2 Индустриальді микробиологияның даму тарихы. Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін ерте бастан-ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Олар сүтті ашытып айран, түрлі жеміс-жидектерден шарап, квас және сол сияқты алуан түрлі тағамдарды дайындай алатын болғаи. Ертеде египеттіктер мал азығын әжептәуір сүрлей де білген. Микробтардың пайдалы әрекеттерін қолданып қана қоймай, адам баласы олардың зиянды, бүлдіруші, зақымдаушы әрекеттеріне қарсы күрескен. Мәселен, Қытайда, Индияда және Кавказда шешек ауруына қарсы адамдарға арнаулы препараттар егетін болған. Жүқпалы аурулармен сырқаттанған адамдар бөлектелініп, жеке күтілген. Ал тамақ заттарын бүлініп кетпес үшін түздау, ашыту, қайнату, салқындату, кептіру арқылы сақтаған. Бұлардың барлығы микроорганизмдердің зиянды әрекеттеріне қарсы күресудің ертеден қолданылып келе жатқан басты шаралары болып саналады.Бірақ адам баласы табиғатта микробтардың тіршілік ететіндігін жете білмегендіктен жоғарыда айтылған процестердін, сыры қүпия болып қала берді. Сондықтан да микробтар қатысуымен жүретін процестерді басқаруға мүмкіндік болмады.
Индустриальді микробиологияның даму тарихы негізгі бес кезеңге бөлінеді:
1. Пастер эрасына дейінгі (1865 жылға дейін). Бұл периодта биотехнолгиялық тəсілмен вино, қымыз, нан, айран, қатық сияқты ферментативті тағамдар жасалған.
2.Пастер эрасы (1865-1940ж.ж). Продуцент микроорганизмдері белгілі болып этанол, бутанол, ацетон, глицерин, лимон қышқылы, вакциналардың өндірісін жүргізуге, ағынды суларды аэробты микроорганизмдер арқылы биологиялық тазарту процестерін ұйымдастыруға мүмкіндік туды.
3.Антибиотиктер эрасы (1940-1960ж.ж).Пеницилин, стрептомицин жəне т.б. антибиотиктер ашылып, жануарлардың клеткаларын культивациялау технологиясы тағайындалып вирустық вакциналар алынды жəне стероидты гормондардың биотрансформация технологиясы ашылды.
4.Постантибиотикалық эра (1960-1975ж.ж). Аминоқышқылдардың, микробиологиялық белокты мұнай парафиндерін алу, кір жуатын ұнтақтарда пайдаланылатын ферменттердің технологиялары ашылды. Глюко-жемістік сироптарды алу үшін ферменттерді алып, оларды тасымалдаушыларға бекіту технологиясы тағайындалған. Ағынды суларды аэробты өңдеу, биогаз алу, қатты қалдықтарды анаэробты өңдеу ашылды. В2 жəне В12 витаминдерін, сонымен қатар етті айырбастай алатын микроскопиялық саңырауқұлақты микробиологиялық алыну тəсілі ашылды. Осы периодта биометаллургиярудалардан цинк пен мысты бактериалды сілтілеу туды.
5. Жаңа биотехнологиялық эрасы (1975 жылдан кейін). Микроорганизмдердің генін өзгертуге, оларға өсімдіктер мен жануарлардың жақсы қасиеттерін көшіруге мүмкіндік беретін гендік инженерияның дамуымен сипатталады. Бұл адам инсулинінің, интерферонның, соматропты жəне өсіру гормондарының микробиологиялық технологиясын тудыруға мүмкіндік берді. Диагностикалық препараттардың алуан түрлі негізі болатын көп клондалатын антиденелерді алуға мүмкіндік тудыратын гибридомды технология ашылды. Ортасында геномның құрылуы жүретін “трансгенді” өсімдіктер мен жануарлар пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |