1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы


Микроорганизмдердің практикада қолданылуы



бет2/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
лекция

1 Микроорганизмдердің практикада қолданылуы. Биотехнологиялық процестер халық шаруашылығының əр түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Биология жəне инженерлік ғылымдардың жетістіктері өнімділігі жоғары, өндірістік əдістермен басқарылатын тамақ, дəрі-дəрмек, органикалық заттар жəне т.б. заттардың биотехнологиялық өндірістерінің процестерін жүргізуге мүмкіндік береді.

Биотехнодогияда микрообъектілердің биотехнологиялық əрекетінің қандай түрлерін пайдаланады?

-Өнім болатын клеткалық массаны өсіру. Технологияның мұндай класына вакциналарды, нан ашытқыларын алу процесі жатады.

-Бағалы биохимиялық өнімдердің биосинтезі, олардың кейбіреуі ортаға бөлініп шығады (клетканың сыртындағы өнімдер), кейбіреуі биомассада жинақталады (клетканың ішіндегі өнімдер).

-Биотрансформация нəтижесінде микроорганизмдердің немесе ферменттердің биологиялық іс-əрекеті əсерінен бастапқы химиялық заттың химиялық құрылымының өзгерісі болады, бірақ биосинтезден айырмашылығы 2 заттың химиялық құрылысында салыстырмалы аз өзгеріс болады. Мысалы глюкоизомераза ферментінің əсерінен глюкозаның фруктозаға айналуы. -микроорганизмдердің сұйық ортадан керексіз қоспалармен қоректенуі. Мұнда микроорганизмдер биомассасы ағынды суларды тазарту үшін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет