1 Дәріс. «Микробиология биотехнология» пәніне кіріспе. Микробиология саласының даму тарихы. Микроорганизмдердің жалпы белгілері мен алуан түрлілігі



бет10/12
Дата16.12.2023
өлшемі0,82 Mb.
#139937
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
лекция (1) 3

Коваленттік байланыс – электрондардың жалпыландырылуы, ортақ электрондық жұптарының түзілуі екендігін еске түсіре кетейік.
Дисульфидтік байланыс эукариот жасушаларының цитоплазмаларында пайда болады. Прокариот жасушаларында болса, мұндай байланыс түрінің пайда болуына алып келетін жағдайлар қалыптаса алмайды. Егерде, сіздер, құрылымы үшін дисульфидтік байланысы өте қажет болатын ақуызды бактерия жасушасында синтездегіңіз келсе, онда мұндай ақуыздың соңғы конформациясының қалыптаса қоймайтынын есепке алуыңыз керек болады. Сонымен, сіздер жасуша метаболизмін оған жат болып келетін ақуыз синтезіне бағыттағыңыз келетін болса, төмендегі келтірілген аспектілерді білуіңіз керек болады:
– көптеген онжылдықтар бойынша генетиктерде қалыптасқан «бір ген – бір ақуыз» сөз тіркесінің, қазіргі кезде ағат пікір екендігін есіңізде ұстаңыз. Белгілі бір гендер бірнеше ақуызын коделей (кодтай) алады;
– ақуыздың атқаратын қызметтері, олардың молекуласы қабылдайтын пішінге (конформация) байланысты болады;

Бақылау сұрақтары:





  1. Өсімдіктер мен жануарлар клеткалық инженерия әдістері.

  2. Өсімдіктер мен жануарлар клеткалық және ұлпалық инженерия.

  3. Эмбриоинженерия және химераларды алу әдістері.

  4. Өсімдік клеткаларды сомалық будандастыру.

  5. Сомаклоналдық варианттар.

  6. Клеткалық инженерия және клеткалық реконструкция әдістер арқылы жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түрлерін және жаңа сорттарын алу.

  7. Сомаклондарды және химералы жануарларды практикалық пайдалану.

  8. Протеомика нені зерттейді? Бұл бағыттың адамдар үшін маңызы қаншалықты?

  9. Ақуыздарға тиесілі атқарылатын жұмыстарының дұрыс жүруі неге байланысты қалыптасады?

  10. Егерде амин қышқыл түрлері бірдей, бірақ олардың орналасу тəртібі өзгешелеу болса, атқаратын қызметтері бірдей бола ма?

  11. Ақуыздардың құрылымының неше түрін білесіз? Сипаттамаларын айтыңыз

  12. Жасушаларды өзіне тиесілі емес ақуыздарды синтездеуге бағыттау үшін, қандай ерекшеліктерді басты назарда ұстау қажет екендігін еске түсіріңіз

  13. Ақуыз фолдингі дегеніміз не?

  14. Ақуыз фолдингіндегі шаперондардың ролі қандай?




  1. Шаперондардың ерекше қасиеттерін биоинженерлік жұмыстарында пайдалану мүмкіндіктері қандай деп ойлайсыз?

  2. Ақуыздың ыдырауы ненің көмегімен жүзеге асырылады?

  3. Убиквитиндер дегеніміз не жəне олар қандай қызмет атқарады?

  4. Жасушаның ақуыз түзілуіндегі, ақуыздың дұрыс фолдингі жəне олардың ыдырау үдерістерінде өтетін іс-қимылдарының барысын айтып беріңіз

  5. Протеомиканың негізгі мақсаты қандай?

  6. Антисенс-технологиясы дегеніміз не жəне ол не үшін қолданылады?

  7. Протеомиканың болашақта қолданылу мүмкіндігі мен аясы қандай деп ойлайсыз?

  8. Ақуыздың қате фолдингі мүмкіндігін төмендету мақсатында не істелінеді?

Қоршаған ортаның факторлары ақуыз синтезіне əсер ете ме?


