9 тақырып. Аңдатпа жазу ерекшеліктері



Дата06.12.2022
өлшемі16,03 Kb.
#55274
Байланысты:
9 тәжірибелік сабақ (1)


9 тақырып. Аңдатпа жазу ерекшеліктері.
Аңдатпа (аннотация) (лат. - ескерту, аңдату) - ғылыми мәтінді қысқаша ұсынудың бір түрі. Аңдатпа - кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.
Аңдатпа - мәтін мазмұнының құрылымын анықтайтын, мәтінді ғылыми мазмұндаудың ерекше жанры. Аңдатпа мақаладан баяндалу түрі бойынша жанрлық жағынан ерекшеленеді. Айталық, мақалада белгілі бір тезис қисынды пайымдалып, дәлелденіп баяндалады, ал аңдатпада мақалада баяндалған талдаулар мен дәлелдемелердің қорытындысы беріледі, сондықтан аңдатпа мәтініндегі сөйлемдер жалпылама, ақпараттық сипатта болып, «не туралы айтылды» деген тақырыптық ұғым тұрғысында емес, «не айтылды» деген сұраққа құрылуы керек. Аңдатпа үшінші жақта жазылады.
Аңдатпаның басты мақсаты өте аз тілдік құралдармен зерттеудің мәні мен жаңашылдығы туралы хабарлама жасау арқылы оқырманның назарын аудару, оқырман қызығушылығын ояту болып табылады. Осы екі мәселе нақты қамтылуы керек. Журнал бетінде жарияланатын барлық ғылыми мақалалардың авторлық аңдатпасы болуы тиіс.
Әр басылымның аңдатпа көлемі мен құрылымына қатысты өз талаптары болады. Мәселен, «Вестник Санкт-Петербургского университета» журналына жарияланатын мақалаға берілген авторлық аңдатпа орыс және ағылшын тілдерінде жазылып, аралық ашықтарымен қоса есептегенде 500-900 белгіден тұруы шарт.
Әлемдік тәжірибе бойынша авторлық аңдатпада мақаланың қысқаша мазмұны көрсетіледі. Кейде аңдатпада мақала құрылымы сақталады, яғни кіріспе, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері, әдістері және қорытынды беріледі. Сапалы жазылмаған аңдатпада мақаланың тақырыбы, не тақырыптың мазмұны жалпы сөздермен қайталанып, зерттеудің мәні ашылмайды, мұндай аңдатпалар көлемі жағынан да мардымсыз болып келеді. Аңдатпада шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аңдатпаға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.
Аңдатпа әрқашан тірек сөздермен берілуі шарт.


Аңдатпа жазу үлгісі
Студенттердің тіл мәдениетін арттыру мәселелері
Аңдатпа
Бұл мақалада студенттердің ауызша сөйлеу тілі мен жазбаша тіл мәдениетін дамыту жолдары, атап айтқанда заңгер мамандығында оқитын жоғары курс студенттеріне «Тіл мәдениеті және іскерлік шешендік өнер» пәнін оқытудың практикалық тәжірибесі жинақталып қарастырылады, лингвоэкология аспектісіне жататын мәселелер сараланып, студенттің оқу әрекеттерінің нақты түрлері (таныстыру, баяндама, аңдатпа, абстракт, түйіндеме) сипатталады. Автор тіл мәдениеті машықтарын меңгерген, коммуникативтік біліктілігі артқан, логикалық ойлауы өз деңгейіне сәйкес дамыған, мәдениетті сөйлеуге бейімделген болашақ маман тәрбиелеу және олардың ақпараттық, қарым-қатынас құзыретін дамытып, тіл мәдениетін сапалы меңгерген тұлға қалыптастыруға үлесін қосатындығы туралы ой қозғаған.
Тірек сөздер: тіл мәдениеті, сөйлеу әдебі, норма, әдеби тіл, орфоэпия қағидалары, сауаттылық, тіл тазалығы, лингвоэкология, ауызша сөйлеу мәдениеті, шешендік өнер, рөлдік ойындар, пікірталас.
Тапсырма:

  1. Аңдатпа жазу ерекшеліктерімен нақты мысалдар негізінде танысу

  2. Таңдалған тақырып бойынша аңдатпа жазу

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Подготовка и редактирование научного текста : учебно-методическое пособие /сост. Н. П.Перфильева Москва : Флинта [и др.] , 2016. - С.111
2. Розанова Н.М. Письменная работа студента и аспиранта: как добиться совершенства /Н.
М. Розанова. - Москва : Экономика , 2019. – 122 с.
3. Зачем и как писать научные статьи : [научно-практическое руководство] /Е. З. Мейлихов.Долгопрудный: Интеллект, 2018. – 159 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет