Топырақ тіршілік ортасы. Жер бетінде топырақ түзілу процесі ұзаққа созылған биогеохимиялық айналымның жеміс. Топырақтағы организімдердің экологиялық топтары.
Геобионттар – топырақтың тұрақты тіршілік иелері. Олардың барлық тіршілігі топырақта өтеді. Негізгі өкілдері: микроорганизімдер, қарапайымдылар, ұсақ жәндіктер, жауын құрттары, т.б.
Геофильдер – тіршілігінің біраз бөлігі топырақпен байланысты организімдер. Оларға: шегірткелер, қоңыздар, қандалалар, ұзынаяқтылар, масалар, т.б. жатады.
Бәрінің де личинкалары топырақ астында дамып ересектері жер бетінде тіршілігін жалғастырады.
Геоксендер – топырақ қабаттарын уақытша немесе тұрағы (мекені) үшін ғана пайдаланушылар. Оларға: қоңыз, қандала, сол сияқты ерекшеліктеріне қарай да бірнеше топтарға бөлінетін жәндіктер жатады.
Топырақта мекендеушілеріне жануарлардың келесі тобы жатады.
Микрофауна(ұсақ топырақ жануарлары).
Тірі организмдердің өзі – тіршілік ортасы. Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің ішінде көптеген олардың өкілдері екінші бір организмдерді-паразиттер немесе арамтамақтар деп атайды. Барлық паразиттер немесе арамтамақтар деп атайды. Барлық паразиттер: эктопаразиттер (иесінің сыртқы денесінде кездесетін – кенелер, сүліктер, бүргелер, масалар, т.б. ) және эндопаразиттер (иесінің ішкі мүшесінде кездесетін-құрттар, бактериялар, вирустар, қарапайым паразит өкілдері,т.б.) деп жіктеледі.
Ағзалық тіршілік ортасында ағзалар паразиттік және жартылай паразиттік тіршілік етеді.
Ағзаның адаптациялық биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм. Табиғаттағы жүйелі ауысып келіп отырған факторларға байланысты өсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде құбылыстарға үйлесе дамитын бейімделушілік қалыптасады. Осы құбылыстарды биологиялық ырғақтар дейді. Кез-келген табиғи ағзалар үшін табиғи ритмдерді ішкі (өзінің тіршілік әрекетіне байланысты), сыртқы (қоршаған ортадағы циклдық өзгерістер) деп бөледі. Фотопериодизм дегеніміз организмдердің тәуліктік жарық пен қараңғы мерзімінің ұзақтығына байланысты оған жауап беру реакциясы.