1 дәріс Өндірістік гигиена және санитария


Статикалық электрлік өрістер (СЭӨ)



бет23/26
Дата25.04.2023
өлшемі138,65 Kb.
#86498
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Лекция по ПС (1)

8.1 Статикалық электрлік өрістер (СЭӨ). Бұл-қозғалыста болмайтын электр зарядының өрісі, немесе тұрақты тоқтың стационарлық элетрлік өрісі. Бұлар электрмен, газбен тазалауда, рудаларды және материалдарды электростатикалық жолмен бөліп алуда, сырларды және полимерлі материалдарды электростатикалық жолмен жағу кезінде кеңінен қолданылады. Сондай-ақ диэлектрлік материалдарды жасау өңдеу, тасымалдау кезінде өнімнің электрленуінен электростатикалық зарядтар мен өрістер пайда болатын бірқатар өндірістер мен технологиялық үрдістері (тоқыма, ағаш өңдейтін, целлюлозді-қағаз, химия өнеркәсіптері және басқалары) бар.
Статикалық электрлік өрістің негізгі физикалық параметрлеріне өрістің кернеулігі және жеке нүктелердің потенциалдары жатады. СЭӨ нүктелік зарядқа әсер ететін күштің заряд шамасына қатынасымен анықталады және вольттің метрге қатынасымен өлшенеді (В/м). Статикалық электрлік өрістің энергиялық сипаттамасы өріс нүктелерінің потенциалымен анықталады.
СЭӨ әсер ету жағдайдағы жұмыс істеушілердің денсаулығында анықталатын өзгерістер, әдетте функционалды сипатта болады және астеноневроздық синдромы мен вегетативтік-тамыр дистониясы шеңберінде болады. Объективті көрінісінде өзіне тән көріністері жоқ, айқындылығы онша емес, функционалдық ауытқулар білінеді. Жұмыс орындарындағы статикалық электрлік өрістің кернеулілігінің шектік рұқсат етілген мәндері жұмыс күні бойына әсер ету уақытына байланысты орнатылады. Жұмыс орындарындағы электростатикалық өрістің шектік рұқсат етілген кернеулігі (Еngy ) 1 сағатқа дейінгі уақытта әсер еткенде 60кВ/м артық болмауы тиіс, ал одан да ұзағырақ жұмыс істеген кезде келесі өрнек (формула)бойынша анықталады:

мұндағы t – 1-ден 9-ға дейінгі сағатпен берілген уақыт.
8.2 Тұрақты магниттік өрістер. Жұмыс орындарындағы тұрақты магниттік өрістің көздеріне тұрақты магниттер, электрлік магниттер, тұрақты токтың күшті ток жүйелері (тұрақты токтың берілу желісі, электрлік- магниттік ванналар және т.б.) жатады.
Тұрақты магниттер мен электрлік магниттер аспап жасауда, көтергіш крандардың магнитті шайбаларында, магниттік сепараторларда, суды магнитпен өңдеуге арналған құрылғыларда, магниттік гидрадинамикалық генераторларда (МГД), ядролық магниттік резонанс (ЯМР) және электрондық парамагниттік резонанс құрылғыларында, сондай-ақ физиотерапия практикасында кең қолданылады.
Тұрақты магниттік өрісті сипаттайтын негізгі физикалық параметрлері өріс кернеулігі (Н), магнит ағыны (Ф) және магнит индукциясы (В) болып табылады. Магниттік өріс кернеулігінің СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі ампердің метрге қатынасы (А/м), магниттік ағынның бірлігі– Вебер (Вб), магниттік ағын тығыздығының (магниттік индукция ) бірлігі – тесла (Тл) болып табылады.
ТМӨ 2 Тл дейінгі деңгейлері ағзаға айтарлықтай әсер көрсетпейді. Сонымен қатар, ТМӨ көздерімен жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайындағы өзгерістер болатыны анықталған. Бұл көріністер жиі вегетодистония, астеновегетативті және шеткі вазовегетативті синдромдар немесе олардың қатар жүретін түрінде байқалады. Қан құрамындағы эритроциттер саны мен гемоглобин мөлшерінің төмендеу жағына беталуы, орташа дәрежеде лимфо- және лейкоцитоз болуы мүмкін.
Жұмыс орындарындағы ТМӨ кернеулігі 8 кА/м (10мТл) аспауы тиіс. (1991 ж.) иондаушы емес сәулеленулер жөніндегі Халықаралық комитет ұсынған тұрақты магниттік өрістің рұқсат етілген деңгейлері жұмыс істейтін адамдар, денеге әсер ететін жері және жұмыс уақыты бойынша дифференциаланған. Кәсібі тікелей тұрақты магниттік өріспен байланысты мамандар үшін – толық жұмыс күнінде (8 сағат) әсер еткенде 0,2 Тл; денеге қысқа уақыт әсер еткен кезінде - 2 Тл; қолдарға қысқа уақыттық әсер еткен кезінде - 5 Тл. Халық үшін тұрақты магниттік өрістің үздіксіз әсер ету деңгейі - 0,0011 Тл аспауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет