1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы


Биноменклатура бойынша микроорганизмдердің аталу принциптері. «Штамм», «Клон», «Таза өсінділер» туралы түсініктер



бет12/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81
Байланысты:
лекция

Биноменклатура бойынша микроорганизмдердің аталу принциптері. «Штамм», «Клон», «Таза өсінділер» туралы түсініктер.

Микробтар, немес микроорганизмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар, вирустар), өзара ұқсатығымен, ерекшеліктерімен және қарым-қатынастарымен жүйелендірілген. Бұнымен арнайы ғылым - микроорганизмдерді жүйелеу айналысады. Жүйелеу үш бөлімнен тұрады: жіктелуі, таксономиясы және идентификациялау. Микробтардың таксономиясының негізіне (грек тілінен taxis - орналасуы, реті) олардың морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және молекулалық-биохимиялық қасиеттері алынған. Таксономиялық категориялар төмендегідей болады: патшапық, (патшалық тармағы), бөлім, класс, реті, туыстастық, тұқымдастық, түр, (түр тармағы) және т.б. Таксономиялық категорияның түрлеріне байланысты таксондарды ажыратады - ол біркелкі, ұқсас қасиеттеріне байланысты біріктірілген организм топтары. Микроорганизмдердің аталуын Халықаралық номенклатура кодексі (зоологиялық, ботаникалық, бактериялар номенклатурасы, вирустар) тағайындайды.

Микроорганизмдерді топтастыру кезінде келесідей қасиеттері ескеріледі:

  • Морфологиялық (клетканың пішіні, көлемі, сыртқы түрі, өзара орналасуы) клеткалық құрылымы, спора түзу қабілеті, көбею түрі.

  • Физиологиялық (қоректену типі, энергия алу түрі, оттегінің әсері, патогендігі, температураның әсері және т.б)

  • Культуралдық (қоректік ортада өсу сипаты, түзетін коллонияларының пішіні мен көлемі, түсі, мөлдірлігі, шеттері және беткі бөлігі)

  • Биохимиялық (органикалық заттарды түзу кезіндегі айырмашылықтары)

Таксономиялық бірлік негізі түр болып табылады.

  • Түр – шығу тегі ортақ, ортақ морфологиялық және физиологиялық сипатқа ие, қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларында тіршілік етуге бейімделген организмдер жиынтығы. Яғни бір түрге жататын микроорганизмдер ортақ генотипке ие.

  • Штамм – бірдей немесе әртүрлі табиғи қоректік орталардан, әртүрлі уақыт аралығында бөлініп алынған, бір түрге жататын микроорганизмдердің таза культурасы. Бір түрдің штаммдары ортақ қасиетке ие. Культуралды ашытқылар штаммы

  • Раса деп аталады. Мысалы тағам өндірісінің көптеген салалаларында (нан, спирт, сыра, квас және т.б) қолданылатын Saccharomyces cerevisiae түріне жататын ашытқылар расасы бір-бірінен көмірсуларды пайдалану жылдамдығы, ашыту белсенділігі, түзетін жанама өнімдердің көлемі бойынша өзгешеленеді.

  • Клон – бiр клеткадан алынған дақыл немесе культура. Қәзiргi кезде микрооорганизмдердi анықтау, ажырату үшiн 1 984 жылы қабылданған Бергийдiң «Бактериялар анықтамасы» пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет