1 Дәріс. «Микробиология биотехнология» пәніне кіріспе. Микробиология саласының даму тарихы. Микроорганизмдердің жалпы белгілері мен алуан түрлілігі


Антисарысу (антисыворотка) жəне нанодене (нанотело) алудың маңызы



бет34/45
Дата08.12.2023
өлшемі1,63 Mb.
#135043
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
Байланысты:
лекция

Антисарысу (антисыворотка) жəне нанодене (нанотело) алудың маңызы.
Иммундық сарысуын немесе басқаша айтқанда антисарысуын – малдарға немесе адамдарға қандай да бір антигендерді егу жолымен дайындайды. Егерде сізді жылан шағып алса, сізге уға қарсы қолданылатын антисарысуы егіледі. Бұл иммундық сарысуын малдарға, көбінесе жылқыларға жылан уын өміріне қауіпсіз мөлшерде егу жолымен дайындайды. Нəтижесінде жылқы ағзасында жылан уына қарсы антиденелері пайда болады. Осы антиденелерін бөліп алып, жинақтағаннан соң дəрмек ретінде дайындап, жылан шаққан адамдарға удың əсерін бейтараптандыру үшін қолданады. Өз кезегінде сіздің ағзаңыз да жылқы қанында кездесетін антиденелерге қарсы иммундық жауап реакциясын тудырады.
Иммундық сарысу құрамында, кейбіреулері басқаларына қарағанда антигендерді белсендірек тұту қабілетіне ие антиденелердің түрлері кездеседі. Олардың поликлональді, яғни көптеген лимфоциттер клондарынан шыққандығы жөнінде алдыңғы тақырып материалдарынан бізге белгілі. Иммунитет тудыру мақсатында жасалынатын жұмыстарда бұлардың маңызы бір клонды лимфоциттерінен алынатын (моноклональді) антиденелеріне қарағанда бағалырақ деп есептелінеді.
Көптеген антиденелердің антигенмен тоғысуы, антигенді толығынан қамтитын түрлі агрегатты иммунокомплекстерінің пайда болуына алып келеді. Бұл комплекстер салыстырмалы түрде ерімейді жəне кейбір in vivo (тірі ағза) жағдайында қан ағысында тұндырылады. Иммунокомплекстер жиынтығын антисарысуы құрамындағы антиденелерін анықтау мақсатында қолданады. Мысалы, уға қарсы дəрмек алу үшін егіліп, дайындалған жылқыдан алынған қан сарысуы құрамындағы антиген/антидене қатынасы, оған антиген қосу арқылы өзгертіледі. Осындай жолмен қалыптастырылған иммунокомлекстері, ерітіндіде тұндырылады. Жұмыс соңында антиденелері бөлініп алынады.
Кейбір түйе тұқымдары жəне лама жануарларымен зерттеулер жүргізген ғалымдар, бұл малдардың ағзасында нанодене (нанотела) деп аталатын ерекше пішінді антиденелердің кездесетінін анықтаған. Наноденелер – антиденелердің кішкене бөлшектеріне ұқсайды. Бұлардың кейбір пішінділері құрамында жеңіл үзіктілері (цепи) жоқ, тек ауыр үзіктерден тұрады. Басқа жағынан қарағанда, кейбір пішінділері тек қана жеңіл үзіктерден тұрғанымен, ауыр үзіктілерге тиесілі қызметін атқарады екен. Егерде антидене жүйесін «гуманизация» бағытында құрастыру мүмкін болса (көптеген ақуыздарды иммундық жүйені алдап қабылдауға мəжбүрлеу), моноклональді антиденені терапиялық мақсатта қолданудағы кездесетін кейбір кедергілерді жоюға мүмкіндік туылады. Басқа да моноклональді антиденелермен салыстырғанда, наноденелердің көлемі көптеген есе кіші келеді. Сондықтан оларды арнаулы мақсаттарында, мысалы ісік жасушаларына токсиндерді бағытты түрде тасымалдауда қолдану тиімді деген болжамдар жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет