Осының барысында Ферма жай сандарды табудың мынадай формуласын ұсынды:
𝐹(𝑛) =
2
2
𝑛
+ 1
. Алайда,
𝑛 = 5
жағдайында ол бойынша алынатын
𝐹(5) = 2
32
+ 1
-
жай сан емес
(мұны кейіннен Л.Эйлер көрсетті).
2
2
𝑛
+ 1
түріндегі жай сандар қазір Ферманың жай
сандары деп аталады.
Санның жай сан болатындығын анықтауға арналған критерийлердің бірі Ферманың
кіші теоремасы болып табылады. Ол
қандай да бір квадраттық формамен өрнектелетін жай
сандардың түрлерін анықтау туралы мәселені де көтерді. Ферма қандай да бір квадраттық
формамен өрнектелетін барлық сандарды табу мәселесін де қарастырды және оны
𝑥
2
+ 𝑦
2
формасы жағдайы үшін шешіп көрсетті.
Ферма «Кез келген натурал сан дегеніміз не
𝑛
-бұрышты сан не
𝑛
-
бұрышты
сандардың қосындысы болады» деген жалпы теореманы тұжырымдады, екі белгісізі бар
екінші дәрежелі теңдеулердің бүтін шешімдерін табу мәселесін зерттеді,
𝑎𝑥
2
+ 1 = 𝑦
2
(
𝑎
-
бүтін квадраттық сан) теңдеуін шешудің жалпы ережесін табуды ұсынды. Ферманың осы
ұсынған теңдеуін сол кездегі математиктердің көпшілігі түсінбеді. Сондықтан
пікірталастар болып, оларға Валлис, Броункер сияқты ағылшын математиктері араласты.
Броункер
𝑎 = 109
жағдайы үшін Ферма теңдеуін шешті. Ферма теңдеуін шешудің жалпы
мәселелері Эйлер мен Лагранждың зерттеулерінде толық шешімін тапты. Ферма екінші
реттік неғұрлым жалпы
𝑎𝑥
2
+ 𝑏 = 𝑦
2
анықталмаған теңдеуін де қарастырады. Бұл теңдеуді
шешуге оның замандастарының ешқайсысының да шамасы келмеген.
Анықталмаған теңдеулердің рационал шешімдерін
табу мәселесі де Ферманың
назарынан тыс қалған жоқ. Ол
𝑥
4
− 𝑦
4
= 𝑢
3
теңдеуін қарастырады және
𝑥 − 𝑦 = 1
деп ала
отырып, оның бір рационал шешімдерін оңай табады.
Ферма математика тарихында маңызды роль атқарған бірқатар
проблемаларды
қойды, солардың бірі – Ферманың ұлы теоремасы. Сандардың бұдан кейінгі бүкіл
алгебралық теориясы осы теоремадан бастау алады. Мұнда негізінен, сандарды квадраттық
формалармен өрнектеу мәселелері мен диофанттық анализдің есептері, оның ішінде екінші
ретті анықталмаған теңдеулер зерттелді. Осы аталған мәселелердің біріншісі Лагранж бен
Гаустың жұмыстарында квадраттық формалар теориясына айналды, ол квадраттық өрістер
арифметикасы туралы ілімнің бастамасы еді. Осы мәселе Эйлерді өзаралықтың квадраттық
заңын ашуға алып келді. XIX ғасырда Ферманың ұлы
теоремасымен және өзаралық
заңымен байланысты зерттеулер арифметиканың аймағын кеңейтуді талап етті.
Өзаралықтың квадраттық заңын зерттеу барысында Гаусс бүтін комплекс сандарды енгізді,
ал ұлы теореманы дәлелдеудің әрекеттері бүтін сандарды дөңгелектің бөліну өрісінде
қарастыруға алып келді.
Достарыңызбен бөлісу: