1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет10/85
Дата03.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#112868
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85
Байланысты:
1 дәріс Психология пәні, салалары және даму тарихы-emirsaba.org

Топтық тренинг. Топтық немесе басқаша айтқанда, әлеуметтік психологиялық тренинг ретінде қарым-қатынас жүйесіндағы білім беpy және іскерлікке үйретудің ӛзіндік түрлерін, сондай-ақ оларға сәйкес коррекция түрлерін түсінуге болады. Топтық тренинг амалдарымен шешілетін мәселелелер шеңбері кең әрі алуан түрлі, сондықтан тренинг түрлері де әр түрлі болады. Әлеуметтік психологиялық тренингтің барлық түрлерін екі үлкен топқа бӛлуге болады:
  1. әлеуметтік икемділікті дамытуға бағытталған (мәселелен, пікір сайысын жүргізе білу, тұлғааралық дау-дамайларды шешу);


  2. қарым-қатынас жасау жағдайын талдау тәжірибесін тереңдетуге мақсатталған.


Әлеуметтік психологиялық тренинг әдістері екі үлкен салаға бӛлінеді: топтық пікір сайыс және ойындар. Топтық пікір-сайыс әдісі кӛбінесе белгілі бір жағдайларды, топтың ӛзін-ӛзі талдау түрінде пайдаланылады. Әлеуметтік психологиялық тренингтің ойын әдістерінің ішіндегі рӛлдік ойындар әдісі кең таралған. Аталған әдістердің әр біреуі жеке қолданылуы мүмкін, бірақ олар кӛбінесе, бірнеше әдістер жиынтықтары енетін кешендік бағдарламалардың құрамдық бӛлігі болады.


Түрлі психикалық құбылыстардың кұрылымын функциялар мен параметрлерді шамамен жорамалдауда, эксперименттік материалдарды талдауда, модельдерді құрастыруда факторлық талдау деп аталатын математикалық-статистикалық әдіс қолданылады. Математика қазіргі кезде кӛптеген ғылымдардың зерттеу әдістеріне кеңінен еніп отыр. Психологияда мұны алғаш қолданған ағылшын психологы Ч.Спирмен. Осы әдіспен адам интеллектісін (ақыл-ой), оның музыкалық, математикалық қимыл-қозғалысы т.б. қабілеттерінің белгілі шамасын белгілеуге болады. Мәселен, осы әдісті психологтар адамның жоғары нерв қызметі қасиеттерінің құрылымын (Б.М.Теплов, В.Д.Небылицын) зерттеуде пайдаланды. Күрделі корреляцияларды факторлық талдауға салу, электрондық ӛлшеуіш машиналарының (ЭВМ) кӛмегіне де сүйенеді.


Зерттеу материалдарын сапа жағынан ӛңдеу. Психологиялық зерттеулерде әр түрлі психикалық процестердің заңдылықтары мен ерекшеліктерін ашу және тұлғаның қасиеттерін анықтау үшін қарастырылған әдістердің барлығы да кеңінен пайдаланылады. Кез келген әдісті дұрыс қолданғанда, ең алдымен тұлғаның психикалық кӛріністерінің сапалық сипаттары анықталып, тіркеледі, яғни зерттеу міндеттеріне сәйкес фактілі деректер дәлме-дәл іріктелінеді де дұрыс түсіндіріледі.
Сапалық талдау жүргізген кезде жаңадан қалыптасып, не дамып келе жатқан психикалық кӛріністерге баса назар аудару керек, ӛйткені, бұл адамға қазір ненің тән екендігін ғана емес, сондай-ақ оның психикалық даму перспективасын болжауға мүмкіндік туғызады.
Алайда, зерттеу нәтижелерінің объективтілігі зерттеліп отырған психикалық құбылысты суреттеуді және сапалық сипаттама беруді ғана талап етпейді. Әрқашан да табылған қасиеттің типтілігін анықтап, дәлелдеудің маңызы зор. Бұл, зерттеу материалдарын сандық ӛңдеуден ӛткізу негізінде іс жүзіне аса алады.

Зерттеу материалдарын сан жағынан ӛңдеу. Психологияда сан жағынан талдау үшін, басқа ғылымдардағы сияқты материалды математикалық ӛңдеуден ӛткізу әдістері әсіресе, кӛрсеткіштердің орташа сандық мәнін анықтауға мүмкіндік беретін варияциялық статистика әдісі кеңінен қолданылады.
Зерттеу нәтижелерінің дұрыстығын анықтау үшін статистикалық әдістердің ерекше маңызды мәні бар. Статистикалық әдістер белгілі бір кӛрсеткіштердегі айырмашылықтардың сенімділігі туралы, олардың осы құбылыстағы типтілігі және нормадан ауытқу шектері туралы, қанша адамның сыннан ӛту қажеттігі туралы математикалық дәлдікпен пікір түюге мүмкіндік береді.
Психикалық зерттеулер нәтижесін ӛңдеу үшін альтернативалық, корреляциялық, дисперциялық және факторлық талдау әдістері неғұрлым кең пайдаланылады.

