Дайындық кезеңі. Клетканың генетикалық аппараты қайта қалыптасады: ядролық ДНК жіп тәрізді созылып, клетка полюстерінің бірінде немесе орталығында орнығады. Клетканың бұл бөлігі спорагенді зона деп аталады.
Спора сыртқы қабығының құрылуы. Мембраналар арасында құрамы бойынша вегетативті клетка сыртына ұқсас қабат (кортекс) түзіледі. Кортексте пептидогликан – муреинмен қатар кальций тұзы дипиколин қышқылы спора түзу кезінде түзіледі. Содан кейін, мембрана сыртынан бірнеше қабаттан тұратын спора қабықшасы түзіледі. Әртүрлі бактерияларда қабаттар саны мен құрылымы әртүрлі болып келеді. Сыртқы қабат су және еріген заттарды нашар өткізеді, сондықтан, сыртқы орта әсеріне төзімді келеді.