1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы


Микроорганизмдердің номенклатурасы



бет13/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81
Микроорганизмдердің номенклатурасы. Микроорганизмдерді топтастыру кезінде екі әдіс қолданылады: табиғи (филогенетикалық) және жасанды классификация. Қазіргі кезде микроорганизмдердің классификациясының барлығы жасанды классификация болып табылады.

Номенклатура–микроорганизмді толығымен зерттеген соң, белгілі бір атау берілуі. Микроорганизмдерді атау үшін, ХVIII ғасырда К.Линней ұсынған бинарлық номенклатураны (екі латын сөзінен тұратын атау) қолданады.Бірінші сөз– түр атауы. Бұл зат есім, бас әріппен басталады, әдетте морфологиялық, физиологиялық немесе ерекше бір қасиетін, мысалы: тіршілік ету ортасын сипаттайды. Екінші сөз– бұл сын есім және кіші әріппен жазылады, түрдің белгілі бір ерекшелігін сипаттайды. Мысалы: Streptococcus lactis микроорганизмінің атауы. Streptococcus–түр атауы. Бұл түрге сфералық пішінді (коккалар), әдетте тізбектеліп орналасатын (морфологиялық қасиет) бактериялар жатады. Екінші сөз тіршілік ету ортасын көрсетеді – сүтқышқылды стрептокок. Микроорганизмдерді атау микроорганизмдер номенклатурасының Халықаралық Кодексі ережелеріне сәйкес жүргізіледі және ол дүниежүзі елдерінде бірдей.

Оқшаулау (идентификация)– микроорганизмдерді тану. Бұл микроорганизмдерді жүйелендірудің үшінші мақсаты. Бактериялар, ашытқылар және саңырауқұлақтар анықтауыштарын пайдаланып, қоршаған ортадан бөлініп алынған микроорганизмдердің атауын анықтауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет