№1 Дәріс. Кіріспе. Жалпы жертанудың мақсаттары мен міндеттері. Негізгі сұрақтары



Pdf көрінісі
бет8/8
Дата31.12.2016
өлшемі0,99 Mb.
#872
1   2   3   4   5   6   7   8

 

Өзін – өзі тексеру сұрақтары: 

1.Табиғи қоршаған орта 

2. Қоршаған орта мен қоғам арасындағы байланыс 

3. Табиғатқа әсер етуші антропогендік және табиғи факторлар 

4. Антропогендік ландшафттар қалыптасуы 

5. Антропогендік ландашафттардың қазіргі жағдайы 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Дәріс№13. Ноосфера ілімі 

 

Негізгі сұрақтары: 

1.

 



Ноосфера ілімінің қалыптасуы мен дамуы 

2.

 



Ноосфера ілімінің негізін салушы ғалымдар 

3.

 



Қазіргі таңда ноосфера ілімінің дамуы жағдайы 

 

     Ноосфера (гр. νόος – 



сана 

және 


σφαῖρα 

– 

орта, 



шар) немесе Антропосфера (грек.  antһropos  —  адам,  spera  —  қабық)  —

 биосфераның жаңа  жағдайға  көшкен  деңгейі;  адамның  саналы  түрде 

жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер  сферасындағы барлық  өзгерістер 

мен  олардың  дамуын  анықтайтын  басты  фактор;ғаламдағы  адамзаттың 

мекендейтін  аясы.  Адам  баласы  уақыт  пен  кеңістікке  қатысты  биосфера 

шегінде және ғарышта өмір сүре алады. Бірақ адамзаттың тұрақты мекені — 

Жер. 

Ноосфера 



– 

ақыл 


– 

ой 


сферасы 

деген 


түсінікті 

алғаш 1927 жылы француз ғалымдары Э.Леруа (1870 – 1954)  мен Тейяр  де 

Шарден 

Пьер (1881 – 1955) 



енгізген. 

XX  ғасырдың 30  –  40-жылдары  ноосфераны  материалистік  тұрғыдан 

сипаттап  жазған В.И.  Вернадский болды.  Ол  ноосфераны биосфера мен 

қоғамның өзара қарым-қатынасынан туындайтын тіршіліктің жаңа формасы, 

бұл 

саналы, 


ақыл-ойы 

жетілген 

адамзаттың 

бағыттауымен 

қалыптасатын биосфераның жаңа эволюциялық жағдайы 

деп 


түсіндірді. 

Ноосфера  –  табиғат  заңдылықтарының  қоғамның  ойлау  заңдарымен 

және әлеуметтік-экономкалық заңдылықтармен  тығыз  байланысып  жататын 

біртұтастығын  (бүтіндігін)  басқарушы  жоғарғы  тип. Ғылыми-техникалық 

прогрестің қарқынды  дамуы  бұрын  игерілмеген  жерлерді  игеріп,  бұрын 

пайдаланылмай 

келген 

табиғат 


байлықтарын 

пайдаға 


асырып 

қоймай, ғарышкеңістігін,  ғаламшарларды  игеруге, ядролық  қарулар жасауға 

мүмкіндік берді.  

     Жер  ғаламшарындағы  органикалық  дүние  эволюциясының  бірнеше 

кезеңдерін  ажыратады. Бірінші  кезең —  заттардың  биологиялық  айналымы 

пайда  болып,  биосфераның  қалыптаса  бастауы. Екінші  кезең —  тіршіліктің 

күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді 

ғылымда биогенез,  яғни  тіршіліктің  толық  мәнінде  пайда  болу  кезеңі  деп 

атайды.  Биосфера  эволюциясының үшінші  кезеңі —  адам  қоғамының  пайда 

болуымен ерекшеленеді. 

Биосфера  эволюциясының  келесі  жаңа  кезеңі  —  қазіргі  деңгейі. Мұны 

ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" 

—  шар  деген  ұғымды  білдіріп,  "саналы  қабық"  деп  аталады.  Ноосфера  — 

адамның  санасы,  ақыл-ойы  шешуші  рөл  атқаратын  биосфераның  жаңа 

эволюциялық деңгейі. 


      Ноосфера  ұғымын  ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары  Э.Лepya  мен 

П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан 

да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы". 

1930—1940 жылдары В.И.  Вернадский ноосфера  туралы  ілімді  дамытып, 

терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы 

деңгейі,  биосфера  мен  адам  қоғамының  байланысында  пайда  болған  деп 

қорытынды жасады. 

     В.И.  Вернадскийдің  пікірі  бойынша: "Ноосфера  —  табиғат  пен  қоғам 

заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның 

ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше 

көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті. 

      Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және 

әлеуметтік  еңбегі  бір  арнаға  түсуі  керек. Адам мен табиғат арасындағы 

қарым-қатынасты  адамның  саналы  ақыл-ойы  басқарған  кезде  ғана  жеңіске 

жетеді  деп  атап  көрсетті.  Ноосфера  кезінде  табиғат  пен  қоғам  арасындағы 

өзара  байланыс  айқын  байқалады.  Бұл  кезде  бүкіл  адамзат  үшін  ғылымды 

дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол 

ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді. 

