: 

"Осының  бәрі  қалай  пайда  болды?  Жерде  тіршілік  қалай  пайда  болды?  Ол 

канша уақытқа созылады? Біздің болашағымыз қандай? 


XVIII ғасырдан бастап Күн жүйесінің шегі үнемі ұлғайып келеді. Әрине Күн 

жүйесінің  айқын  шегі  болуы  неғайбыл.  Оорта  бүлтының  орбитасынан  әрі 

шамамен  100  000  а.б.  қашықтықта  Күн  жүйесінің  планетааралық  заттары 

шашырап,  жұлдызаралық  заттарға  алмасады.Күн  жүйесінің  перийферийі 

(шеткі  аймағы)  туралы  біздің  мәліметіміз  өте  мардымсыз.  Ғарыштық 

зерттеулер бұл білімді елеулі түрде толықтыруға көмектеседі. 

 

Өзін – өзі тексеру сұрақтары: 

1.

 



Ғарыштық денелерге нелер жатады 

2.

 



Ғарыштық денелердің айырмашылықтары мен ерекшеліктері 

3.

 



Жер планетасының тіршілік үшін маңызы 

4.

 



Галактика түсінігі. Біздің галактика 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет