Құрғақ ашытқылар. Престелген ашытқыларды 10 % ылғалдылыққа дейін кептіріп алады. Олар ашық-сары немесе ашық-қоңыр қысқа жіңішке тілкем немесе түйіршіктер болып табылады: дәмі – кептірілген ашытқыларға тән, бөтен иіссіз. Құрамында тозаң тәрізді бөлшектердің 10 % дейін болуына рұқсат. Кептірілген ашытқыларды жоғары және бірінші сұрыпты жасайды. Олардың сапа көрсеткіштері қолданыстағы техникалық жағдай (ТЖ) талаптарын қанағаттандыру керек. Жоғары сұрыпты ашытқылар үшін ылғалдылық 8 % артық емес, көтеру күші – 70 мин артық емес, сақталуы– 12 айдан кем емесе болуы тиіс. Бірінші сұрып ашытқылары үшін бұл көрсеткіштер сәйкесінше 10 %, 90 мин және 5 ай. 57 Кептірілген ашытқыларға органолептикалық бағалауы мен олардың көтеру күшін жылдам әдіспен анықтап үйрену үшін № 16 лаборатория-практикалық жұмысты орындау керек (15 қосымша).