1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы



бет6/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
лекция

Ауыл шаруашылығындағы технологиялық микробиология. Ас белогы. Жануарларды бордақылаған кезде белок қорегі (балық ұны, соялар, горох) қажет. Біздің елімізде мұның бəрі жеткіліксіз. Ашытқылардың арасындағы ең əйгілі Candida қатар техникалық метанол жəне этанол негізінде алу технологиясы бар.

Ас аминоқышқылдары. 20 аминоқышқыл арасында адам үшін ауыстырылмайтын 8 аминоқышқыл бар. Бұл аминоқышқылдар жануар организмінде синтезделмей сырттан қорек арқылы келеді. Лизин, триптофан, треонин сияқты аминоқышқылдар организмдерге қажетті. Олар микроорганизмдердің арнайы штаммаларымен өндіріледі.

Силостық ашытқылар. Шабылған шөптің сақталынуы үшін жəне оның қорек құндылығын жоғарылату үшін силостарға арнайы ашытқылар – микроорганизмдер қоспасын араластырады.

Пробиотиктер. Бұл жануарлар ас қорыту трактісінің пайдалы микроорганизмдері. Оларды кейбір жағдайларда асқа жануар биопрепараты ретінде қосады. Бұл жағдайда бірсегментті асқазаны бар жануарлардың ауыр асты қорытуға көмегін тигізеді. Бактериалды тыңайтқыштар. Табиғатта ауадан азотты жұтып, оны аммоний жəне органикалық түріне айналдыра алатын микроорганизмдер бар. Бұл микроорганизмдермен симбиозда өскен кезде азот қорегін жинақтауға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет