Моноклональді антидене деп – бір жасуша клонымен бөлініп шығарылатын антиденелері айтылады. Френк Бернетт ұсынған теория бойынша, жасуша культураларында алынған əртүрлі ß-лимфоциттер клондары арқылы моноклональды антиденелер алып, солардың көмегімен ауруларды дəл диагностикалап, тиісті ем қолдану мүмкіншілігі ашылады. Алайда бұған қарсы жаңа қиыншылық туындады. Ол – антидене құрушы жасушалардың жасанды қоректік ортадаға өмір сүру мерзімі өте аз, яғни небары 10 күн аралықтарына дейін екендігі болатын. Сондықтан бұлардың өсіп-көбеюін ұзарту мақсатындағы зерттеу жұмыстары өз жалғасын тапқан еді. Кейіннен бұл əдіс те ойлап табылды, яғни ол гибридома деген заттың шығуына байланысты мүмкін болды.
Осындай зат алу мақсатында швейцарлық ғалымдар алғаш рет 1975 жылы тышқанның лимфоциті мен жасанды ортада өсірілген сүйек миының қатерлі ісік жасушаларының гибридтерін алуға қол жеткізді. Осы гибридтер гибридомалар деп аталды. Гибридомалар өздері шыққан екі жасушаның да қасиеттерін алғаны анықталған. Атап айтқанда, бастапқы лимфоциттер сияқты олар антиденелер шығара алса, сонымен бірге, ісік жасушаларына тəн қасиет – жасанды қоректік ортада шексіз көбею қабілетіне ие болуы себепті, осы гибридомның көптеген популяциясын түзуге мүмкіндік туғызылған. Ісік жасушаларына ұқсас болуы себепті, оның атын əртүрлі ісіктердің аттарына, мысалы саркома, меланома, миелома, холестеатома жəне т.б. сияқты, ұйқастырып гибридома деп атай бастады.
Гибридома арқылы алынатын антиденелердің бастапқы тегі – ß-лимфоциттің бір жасушасынан тарауы себепті, оларды моноклональды деп атады. Көбінесе қажетті гибридоманы табу үшін, соған ұқсас мыңдағанын зерттеу қажет болады, ал бұл өте қиын жəне ауқымды жұмыс. Бірақ, қажетті гибридоманы табуға кеткен еңбек тез ақталады, себебі кейіннен спецификалық антидене негізінде жасалған дəрілер бағытты əсер етуі нəтижесінде өте тиімді келеді.
Иммуноглобулиндер ғылыми-зерттеу жұмыстары мен қолданбалы медицинада кең қолданыс тапқан. Мысалы, оның көмегімен ағзада ісік бар немесе жоқ екендігін анықтауға болады. Иммуноглобулиндер көмегімен ағзаның қандай да бір инфекциямен ауырғанын дер кезінде анықтаудың да маңызы өте зор. Сонымен бірге, құрамында иммуноглобулиндері бар қан сарысуы кейбір аурулардың алдын- алу мен оларды емдеу үшін де пайдаланылады.
Бақылау сұрақтары:
Өсімдіктер мен жануарларды клондау технологияның әдістері.
Құнды және жойылып бара жатқан өсімдіктердің жабайы түрлерін көбейту және дәрілік өсімдіктерін клондау әдістері.
Апикалды меристема дақылы.
Өсімдік материалын сауықтыру технологиясы және вируссыз көшет материалын алу әдістері.
Клондау технологияны жеміс-жидектер шаруашылығында, әсем гүл және жүзім шаруашылығында пайдалану.
Жануарларды клондау әдістері.
Репродуктивты клондау.
Ұрықтарды клондау, монозиготалы егіздерді алу әдістері.
Эмбрионды клондау.
Иммобильденген ферменттер дайындау қалай жүзеге асырылады?
Иммобильденген ферменттер дайындауда бекітуші субстрат ретінде қандай заттарды пайдалану тиімді?
Жасушаларды қандай тəсілдер арқылы иммобилдеуге болады?
Иммундық жүйенің негізгі атқаратын қызметі не?
Иммундық жүйе қандай негізгі құрамдас бөліктерден тұрады?
Иммундық жауап реакциясының негізгінде қандай əрекеттесулері жатады?
Əртүрлі инфекциялық аурулардың алдын алу үшін егілетін вакциналар ағзада қандай əрекет тудырады? Ағзаның иммундық жүйесінің бөгде антигендерге реакциясы қандай?
Антидене қалай пайда болады?
Иммунитет жəне иммундық жауап дегеніміз не?
Соматикалық рекомбинациялар қалай жүзеге асады?
Ағза сырттан енген жат биологиялық материалдарға қарсы қандай жолмен күреседі? Иммуноглобулиндер дегеніміз не? Спецификалық иммуноглобулиндер қалай дайындалады?
Моноклональды антидене дегеніміз не? Ол қалай дайындалады?
Моноклональды антидене алудың маңызы қандай?
Лимфоидты клондар дегеніміз не жəне ол қалай əрекет етеді?
Гибридома дегеніміз не жəне оның негізгі ерекшеліктері қандай?
Иммундық сарысуы не үшін қажет жəне оны қалай дайындайды?
Иммундық сарысуын қолданудың қандай артықшылықтары бар?
Наноденелерінің қолданылу мүмкіндігі жөнінде материалдар жинақтаңыздар
Антидене кітапханасы деп не айтылады?
Антидене кітапханасын жасақтаудың маңызы қандай?
15 дәріс тақырыбы: Адам, жануарлар және өсімдіктерді жасанды ұрықтандыру әдістері. Өнеркəсіптік биотехнология негіздері.