1 дәріс: Психология пәні, салалары және даму тарихы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі



бет38/85
Дата03.10.2023
өлшемі0,82 Mb.
#112868
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85
Байланысты:
1 дәріс Психология пәні, салалары және даму тарихы-emirsaba.org

Иіс түйсіктері. Иіс түйсігінің рецепторы да дистанттыққа жатады. Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық заттардың микроскоптық бӛлшектерінің әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады. Иіс түйсіктерінің түрлері кӛп (хош иіс, сасық иіс, ӛткір иіс т.б.). Бірақ бұлар әлі күнге дейін белгілі классификацияға түспеген. Ӛйткені оларды дәм түйсіктерінен ажырату кейде қиынға соғады. Сондықтан да біз кӛбінесе белгілі бір иістің атын атаудан гӛрі, иіс шығарып тұрған затты
атаймыз (темекі исі, газ исі, шӛп исі т.б.). Иіс түйсіктері адамның тұрмыс салтына, қызмет бабына қарай да ерекше дамып отырады.
Адамның иіс түйсіктерінің қоршаған ортаны бағдарлаумен байланысы аз. Иістің бұл қызметін кӛру мен есту билеп тӛстейді. Иіс түйсігінің дамымағандығы мен тұрақсыздығына тілімізде оларды атайтын арнайы сӛздердің жоқтығы да дәлел, түйсіктер ӛзін тудыратын заттардың абстрактыланбағандықтан «шӛп иісі», «шіріген алма иісі», «гүлдің иісі» деп айтылады.
Иіс сезгіштігі дәм білумен тығыз байланысты, тағамның сапасын ажыратуға жәрдемдеседі. Иіс организм үшін қауіпті ауасы бар ортадан сақтандырады, кейбір жағдайларда заттардың химиялық құрамын анықтауға кӛмектеседі.
Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген. Мәселен, олар бӛтен адамдарды, түрлі нәрселерді алыстан-ақ исінен «таниды». үйге кірген адамдарды да, білетін кӛшесін де, тұрған үйін де олар иісіне қарап оп-оңай айыра алады. Түрлі иістердің табиғатын зерттейтін ғылым саласы олтфактроника деп аталады.
Иіс түйсіктері адамның кӛңіл күйіне, жалпы психикасына жағымды не жағымсыз әсер қалдыруы мүмкін. Мәселен жұпар иісті гүл - адамның кӛңілін сергітсе, шылымның түтіні - басты ауыртады. Парфюмериялық заттардың сапасын арттырып отыру - адам психикасына қолайлы әсер етудің бір факторы екендігі даусыз. Гипократ пен Әбу Әли Ибн Сина (Авиценна) хош иісті заттарды науқастарды емдеуге пайдаланған. Мысалы: Фитопрофилактика. Фитотерапия әдістері арқылы аурудың алдын алу, денсаулықты қалпына келтіру, сақтау және нығайту мақсатында ӛсімдіктерді пайдалану жолын Ибн Сина ӛзінің «Емдеу ғылымының қағидаларында» осыдан мындаған жылдар бұрын жазған еді.
Американың зерттеушілері кейбір шӛптердің иісі адамның жұмыс қабілетін арттыратынын зерттеп білді. Аромотерапия. Аромопрофилактика әдісі арқылы жүргізуге болады. Эксперимент кезінде олар шағын ғана бӛлмеге бірнеше адамды компьютер экраны алдына отырғызып, экрандағы бейнеге байланысты белгілі бір тетіктерді басуға бұйырды. Жұмыс күрделі болмағанымен, бір сарынды, оның үстіне зейін қоюды керек ететін жұмыс еді. Адамдардың шарғаны байқалған кезде әрқайсысына тыныс алатын маскі арқылы ауамен қоса әр түрлі иістер жіберді. Сонда адамның жұмыс қабілетін жиырма пайыз арттыратын ең тиімдісі жалбыздың иісі болып шықты. Пижма (шетен), камфора иісі ми қызметін жақсартатыны, ал жусанның хош иісі бұлшық еттің жиырылу күшін ӛсіретіні анықталған. Невроз кезінде шырша не валериан сығындысы қосылған ванна қабылданады. Ол кӛңіл кӛтереді, тәбетті жақсартады. Раушан гүлінің иісі әлсіреген, шаршап қажыған кезде адам күшін, әлін қалпына келтіреді.
Мектеп оқушыларының иіс түйсіктерін тәрбиелеу - мұғалімдердің тӛл істерінің бірі. Мұғалім сабақ үстінде де, сабақтан тыс кездерде де баланың айналасындағы заттарды жан-жақты танып білуде, мәселен, ауаның тазалығын дұрыс талғай білуге, орманның, гүлденген бақтың, шабындықтың хош иістерін,
қарағай, шырша ағаштары шайырының жұпар иісін, теңіз жағалауындағы ауаның тұзды-сортаң иісін сезетіндей мүмкіндік туғызуы қажет. Оқушылар бұлардың қайсысы пайдалы, қайсысы зиян екенін (мәселен, бұзылған тамақ, иіс тигізетін газ, түтін т. б.) айыра білетін болуы қажет.
Кӛптеген жануарлар үшін иіс - негізгі дистанттық рецептор, жануарлар иіс бойынша азығын іздеп табады немесе қауіп-қатерден сақтанады. Адам ӛмірінде иіс рецепторының рӛлі аса күшті болмағанымен, тіршілік ортасы мен ӛмір тәжірибесіне сәйкес күшейіп, жетіле түседі. Иіс түйсіктері адамның тұрмыс салтына, қызмет сипатына қарай дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет