1 дәріс. Модельдеудің түсініктемелері. Модельдеу мақсаты



бет9/20
Дата10.01.2023
өлшемі0,51 Mb.
#60898
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
Байланысты:
КОМП МОДЕЛЬДЕУ

2. Математикалық модельдеу және модель.
Математикалық модельдеу – бұл танымдық-жасанды қызметтің теориялық-экспериментальды әдісі, бұл жаңа объекттерді – математикалық модельдерді құру негізінде құбылыстар, процестер мен жүйелерді (объекттер-түпнұсқалар) зерттеу және түсіндіру әдісі.
Математикалық модель:
объект және объект элементтерінің қасиеттеріне, параметрлеріне, сыртқы әсерлердің күйін сипаттаумен анықталатын математикалық қатыстар (формулалар, теңсіздіктер, теңдеулер, логикалық қатыстар) тілінде жазылған жиынтық;
математикалық символдар көмегімен өрнектелген объектінің
жуық сипаттамасы.
Математикалық модель (mathematical simulation) – объектінің қызметі мен құрылымын сипаттайтын математикалық тәуелділіктер жүйесі, яғни математикалық формулалар мен теңдеулер арқылы өрнектелетін объектілердің математикалық сипаттамалары.
Математикалық модель (mathematical modeling) –процестер мен құбылыстарды олардың математикалық моделінде зерттеу әдісі. Тәжірибе жасауға мүмкіндік болмаған, қиын немесе қолайсыз жағдайларда ғана пайдаланылады. Жеке жағдайда аналитикалық модельдеу болып табылады.
Математикалық модельдер химия, биология, экология, гуманитарлық және әлеуметтік ғылым салалары үшін дәстүрлі модель түрі болып табылады.
3. Математикалық модельдеуде интерпретация.
Интерпретация (латын сөзінен "interpretatio" - түсіндіру, талқылау) қандайда бір жүйе (теория) элементтеріне берілетін мәндер жиынтығы ретінде анықталады. Мысалы, формулалар және жеке символдар. Математикалық аспектте интерпретация – бұл қандай да бір маңызды жүйеге қандайда бір формальды жүйенің бастапқы жағдайын экстраполяциялау. Демек, интерпретация – бұл қандайда бір формальды және маңызды жүйелердің арасындағы сәйкестікті құру деп түсінуге болады. Формальды жүйе маңызды жүйеге (интепретацияланатын) қолданбалы болған жағдайда, яғни формальды жүйе элементтері мен маңызды жүйе элементтері арасында өзара бірмәнді сәйкестік бар екендігі қойылған, фомальды жүйенің барлық бастапқы жағдайы маңызды жүйеден рұқсат алады. Егер формальды жүйенің әрбір элементіне маңызды жүйенің қандайда бір элементі (интерпретант) сәйкес келсе, интерпретация толық деп есептеледі. Егер берілген шарт бұзылса, жеке (частичная) интерпретация орын алады. Математикалық модельдеу кезінде интерпретация нәтижесінде математикалық шамалар (символдар, операциялар, формулалар) элементтерінің мәні беріледі.
Анықтама. Математикалық модельдеуде интерпретация – бұл абстрактілі математикалық объектіні нақты математикалық модельге түрлендірудің ақпараттық процесі. Демек, интерпретацияны математикалық модельдеу технологиясының (құралының) негізін қалаушы механизмдердің бірі ретінде қарауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет