5. Экологиялық зерттеу әдістері.
Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар. Далалық зерттеу әдісі – далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу обьектілері – особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері (биоценоз, биогеоценоз, экожүйе), т.б. болуы мүмкін. Далалық зертеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т.б. обьектілерінің жәйі, сандық қатынасы немесе сапасы, ауытқулар мен өзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке қатысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар мен материалдар жинақталады. Материлдарды жинақтау жылдың барлық мезгілінде және бірнеше жылдар бойы жүргізіледі. Лабораториялық зерттеу әдісінде – далалық материалдар лабораториялық жағдайда өңделеді.
Зерттеу обьектілері лабораториялық жағдайда эксперимент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тәжірибелер жүргізіледі. Экологияда математикалық әдістер мен модельдеу жиі қолданылады. Соңғы жылдары биоэкологиялық зерттеулер мен құбылыстарды модельдеу қолданылып жүр.
2-3-дәріс Аутэкология. Организм және қоршаған орта. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі.
Жоспары:
1. Аутэкология –экологияның бір бөлімі.
2. Жер бетіндегі организмдердің таралуы.
3. Тіршіліктің пайда болу теориясы.
4. Биосфера эволюциясы.
5. Организдердің негізгі тіршілік орталары:
6. Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм.
Негізгі түсініктер: биологиялық ырғақтар, фотопериодизм, биолюминесценция, гидробионттар, геобионттар.
1. Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейтін экологияның бір бөлімі.
Қазіргі кезде «Қоршаған орталық ортаны», «Техногендік орта», «Антропогендік орта», «Өндірістік орта» деген терминдер жиі пайдаланады. Осы аталған орталар адаммен өзгертілген. Ортаның өрганизмге әсері жеке факторлар арқылы бағаланады.
2. Жер бетінде организмдердің таралуы.
Планетамызда 2 млн. астам тірі организмдердің түрі тіршілік етеді. Фауна мен флора жер бетінде біркелкі таралмаған . Климаттық жағдайларға байланысты арнайы өсімдіктер қауымдастығы қалыптасады- тропикалық жауынды орман , таулы орман , тундра , тайга, сованна немесе шөлдала.
Биогеографиялық облыстар :
1.Голарктикалық (Солт.Америка Гренландиясыз, Евразия Индиясыз, Исландия, Корея, Жапония, Солт. Африка)
2.Палеотропикалық (Оңт. Африка, Мадагаскар , Индия және ИндоКитай)
3.Австралиялық (Австралия, Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия, Океания)
4.Неотропикалық (Оңт. және Орт. Америка)
5.Антарктикалық (Антарктика)
Достарыңызбен бөлісу: |