Биосфераның ноосфераға  ауысу  кезеңіне  орыс  ғалымы М.И.Будыко терең 

талдау  жасаған  (1984 ж.).  Ол  биосфераның  қалыптасуында  адамзат 

қоғамының  біртұтас  екендігін  ұмытпау  керектігін  ерекше  ескертті.  Қазіргі 

кезде 


ғылыми-техникалық 

прогресс 

бүкіл 

Жер 


шарын 

қамтып 


отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға 

басты  назар  аудару  көзделуде.  Ноосфера  кезінде  Жер  бетіндегі  барлық 

халықтың  тіршілік  деңгейін  және  қоғамның  қажетін  көтеру  үшін 

биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді. 

Соңғы  жылдары  экологиялық  мәселелер  —  бүкіл  адамзатты  толғандырып 

отырған  күрделі  мәселелердің  біріне  айналып  отыр.  Қоғамның  өркендеп 

дамуы,  табиғат  байлықтарын  ұқыпты  пайдаланумен  тығыз  байланысты. 

Қазір табиғат  байлықтарын дұрыс  пайдаланбаудан  және  технологиялық 

процестердің  жетілмегендігінен қоршаған  ортаның  ластануы адамның 

денсаулығына  да  қауіп  төндіруде. Адам  денсаулығын  сақтау,  адамның  үзақ 

өмір  сүруіне  кажетті  жағдай  жасау  —  қоғамның  басты міндеті.  Ол  үшін 

қоғам  мен  табиғат  арасындағы  үйлесімді  байланысқа  ерекше  назар 

аударылады.  Осыған  сәйкес  казіргі  кездегі  әлеуметтік экология ғылымының 

басты  мәселесінің  бірі—адам  денсаулығына  зиянды  жағдайларды 

болдырмау. 

      XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да 

қалыптасып  келеді.  Оның  зерттейтін  басты  бағыттарына  да әлеуметтік 

экология және адам экологиясы жатады 



 Ноосфера туралы екі түрлі түсінік бар: 

1) ақыл-ой сферасының үстемдік етуі (Фихте); 

2) адамзат 

пен  табиғаттың 

ақыл-ой  арқылы 

қарым-қатынас 

жасау сферасы (Теяр де Шарден, Вернадский) 

Біз ноосфераны осы екінші түсінік бойынша қарастырамыз. 

Теяр  де  Шарденнің  анықтамасы  бойынша, ноосфера дегеніміз  — 

планета  эволюциясының  болашағының  бағыттарын  бақылап  отыра-тын 

коллективті саналылық, ол табиғатпен өте жақын үйлесімділік табады. 

В.И.Вернадский  ноосфера  атауымен  біздің  ғаламшарымыз  бен  оның 

маңындағы  кеңістіктің  адамның  саналы  әрекетінің  белгілері  орын  алған 

бөлігін  түсіндірді.  Биосфера  тәрізді,  ноосфера  да  Жердің  барлық  бөліктерін 

әсер етуші биогеохимиялық күш болып табылады. 

Ал  ноосфера  терминін  1927  жылы  француз  ғалымдары  мен 

философтары Э.Леруа мен П.Теяр де Шарден ұсынған болатын. 

Вернадскийдің  биосфералық  ілімі  бойынша  тірі  заттар  Жер 

планетасының  жоғарғы  қабатын  өзгертеді.  Адамның  осындай  іс-әрекеті 

біртіндеп ұлғая түседі де, ол негізгі планетарлық геологиялық күшке айнала 

бастайды. Сондықтан да адамдар ғаламшар болашағы мен эволюциясы үшін 

өзінің жауапкершілігін түсіне білуі керек, 

Өзінің ноосфера туралы концепцияларына Вернадский мынандай алғы 

шарттарды ұсынады: 

1) Адамзат біртутас бүтін қоғам. Кез келген құрылық бөлігндегі болып 

жатқан жағдайлар барлық жерге ортақ

2) Байланыс  пен  ақпарат  таратудағы  жаңалықтар.  Олардь  жер 

шарының кез келген түкпіріне таратады

3) Адамзаттың тең өмір сүруі - ноосфера үшін қажетті жағдай; 

4) Адамзаттың  өмір  сүру  деңгейінің  көтерілуі,  халық  массасының 

мемлекеттік және қоғамдық істерге араласу мүмкіндігі; 

5) Энергетикалық  дамуы,  энергияның  жаңа  көздері  мен  түрлерінің 

ашылуы; 

6) Қоғам өмірінен соғыстың аластатылуы. 

Вернадскийдің  ноосфера  туралы  концепциясы  ғылыми  орталарда 

қазіргі  кезде  жан-жақты  талқылануда.  Ол  экологиялық  мәселелерді  шешу 

мен  адамзат  қоғамын  сақтап  қалу  жөніндегі  идеялар  мен  теорияларға  негіз 

болып саналады. 

 

 

Өзін – өзі тексеру сұрақтары: 



1.Ноосфера түсінігі 

2.Ноосфера ұғымының қалыптасуы. Қалыптасуына үлес қосқан ғалымдар 

3. Ноосфера ұғымының қазіргі жағдайы мен дамуы 


 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет