1-дәріс. Кіріспе. Математиканың пайда болуы



бет42/42
Дата31.12.2021
өлшемі167,21 Kb.
#21807
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
Байланысты:
4. Дәрістер

– А.Жұмаділдаев. Ол 80-ге жуық ғылыми мақалалардың авторы. Оның мақалалары көптеген шетел­дер­дің, Ресейдің негізгі математикалық жур­налдарында жарияланып, ағылшын тіліне аударылған. А.Жұмаділдаев мына сияқты бағыттарда тамаша нәтижелерге қол жеткізді:

-Формалды векторлық өрісті Ли алге­бра­ларының ішінде қарапайым емес бас өріс­тері болатын алгебраларды нақтылап, кар­тандық типтес Ли алгебраларының екінші когомолиясын есептеуді жүзеге асырды;

-Кососимметриялық мультисызықтық ассоциативті емес көпмүшеліктер кеңістігінің сипаттамасын, 0-Алиа және 1-Алиа алгебра­ларының құрылыстарын жасады, екі жақты Алиа алгебраларының зерттеулерінің Ли алгебраларының коммутативтік коциклдерін зерттеуге байланысты екендігін жүйеледі.

-Дәрежелері 4 және 5-ке тең кососимметриялық теңбе-теңдіктермен анықталатын алгебралардың құрылымдарын бір жүйеге кел­тіріп, Ли коммутатор жағ­дайында айқын емес теңбе-теңдіктердің бесінші дәрежеден бастап пайда болатындығын және олардың екіге тең екендігін дәлелдеді, Лейбниц когомолиялары үшін фактор құрды, Лейбниц алгебраларының қара­пай­ымдылығы туралы ұғым енгізіп, оның қасиеттерін зерттеді.

Тың ғылыми жаңалықтарымен әлемдік қауымдастықты таңғалдырып, қазақ халқын қуантып жүрген ғалымдарымыздың бірі - ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреат­ы, Американың математикалық қоғамы­ның жоғары дәрежелі «Мур» сыйлығының иегері – У.Өмірбаев. Ол еркін алгебрадағы Кон және Каргаполов сынды белгілі ғалымдар қойған математикалық мәселелерді шешіп қана қоймай, 30 жылдан бері шешілмей келген Нагата проблемасының түйінін тапты. Оны 1972 ж. жапонның атақты ғалымы Нагата қойған болатын. Ағылшын тілін еркін меңгерген қазақ ғалымы қазіргі кезде АҚШ-тың Дейтройт қаласында дәріс оқып жүр.



Қорытындылай келе, болашақта әлемді мойындатқан осылар сияқты ғұлама ғалымдарымызды саны артып, «Математика» деген қасиетті ғылымның шетсіз де шексіз әлемінің көгінде қа­зақтың туын тігетін, қазақ ұлтын төрткүл дү­ние­ге паш ететін математиктеріміз көбейе береді деп ойлаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет