1 дәріс. Кіріспе. Техникалық микробиология пәні, мақсаты және дамуы



бет55/81
Дата07.01.2022
өлшемі244,8 Kb.
#20441
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   81
Байланысты:
лекция

Ашытқыларды белсендету. Қамырда ашытқылар оттегісіз жағдайға жақын болады және тыныс алудан ашуға көшеді. Ашытқы клеткаларының ферментті жүйесінде өзгерістер басталады. Тыныс алу ферменттерінің белсенділігі төмендейді, ал мальтаза мен ашыту ферменттері – зимазды кешен – активтеледі. Ашытқы клеткаларының тыныс алудан ашуға ауысу процесіне белгілі бір уақыт талап етіледі. Ол жартылай фабрикаттардың ашу ұзақтылығын арттырады. Ашытқы қамыр немесе қамырдың ашуын жылдамдату үшін белсендетуіді жүргізеді. Сонымен қатар ашытқылар ұйқы жағдайынан белсенді жағдайға өтеді; тыныс алу типті алмасудан ашуға ауысады, олардың мальтазалық белсенділігі артады. Престелген ашытқылардың активтелуі оларды 30-90 мин бойы 30- 32 °С температурада сұйық қоректік ортада ұстауға негізделеді. Активтелу кезінде қоректік заттардың жеткіліксіздігінен ашытқылар көбеймейді. Наубайхана өндірісінде ашытқылады белсендетуді 1-2 сағат жүргізеді. Кептірілген ашытқылар ұзағырақ қоректік заттардың көп мөлшері бар ортада 5-6 сағ. активтеледі. Бұл уақыт аралығында негізінен зимаза активтеледі. Басқа ферменттердің активтілігі төмен, сондықтан газ түзу жылдамдығы толқын тәрізді өседі.

Белсендету престелген ашытқылардың шығынын 25-40% төмендетуге немесе ашу ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік береді. Белсендетілген ашытқыларды көтеру күші 10-15 мин. (жылдамдатылған қалқып шығатын шар әдісімен) және қышқылдылығы 2,5- 3 град болуы керек (бірінші сұрыпты бидай ұны үшін). Сұйық ашытқылар. Сұйық агар деп арнайы дайындалған қайнатылымда алынған ашытқылардың белсенді дақылын айтады. Сұйық ашытқыларды дайындау үшін ұн, уыт, термофильді гомоферментативті сүт қышқылды бактериялар – Дельбрюк таяқшасы мен Saccharomyces cerevisiae түрінің ашытқыларын пайдаланады.



Мелассадан дрожжыларды алу- нан пісіруге арналған дрожжыларды өсіру үшін қоректік ортаны Р тұздары және азот қоспалары бар мелассадан дайындайды. Дайын өнімге құрғақ затқа есептегенде 6-7 % N, 3,6-4,4% оксид фосфоры болуы керек. Мелассаны 1:4 қатынасы сумен сұйылтады, рН-5 ке дейін H2SO4 –пен қышқылдандырылады, арнайы клорификаторларда центрифугалау арқылы ақшылдатады. Центрифугалау кезінде ортадан дрожжының сапасын және түсін нашарлататын заттар алынып тасталады. Осындай 25-45% меласса ерітіндісі ағынды өлшегіш резервуарға әкелінеді. Суық су тұз ерітінділерін жеке ағынды ыдыстарға салады. Дрожжы культурасын көбейтуде келесі кезеңдер ажыратылады:

  1. Лабораториялық

  2. Таза культура

  3. Табиғи таза культуралар

  4. Тауарлы дрожжылар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет