1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы



бет30/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81
Байланысты:
лекция

Вирустардың химиялық құрамы. Белоктар. Жануарлар дүниесі вирустарының негізгі компоненті - ақзат. Вирион салмағы 50 пайыздан 90 пайызға дейін белоктан тұрады. Вирус құрамындағы құрылымды ақзаттар: капсид белогы, өзекше белогы, мембрана белогы, суперкапсид белогы және құрылымсыз белоктар (ферменттер) болып бөлінеді. Жануарлар дүниесі вирустарының вирионында ақзаттардың саны түрліше. Мысалы, калицивирустарда 1 ақзат болса, герпесвирус, поксвирустарда 20 – дан 30 – ға дейін құрылымдық ақзаттар бар. Вирустар құрамындағы ақзаттар бактерия, өсімдіктер мен жануарлар белоктары сияқты 20 амин қышқылынан тұрады.Полипептид тізбектеріндегі белок молекуласында 200 – 300 – ге дейін аминқышқылы әртүрлі байланыстарда кездеседі және ондай белоктардың молекулалық салмағы өте жоғары болады. Мысалы, аусыл ауруы вирусының молекулалық салмағы 20000 – 60000 Д. Полипептидтегі белок молекуласының аминқышқылдары өзара пептидтік коваленттік байланыста болады. Аминқышқылдары орналасуының белгілі бір жүйесі бар. Бұл жүйенің ерекшелігі вирустың түріне сәйкес келеді. Әрбір аминқышылында сілтілік (аминдық) топ – (NH2) – және қышқылдық (карбоксилдік) топ (COOH) бар. Олардың өзара пептидтік (NH2 - COOH) байланысы болады. Мысалы, темекі ауруының вирусында пептидтік тізбек 158 аминқышқылдық қалдықтан тұрады. Белоктың түрі тек R – тобы арқылы анықталады. Себебі, а – амин, және а – карбоксилдік топтар пептидтік байланыстарда көрінбей орналасады. 1950 жылы Фридрих Сенгер (екі рет Нобель сыйлығын алған) инсулин деген белоктың құрамын анықтады. Ол белок 2 – полипептид тізбегінен тұрады және өзара дисульфидтік байланыспен бірігеді. Екі тізбекте 52 аминқышқылы бар екен. Белок молекулалары құрылысының төрт түрі болады.

Аминқышқылдарының полипептид тізбегінде орналасу жүйесін белок молекуласының “алғашқы құрылымы” деп атайды. Осындай белоктың алғашқы құрылымы нәсілдік қасиетті сақтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет