1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы


Микроорганизмдердің қозғалысы. Спора және капсула түзуі



бет19/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81
Байланысты:
лекция

Микроорганизмдердің қозғалысы. Спора және капсула түзуі. Бактериялар арасында қозғалатын және қозғалмайтын формалары бар. Көпшілік қозғалатын бактериялар сұйық ортада белсенді қозғалады. Бұлардың кей бір өкілдері ғана өздігінен қозғалуға бейімді келеді. Бактериялар протоплазмалық талшықтары арқылы қозғалады. Бұл талшықтар кәдімгі микроскоппен қарағанда көрінбейді де электрондық микроскоппен қарағанда өте жақсы көрінеді. Жалпы алғанда бактерия талшықтарының ұзындығы клетканың денесінен аспайды, тек кейбір бактерияларда ғана ол клеткадан бірнеше есе асып түседі.

Бактериялар қозғалысы келесідей жолдармен жүзеге асырылады:

а) сырғанау арқылы. Беткі бөлігі сырғанақ бактерияларға тән қозғалыс түрі.

б) жиырылу арқылы, негізінен спирохеттердің қозғалысы осылай жүзеге асырылады.

в) реактивті қозғалу. Кейбір бактериялар қозғалу үшін белгілі бір мөлшерде сұйықтық бөліп, алға қарай жылжып отырады.

г) талшықтар көмегімен

Бактерия клеткаларындағы талшықтардың саны түрліше болады. Егер бактерияның бір ғана талшығы болса — монотрихты, екі ұшында топталып орналасса— политрихты, талшық бактерия денесін түгел жауып жатса — перитрихты талшықтану деп атайды. Талшықтанудың соңғы түрі бактериялардың басым көпшілігінде кездеседі. Бактериялардың қозғалу жылдамдығы жоғары. Бір секундта клетка өз дене ұзындығынан 30-50 есе ұзын қашықтықты жүріп өте алады. Бактериялардың қозғалуы талшықтардың ось бойынша айналуы әсерінен немесе жиырылуынан жүзеге асады.

Қолайсыз жағдайлардың тууымен кейбір бактериялар спора түзеді. Спорогенді аймақ деп аталатын клетка бөлігінде цитоплазманың тығыздануы жүреді. Спорогенді аймақ қалған цитоплазмадан аралықпен – септамен бөлінеді және аналық клетканың цитоплазмалық мембранасымен жабылады. Спораның қабығымен жабылатын, бірнеше қабаттан тұратын проспора түзіледі. Спора пісіп жетілгенде, аналық клетка өледі. Спора түзу шамамен 1 тәулікке созылады. Әр бактерия клеткасынада бір сондай спора – эндоспора түзілуі мүмкін. Ол жоғары температура, құрғақтық, уытты заттардың әсері және т.б. сияқты қолайсыз жағдайларға аса тұрақты. Қолайлы жағдайға түскен кезде спора өседі. Сонымен қатар ол ісініп, қабығы жарылып, спора ішіндегіден жаңа клетка өседі. Бұл процесс бірнеше сағат аралығында жүреді. Эндоспораларды түзу қабілетіне тек кейбір таяқша тәрізділер ғана ие.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет