1. дәріс Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Философияның анықтамасы, түрі мен бағыттарының сан қырлылығы



бет6/55
Дата19.10.2023
өлшемі460,45 Kb.
#119477
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Ойлау мəдениеті Ойлау-emirsaba.org

3.Философияның анықтамасы, түрі мен бағыттарының сан қырлылығы.

Пәлсапа немесе философия — адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананыңформасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін,діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққадеген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үндістан, Қытай жәнеГрекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор.


Философия дүниеге көзқарастың бір түрі.Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.

Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.



Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.

Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.



Космоцентризм - әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет