1-дәріс. Кіріспе. Математиканың пайда болуы. Қарастырылатын сұрақтар



бет4/19
Дата23.01.2023
өлшемі108,96 Kb.
#62498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. әл -Фараби және математиканы философиялық негіздеу мәселелері.
2. XV ғасырға дейінгі кезеңдегі мұсылман елдері математикасының табыстары.
3. Қазақстан өңірінен шыққан математиктер.


Дәрістің қысқаша мазмұны.
1.Қазақстан топырағынан шыққан, дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің дамуына зор ықпал еткен ірі тұлғалардың бірі - Әбунәсір әл-Фараби (870-950ж.ж.). Оның сан-салалы трактаттары ғылымның барлық салаларын қамтиды. Ұлы ойшыл шығармаларында педагогика мен психология, сондай-ақ математика мен оны оқытудың әдістемесі мәселелері де ерекше орын алады. «Ғылымдардың классификациясы» деген еңбегінде математика ғылымын жеті тарауға бөлген: 1)Арифметика; 2)Геометрия; 3)Оптика; 4)Астрономия. 5)Музыка. 6)Салмақ туралы ғылым. 7)Айла-әрекет туралы ғылым.
Фараби математиканы оқытудың әдістемесі ғылымы саласынан да өзіндік терең ой пікірлерімен дараланады. Ол математиканың басқа ғылымдар арасындағы ролін, мән-маңызын ерекше бағалайды. Фарабише, оқу мен оқыту, ойды білдіру, мәселенің мазмұнын баяндау, сұрақ беру мен жауап қайыру жағынан алғанда математика тіл ғылымы, граматика, логика және поэтидан кейін келеді. Ерекше көңіл аударарлық жайт, ол арифметика, геометрия, астрономия және музыканы педагогикалық ғылымдар деп атайды да, олардың тәрбиелік маңызын ашып көрсетеді.
Орта мектепте «Геометрия» пәнін оқыту Фараби айтқандай, «ақылға сәйкес мынадай схема бойынша жүргізіледі: {нүкте} {түзу} {геометриялық фигуралар} {дене}.
2. Әбу Райхан әл–Бируни (973–1048) - энциклопедист - ғалым, негізгі еңбектері тарихматематикаастрономия, физика, география, топография, медицинагеология, минералогия және т.б. ғылым салаларын қамтиды («Жұлдыздар жайлы», «Үндістан», «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші», «Геодезия», «Астрономия мен жұлдыздар бойынша Масғұд каноны», т.б.). әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге келіп жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда, ол 150-дей еңбек жазған, олардың 45-і астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған. Бируни математикаға, әсіресе тригонометрияға көп көңіл бөлген. Оның «Масғұд каноны» деп аталатын атақты еңбегінің көпшілік бөлігі математикаға арналған. Негізгі математикалық еңбектері мыналар: «Дөңгелекке іштей сызылған сынық сызықтар арқылы хордаларды анықтау туралы трактат» (мұнда Архимедтің грек қолжазбаларында сақталмаған көптеген теоремалары қарастырылған), «Үнді рашиктері туралы» (бұл кітапта үштік ережесі талданған), «Сферика», «Сфера жазықтығы туралы», «Көлеңкелер» (қолданбалы математикаға арналған), т.б.
Әбу әли ибн – Сина (980 – 1037) – ортаазиялық ұлы ғалым - энциклопедист, дәрігер және философ. Еуропаға, сондай – ақ бүкіл дүние жүзіне «Авиценна» деген атпен мәлім болған. 29 ғылым саласы бойынша 450 – ден аса еңбектер жазған, олардың негізгілері медицинаға, химияға, астрономияға, механикаға, философияға, әдебиетке, психологияға, музыкаға және т.б. ғылым салаларына  ( «Дәрігерлік ғылымның каноны», «Дауа кітабы», «Өсиеттер мен кеңестер кітабы», «Білім кітабы», т.б.) арналған. ибн Сина математика саласында да шығармашылықпен еңбек еткен. Бұл орайда оның «Білім кітабы» атты трактаты ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл трактаттың математикалық тарауларында геометрия (12 бөлімге бөлінген), астрономия және арифметика мәселелері кеңінен қамтылған. Оның геометрияға арнаған тағы бір трактаты «Усул Илм әл – Хандаса» деп аталады.