14 дәріс тақырыбы: Өсімдіктер және жануарларды клондау технологиясының әдістері. Моноклональды антидене (гибридома) алудың маңызы

Жасушаларды гибридизациялау жұмыстары мен иммунология ғылымының дамуы, олардың өзара тоғысқан тұстарында кейбір мəселелердің шешілуін қажет етті. Осындай өзекті мəселенің қатарында, моноклональді антидене (антитель) алу технологиясын жолға қою болатын.


Адам ағзасына, тосыннан енетін, шығу тегі бөгде биологиялық обьектілерге (микробтар жəне олардың тіршілігінің өнімдері, бөгде жасушалар, өзгертілген өз елементтері жəне т.б.) қарсы тұруда лимфоциттердің маңызы өте зор екендігі бізге белгілі. Ағзаға енген жат биологиялық материалдарға қарсы лимфоциттер деп аталатын ақ қан түйіршіктері, иммуноглобулиндер немесе антиденелер деп аталатын ерекше ақуыздық заттар жасап шығарылады.
Ағзаға енген бөгде биологиялық заттар – антигендерге қарсы күресу нəтижесінде, иммуноглобулиндер оларды залалсыздандырып, іс-əрекеттерін бейтараптандырады. Кейіннен өз қызметтерін атқарып болған иммуноглобулиндер мен антиденелер жиынтықтары, ағзаға қажетсіз зат ретінде сыртқа шығарылады. Алайда, ағзаға ендірілетін барлық тосын денелері (қан сарысуы, ақуыздар, ферменттер, гормондар жəне т.б) көбінесе аралас құрамдағы антигендерінен тұрғандықтан, оларға қарсы көптеген антиденелер бөлініп шыға бастайды. Мысалы, адамның қызыл қан түйіршіктері (эритроциттер) тек қана А (ІІ) жəне В (ІІІ) қан топтарына ғана емес, сонымен бірге резус факторға да антиген болып табылады. Сол сияқты бактериялардың жасуша қабаттары мен вирустар капсидтерінің ақуыздары да əртүрлі антигендер ретінде əрекет етіп, түрлі антиденелердің бөлінуін қоздыра алады. Яғни, иммундалған малдардың қан сарысуы əртүрлі клондардың бөліп шығаратын антиденелері арқасында, əрдайым аралас болып келеді. Бірақ та, зерттеу жұмыстарына антиденелерінің тек бір ғана типі кездесетін – моноспецификалық сарысу (моноспецифическая сывортка) немесе моноклональді антидене (моноклональные антитело) деп аталынатын дəрмегін (препарат) қолдану нəтижелері өте тиімді келеді.
Болашақта қажеттілігіне байланысты спецификалық иммуноглобулиндерді алу мүмкіндігі артады. Нобель сыйлығының лауреаты австралия ғалымы Френк Бернеттің тұжырымы бойынша, əртүрлі антигендерге тек қана өзіндік лимфоциттер ғана сезімтал болады. Былайша айтқанда, əрбір лимфоцит тек қана белгілі бір антиденелер береді. Мысалы, қандай да бір лимфоцит А-бактериясына қарсы иммуноглобулин жасап шығарса, онда келешекте осы лимфоциттің барлық ұрпақтары да дəл сондай иммуноглобулиндер шығарады. Бір жасушаның ұрпақтары клон деп аталатыны белгілі. Сондықтан, қандай да бір антигенге сезімтал лимфоидты жасушадан таралған клондар, осы антигенге қарсы ұқсас əрекет жасайды. Ағзада қандай да бір антигеннің əсері нəтижесіне, тек соған қарсы əрекет ететін лимфоидты клондар белсенділік көрсетіп, зиянды антигенге қарсы иммуноглобулиндер жасап шығарады. Осы клонның көбеюі – ағзаның белгілі бір ауруға қарсы тұратын иммунитетінің пайда болуына алып келеді. Сол себепті, Ф.Бернетт ұсынған теориясын клониалды-селекциялық деп атады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет