Статистикалық таралулар Молекулалар қауырт қозғалыста болғанДықтан, молекуланың жылдам-дығын дәл мына санға тең болады деп айта аламыз. Дегенмен, берілген жылдамдық аралығында қанша молекула болатынын анықтайға болады. Мұны ағылшын ғалымы Максвелл анықтаған. Егер dN жылдамдығы dv интервалында жататын молекулалардың саны болса, онда таралу функциясы
Мұнда N - газ молекуласының саны.
Ықтималдықтар теориясын пайдаланып, Максвелл таралу функциясын, есептеп шығарған.
Бұл таралу формуласы.
Ішкі потенциалдық бөлшек үшін Больцман таралуы:
,
Максвелл заңы - бұл статистикалық заңцылық, себебі, ол ықтималдық теориясына негізделген. Бұл заңдылық ретсіз қозғалыстагы молекулалар саны N неғұрлым көп болса, соғұрлым дәлірек орындалады жэне идеал газ молекуласының ретсіз жылу құбылысына сэйкес келеді.
Молекулардың еркіндік дәрежесі – координаталарға тәуелсіз, дененің кеңістіктегі орнын анқтайды. Материалдық нүктенің кеңістікте үш еркіндік дәрежесі бар. Абсолют қатты дененің алты еркіндік дәрежесі бар.
Идеал газдың ішкі энергиясы:
Ішкі энергия жүйе күйінің функциясы болып табылады.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:
1.Тепе-теңдік күйлер мен процестер, оларды термодинамикалық диаграммаларда көрсету.
2. Идеал газ заңдары.
3. Идеал газ күйінің теңдеуі.
9-дәріс. Термодинамика негіздері (1)
Дәріс жоспары:
1. Термодинамиканың бірінші бастамасы.
2. Изопроцестер.
3. Қайтымды және қайтымсыз жылулық процестер.
Термодинамиканың бірінші бастамасы Термодинамика - барлық жылулық құбылыстарды молекулалық-кинетикалық теорияны кірістірмей, тек энергияның алмасу тұрғысынан түсіндіретін физиканың бөлімі болғандықтан, бастама деген қосымша ат
берілген.
1-ші жүйеге сырттан берілген жылу мөлшері Q оның ішкі энергиясын
үлғайтуға жэне сыртқы күшке қарсы жұмыс A істеуге жұ.мсалады.
Q = DU + A.
Заттың меншікті жылу сыйымдылығы деп - массасы 1 кг заттың температурасын ІКельвинге қыздыруға қажетті жылу мөлшерін айтады.
Молекулалық-кинетикалық теория бойынша 1 моль газдың ішкі
энергиясының өзгерісі
Энтропия – жүйенің бей – берекет дәрежесі болып табылады.
Бір айналым цикл кезінде сырттан алған жылу мөлшері істеген жұмысына тең. Дегенмен, айналымды процесс кезіндегі жүйе алған жылуының бір бөлігін сыртқа қайтарып береді.
Q=Q1-Q2
Q1- алған жылу мөлшері;
Q2 - берген жылу мөлшері.
Айналымды процестің термиялық пайдалы әсер коэффициенті:
Идеал жылу мөлшерінің Карно цикл бойынша жұмыс істесе:
Термодинамиканың 2-ші бастамасы температурасы Т1 жоғарғы жылу көзінен бір айналымда алынатын жылу мөлшері Q1 жұмыстық денеге беріліп, А жұмысын өндіреді. Ал қалған жылудың бір бөлігі Q2, Q2=Q1-A суытқышқа беріледі. Тиімділік тұрғысынаң қараганда, өндірілген жүмыс қыздырғыштан алынған Q1 жылу мөлшерінің қандай бөлігі екенін, ПӘК-нің білуі өте қажет. Бірақ бүл мүмкін емес, яғни бір ғана жылу қозғалтқыштың 2-ші түрдегі мэңгі қозғалғыш перпетум мобелі жасау мүмкін емёс. Бұдан термодинамиканың 2-ші бастамасының негізгі қағидалару шығады:
а) жылу өз бетімен температурасы төмен денеден, температурасы жоғары
денеге берілмейді. Ол Клаузиус тужырымы; DS ³ 0.
б) табиғатта қыздырылып алынған жылуы оған эквивалентті жұмысқа
тікелей айналдыратын процесстің болуы мүмкін емес. Бүл Томсон немесе
Планк тұжырымы.
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары:
1.Термодинамикалық потенциалдар.
2.Темодинамиканың екінші бастамасының статистикалық сипаттамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |