Көміртегі тотығы СО – иісті газ – аса кең таралған өнеркәсіптік у болып табылады. Ол – көміртегі толық жанбайтын үрдістер жүретін, көміртегі тотығының пайда болуына әкеп соғатын іс жүзінде кез-келген өндірістер кездеседі. Мысалы, СО-ның тұрақты көзіне шойынды, болатты, әр түрлі металлдарды балқыту үрдістері (домналық, мартендік, ұсталық, құю цехтары), көмір өндіру, химия индустриясы (көмірсутектер, аммиак, формалин, метил спиртінің т.б. өндірісі), отын энергетика кәсіпорындары, темекі, нан өндірісі, қалдықтарды қайта өңдеу, тракторларда жұмыс істеу, автокөліктер жатады.
Ағзаға тыныс жолдары арқылы түсіп, көміртегі тотығы гемоглобин байланысынан оттегін ығыстырып шығарады да карбоксигемоглобин (COHb) түзеді, бұл тұрақтылығымен ерекшеленеді және оттегіні тасымалдайтын қабілеті жоқ. Әдеттегі жағдайларда ағзада эндогенді карбоксигемоглобин аз мөлшері түзіледі, бірақ оның ересек адамдардағы деңгейі HbO2 жалпы санының 5%-нан аспайды. Көміртегі тотығы сырттан көп мөлшерде түскен кезінде карбоксигемоглобиннің мөлшері күрт жоғарлайды, ауыр жағдайларда – 70-80% жетеді. Соның нәтижесінде гипоксемия дамиды, СО-ның ауадағы мөлшері мен COHb-нің қандағы концентрациясы қаншалықты жоғары болса, гипоксемияда соншалықты айқын болады. COHb түзілуі салдарынан тіндерге гемоглобин жеткізген оттегінің босап шығуы да қиындайды. СО үлкен концентрацияларында әсер еткен кезде де, тіндік тыныс алуға қатысатын құрамында гемі бар ферменттердің белсендігі төмендеуі салдарынан тіндік тыныс алу да төмендейді.
Оттегі тапшылығына ми тіні ең сезімтал болып табылады, соған байланысты улану көрінісінде орталық жүйке жүйесіндегі болатын өзгерістер бірінші кезекте байқалады. Қан тамырларының өткізгіштігі жоғарлайды, бұл қан құйылуларға, трофикалық бұзылыстар дамуына, тіпті әр түрлі мүшелерде – бас миында, өкпеде, асқазан-ішек жолында некроз дамуына дейін жеткізеді.
Көміртегі тотығымен улану жедел және созылмалы болуы мүмкін. Жедел уланудың жеңіл түрлері көміртегі тотығының ауадағы концентрациясы бірнеше жүздеген мг/м3 дейінгі деңгейінде қысқа уақыт әсер еткенде дамиды, ауыр уланулар бірнеше жүздеген мг/м3–тен мыңдаған мг/м3-кедейінгі концентрацияларында дамиды (ШРЕК - 20 мг/м3). Иісті газдың концентрациялары 1000 мг/м³ дейінгі ауамен тыныс алған кезде, уланудың бірінші белгілері 5-10 минуттан кейін-ақ пайда болады. Иісті газдан жеңіл дәрежелі жедел улану кезінде бас ауыруы, самай тұсында қысу сезімі, бас айналу, аяқтарының әлсізденуі, ұйқышылдық, жүрек айну, құсу, кеденің ауыруы және қысылуы байқалады. Қандағы COHb концентрациясы – 20% дейін жетеді. Орташа ауырлықты уланулар кезінде ұзақтықтағы әр түрлі естен тану, тырысулар (сіңір тартылуы) дамиды. COHb деңгейі – 30-40% дейін. Ауыр улану терең комамен, тырысулармен, еріксіз зәр жіберу және үлкен дәретке отырып қоюмен сипатталады, өліммен аяқталуы мүмкін. Қандағы CоHb концентрациясы 40-80% дейін жетуі мүмкін.
Ауыр улану даму мүмкіндігі иіс газының әсері есі сақталған күйдің өзінде де мән-жайды түсінбеуі себепті немқұрайлы қарауын немесе тіпті жағымды маужырау сезімін тудырады, соның салдарынан адам қауіпті жерде тастап шыға алмайды.
Жедел улануды бастан өткергеннен кейін ұзақ уақыт бойына адамда есте сақтау қабілетінің айқын төмендеуі, эмоционалды тұрақсыздық, көру және есту өткірлігінің төмендеуі, вестибулярлық бұзылыстар, жекелеген жағдайларда орталықтан болған салданулар, қимыл, сезу, трофикалық бұзылыстары, артериалды гипотония, ишемиялық құбылыстар және т.б. байқалады.
Созылмалы уланулар көміртегі тотығының ауадағы концентрациясы бірнеше ондаған мг/м3 аспайтын концентрацияларда орын алады. Ол көп түрлі және көміртегі тотығынан уланудың өзіне тән емес белгілермен білінеді. Астеновегетативті бұзылулар, невриттер дамуы, сөйлеуінің бұзылуы, жартылай салданулар, жүрек тұсында үнемі ауыруы, жүректің қағуы, ентігу, стенокардия белгілері, артериалдық қан қысымның төмендеуі, аритмия, диспепсиялық өзгерістер анемия және т.б. дамуы мүмкін.
Алдын алу шаралары жабдықтарды герметизациялау арқылы СО шығатын көздерін шектеуден, тиімді жергілікті және жалпы ауа алмастыратын желдету түрлерін орнатудан, сонымен қатар аэрация жүргізуден тұрады. Жұмыс істейтін бөлмелер ауасындағы көміртегі тотығының концентрациясы қауіпті жоғарылауы кезінде іске қосылатын автоматты дабылқаққыш құрылғылармен жабдықталуы тиіс. Концентрациясы 200 мг/м3 дейін болатын иісті мөлшері жоғары жағдайда төтенше жұмыстар жүргізу қажет болған кезде қауіпті зонада болу уақытын шектейді, ал концентрациясы аса жоғары болған кезде жұмысты тек противогаздарда орындайды. Иіс газы әсер ететін мүмкін игілігі бар жұмыстарды орындауға жүйке жүйесінің, қан аурулары, тыныс алу мүшелерінің аурулары бар адамдарға рұқсат етілмейді.