Омар Хайям (1048 – 1131) - философ, математик, ақын, астроном, куб теңдеулердің классификациясын жасаумен және оларды шешумен, дәлдігі өте жоғары календарь жасаумен, Евклидтің V постулатын дәлелдеуге әрекет жасауымен және атақты рубаиларымен белгілі. Негізгі математикалық еңбектері: «Алгебра мен әлмүкабала есептерін дәлелдеулер туралы трактат», «Евлид кітабының кіріспелеріндегі қиыншылықтарға түсініктемелер», «Мәлікшаһ астрономиялық кестелері», «Жәлел календары», «Алтын мен күмістен тұратын денедегі оларды анықтау өнері туралы», «Арифметиканың қиындықтары», т.б.
Насыреддин ат – Туси (1201 - 1274) – математик, механик және астроном, философиядан, географиядан, музыкадан, оптикадан, медицинадан, минерологиядан еңбектер жазған әмбебап ғалым. Евклидтің, Архимедтің, Менелайдың, Аполлонийдің, Птолемейдің және т.б. ғалымдардың трактаттарына түсініктемелер жазған. Ғылымға оның 150 – дей трактаттары мен хаттары белгілі. Негізгі математикалық трактаттары: «Толық төртқабырғалық туралы», «Евклидті баяндау», «Арифметика жинағы», «Елхан астрономиялық кестелері», «Астролябияны тану туралы жиырма тараудан тұратын трактат», «Синус – квадрант туралы трактат», т.б.
3. Қазақстан өңірінен әл-Фарабиден кейін де ғылымның сан алуан салалары бойынша өзіндік ой-толғаныстарымен мәшһүр болған көптеген ғұламалар шықты. Олардың ішінен әлам ад-Дин әл-Жауһари (Х-ХІғ.ғ.), Ахмет Фараби (ХІ-ХІІ ғ.ғ.), Жамал ад-Дин Түркістани (ХІІІ-ХІV ғ.ғ.) сияқты ғалымдарды ерекше атап өтуге болады.
әлам-ад-Дин әл - Жауһари – қазіргі Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Фараб маңындағы Жауһардан шыққан математик, астрономиялық аспаптардың шебері болған. Ол математика саласындағы аса күрделі еңбектерімен, астрономиялық аспаптар жасауда және пайдалануда асқан шеберлігімен танымал ғалым, оның тамаша шығармалары кең таралған.
Ахмет Фараби – Отырар аймағынан шыққан математик, «Китаб тадбир ал-хавз фи тадбир ал-ахваз» ( ”Су алаптарын дөңгелек су алабы етіп салу туралы кітап“) атты еңбегімен белгілі. Оның бұл шығармасы дөңгелекті квадратуралау мәселесіне арналған.
Жамал ад-Дин Түркістани - Түркістаннан шыққан, математика мәселелерімен айналысқан ғалым. Ол 1312 жылы өз заманасы үшін озық деп саналған және медреселерде кеңінен пайдаланылған «Китаб әл-әлайа» («Жоғары математика кітабы») атты трактат жазған.
Орта ғасырларда бастауыш математиканы оқыту жөніндегі ой-пікірдің жоғары деңгейге көтерілуі осы сияқты ”кәсіпқой“ математиктердің әрекеттерімен ғана шектелмейді. Ол сонымен қатар ойшыл ақындардың, сөз зергерлері мен дуалы ауыз даналардың сан-салалы көзқарастарынан да көрініс береді. Қараханидтер тұсында (ХІ-ХІІ ғасырлар) ислам дінінің таралуына кең жол ашылғанымен, барлық мәселеде үстем болып келген араб тілінің қолданылу аясы тарыла бастады. Сөйтіп қыпшақ, оғыз, қарлұқ және ұйғыр тайпалары мен халықтарының тілдері негізінде Х-ХІІ ғасырларда түрік жазуы қалыптасты. Ж.Баласағұн, А.Жүйнеки сияқты ойшылдардың тәлім-тәрбиелік мәні зор шығармалары осы кезеңде жазылды.

5- дәріс. Ұлықбек мектебі және оның математикалық жетістіктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет