1-дәріс. Кіріспе. Механика. Кинематика (1). Дәріс жоспары: Механикалық қозғалыс материя қозғалыстарының ең қарапайым түрі



бет1/18
Дата03.11.2023
өлшемі1,03 Mb.
#121654
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Физика 1.дәріс


«ӘБІЛҚАС САҒЫНОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ


Дәрістердің қысқаша жазбасы.

«Физика 1» пәні







1-дәріс. Кіріспе. Механика.Кинематика (1).
Дәріс жоспары:
1.Механикалық қозғалыс - материя қозғалыстарының ең қарапайым түрі. Кеңістік және уақыт.
2.Санақ жүйесі. Материалдық нүкте қозғалысын кинематикалық сипаттау. 3.Қозғалыс заңы. Траектория теңдеуі.
4.Жылдамдық және үдеу -радиус –вектордың уақыт бойынша туындысы.
5.Айналмалы қозғалыстың кинематикалық элементтері. Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен үдеу. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу.
Материялық нүкте деп - берілген есепте өлшемі мен формасын
елемеуге болатын денені айтады.
Санақ жүйесі - дененің кеңістіктегі орнын басқа бір кез-келген
қозғалмайтын дене арқылы анықтауға болады. Бүл денені санақ жүйесі
дейміз. Санақ денесі, санақ жүйесі мен осы санақ денелерімен байланысқан
координаталар жүйесінен құралады.
Нүктенің радиус-векторы - деп координаталар басынан берілген
нүктеге дейін жүргізілген векторды айтады.
Дененің қозгшіу траекториясы - деп қозғалыстағы нүктенің
кеңістіктегі сызған нүктесі.
Орын ауыстыру векторы - деп дененің бастапқы орнын соңғы орнымен қосатын түзудің кесіндісіне тең векторлық шаманы айтады. Орын ауыстыру векторы радиустың векторлық өсімшесіне тең:
Жылдамдық - қозғалыс траекториясының шамасымен бағыттас болады. Жылдамдық қозғалысы нүктенің уақыт бойынша алынған радиус векторының туындысы:

Қисық сызықты қозғалыс теңдеуі. Үдеу - материялың нүктенің жылдамдығының уақыт бойынша өзгеру шапшаңцығы.

Қисық сызықты қозғалысты жылдамдықтың шама жағынан өзгеруін сипаттайтын тангенциал үдеу:
аt = u¢.
Нормаль үдеу - жылдамдықтың бағытын өзгеруін сипаттайды:

Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу.
Материялық нүкте шеңбер бойымен қозғалысын Dj бұралу бұрышымен сипаттайды:
Бұрыштық жылдамдық уақыт бойынша алынған бұралу бұрышының туындысы.
Бұрыштық үдеу бұрыщтық жылдамдықтың бұрыш бойынша алынған туындысы:
Бұрыштық жылдамдықтың бағыты бұрғының ілгерлемелі бағыттас. Егер бұрғының сабын нүктенің қозғалысының бағытымен айналдырса, онда ілгерлемелі қозғалысы бағытын көрсетеді.
Бұрыштық үдеудің бағыты -векторымен бағыттас.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет