3 Экология бөлімдері. 1.Аутэкология - особьтар экологиясы. Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.
2. Демэкология- популяциялық экология. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.
Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайларын, құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.
3. Синэкология- қауымдастық экологиясы. Қауымдастықдегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.
4.Экологияның негізгі бағыттары Қазіргі уақытта экология ғылымының көптеген бағыттары бар:
1.Классикалық экология - биологиялық жүйелердің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді.
2.Глобалъды экология - биосфераның бірлігін және тұтастығын зерттейді.
3.Қоғамдық экология - қоғам мен қоршаған орта жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады.
Геоэкология - әртүрлі деңгейдегі геожүйелерді және оларғаантропогендік өзгерістердің әсерін зерттейді.
Адам экологиясы - адамның табиғи мәнін, оның тіршілік
ортасының экологиялық факторларының денсаулыққа әсерін зерттейді.
Қолданбалы экология -агрожүйе байланыстарын, қалаэкожүйесін, техносфераның қоршаған ортамен байланысын зерттейді.
Экологиялық мониторинг - бұл қоршаған орта жағдайын
болжау, бағалау, талдау мен бақылау жүйесі.