ГильомФрансуа де-Лопиталь (1661-1704) –математикамен өз бетімен шұғылданған отставкадағы офицер. Парижде Иоганн I Бернуллидан математикалық анализ бойынша сабақ алған. Одан математикалық анализдің көптеген мәселелерін үйренген Лопиталь оларды қолданып көптеген есептерді шешті, кейбір жаңалықтар ашты. Оның негізгі табысы - И. Бернуллидің дәрістері негізінде 1696 ж. «Шексіз аздар анализі»атты алғашқы оқулықты жазып, бастырып шығарды, «Лопиталь ережесінің» авторы, Иоганн I Бернулли ұсынған атақты брахистохрона туралы есепті шешіп берушілердің бірі. Соңғы есепті шешкеннен кейін ол оған ұқсас «Лопиталь есебі» деп аталатын есепті ұсынды.
Бернуллилар әулетінің аса көрнекті өкілдері төмендегілер.