Альтернативалық талдау. Альтернативалық (таңдауға мәжбүрлік) талдау кезінде кез келген жағдайда болуы да, болмауы да мүмкін психикалық құбылыстардың белгілері, қасиеттері, сапалары зерттеледі. Осы белгілердің сандық кӛрсеткіштерде кӛрінуін альтернативалық талдау деп атайды. Альтернативалық талдаудың сандық кӛрсеткіштері бірнешеу. Әдетте құрылым кӛрсеткіштерімен арақатынастар кӛрсеткіштері жиірек қолданылады. Құрылым кӛрсеткіші бӛлшек пен бүтін арақатынастар кӛрсеткіші бүтіннің бӛлшектері арасындағы процент пен берілген қатынасты сипаттайды.
Барлық сыналатындардың қай бӛлігінің белгілі бір белгілерге (мәселен, зейіннің тұрақтылығы, есте сақтау тәсілдері тағы басқалар) ие, ал қай бӛлігінің оларға ие емес екендігін аныңтау керек болған жағдайда құрылым кӛрсеткіштерін табады. Белгілі бір қасиетке ие сыналушылар топтары арасындағы қатынастарды ашу үшін арақатынастар кӛрсеткіштері анықталады. Мысалы, есте сақтау процесін зерттеу кезінде қандай материалдың есте тұрақты сақталатындығын және материалдың белгілі бір түрін есте нық сақтауға бейім сыналушы топтар арақатынасының қандай екендігін анықтау қажеттілігі туады. Альтернативалық талдау сыналушыларда белгілі бір қасиеттердің, белгілердің бар екенін анықтауға мүмкіндік береді, бірақ оның кӛмегімен белгілер арасында тәуелділік бар-жоғын анықтауға болмайды.


Корреляциялық талдау. Психикалық құбылыс белгілерінің ӛзара байланыс дәрежесін (екінші сӛзбен айтқанда, байланыс тығыздығын) корреляциялық (арақатыстық) талдаудың кӛмегі арқылы сипаттап беруге болады.
Мәселен, жас пен ырықты есте сақтаудың арасындағы тәуелділік корреляциялық болады, ӛйткені жастың белгілі бір ӛзгерісі кезінде ырықты еске сақтаудың белгілі бір ӛзгеріскс ұшырағаны байқалмайды. Бұл ырықты есте сақтаудың ӛзгеруі тек жасқа ғана емес, басқа факторларға да: еріктің даму деңгейіне, есте сақтау кезінде зейінді шоғырландыруға, есте сақталатын материалға деген ынтаға тәуелді екендігімен түсіндіріледі.


Дисперсиялық талдау. Корреляциялық сияқты дисперсиялық (ажырату) талдаудың да міндеті - зерттеліп отырған белгілер арасында ӛзара байланыстың бар-жоқтығын аныңтау. Ал корреляциялық және дисперсиялық талдау арасында елеулі айырмашылықтар бар. Корреляциялық талдау байланыс тығыздылығының мӛлшерін тек эксперимент үшін мәні бір белгілер арасында анықтауға мүмкіндік береді. Дисперсиялық талдау кезінде зерттеліп отырған белгілерге әсер ететін факторлардың бағасын алуға және олардың әрқайсысының әсер ету мӛлшерін анықтауға болады. Мұндай жағдайда экспериментші зерттелетін белгілерге тигізетін әсері зерттелуі қажет факторлар шеңберін ӛзі анықтайды. Белгілі бір факторлардың зерттеліп отырған белгілерге әсер етуінің алуан түрлілігін сипаттайтын ӛлшем дисперсия болып табылады. Дисперсияның мӛлшерін, оның құрамын осы дисперсиялық талдау кезінде аныңтайды. Сӛйтіп, ырықсыз есте сақтау процесін зерттей отырып,
экспериментші ӛзі ырықты есте сақтауға әсер етуші ретінде зерттегелі отырған факторларды дисперсиялық талдау үшін ӛзі беліп алады. Математикалық аппаратты пайдалана отырып, ырықты есте сақтау үшін бӛлініп алынған факторлардың кайсысы маңыздырақ және басқа факторлардың ролі қандай екенін анықтауға болады.


Факторлық талдау. Психологиялық зерттеулер нәтижелерін ӛңдеудің анағұрлым күрделі әдісі факторлық талдау болып табылады. Бұл әдістің күрделілігі факторлық талдаудың алдында бірнеше әзірлік кезеңі болатындығында, оның барысында факторлық талдау белгілерінің шамасы айқындалады, осы белгілерді сандық белгілеу ӛткізіледі және корреляциялық матрицалары, яғни әр белгінің белгілі бір жүйенің барлық белгілерімен байланысы тығыздығын бейнелендіретін корреляция коэффициенті кӛрсетілген таблица құрастырылады. Корреляциялық матрицалар факторлық талдау үшін материал болады. Мұнда, бір мезгілде кӛптеген сандық деректерді есептеуге тура келетіндіктен, матрицаларды ӛңдеу есептегіш қондырғының кӛмегімен жүзеге асырылады.
Факторлық талдау тәуелді және тәуелсіз факторлардың санын, факторлардың топтағы салмағын анықтауға және зерттеліп жатқан құбылысқа әсер ететін белгісіз факторларды табуға мүмкіндік береді. Психологиялық зерттеулерді жүргізу кезінде зерттеу әдістерін нақтылы әдістемелерді сондай- ақ нәтижелерін сандық жағынан ӛңдеудің әдістерін тура таңдай білудің манызы зор. Алайда, әдіс қаншалықты сәтті және дұрыс таңдалып алынғанымен әдістер жүйесін пайдаланған жӛн. Мұндай жағдайда неғұрлым толық, терең мазмұнды, ал ең бастысы объективті нәтижелер алуға мүмкіндік туады.


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет